Надя апай өте мейірімді болды

Сәуле РЫСҚҰЛОВА,
Тұрар Рысқұловтың қызы,
биология ғылымдарының докторы, академик:

«Менің шешемнің аты-жөні – Әзиза Түбекқызы Есенғұлова. Әкемді 1937 жылы 21 мамырда қамауға алған соң, отбасын да қудалай бастады. Екі айдан соң шешемнің 20 жасар інісі Шәміл қамалды, одан кейін 17 жасар ағам Ескендір Рысқұлов «Онеглагқа» айдалды. Ол 1940 жылы өкпе ауруынан өлді... 1938 жылы ақпанда әжем (Тұрар Рысқұловтың енесі) Әрифа Есенғұлованы да «халық жауының отбасы» ретінде Қарлагқа жөнелтті. Ол кісі сегіз жылдан соң сол лагерьде миына қан құйылып қайтыс болды. 1938 жылы көкек айында менің анам Әзиза да емшектегі баласымен бірге сотталды. Лагерьде ол он жылдан аса азап шекті...

Мені және тоғыз жасар әпкем Мая Рысқұлованы Одессадағы Дубчанск балалар үйіне жөнелткен екен. Сол жерде бізді әкемнің бірінші әйелі Надежда Константиновна Рысқұлова (Пушкарева) өз қолына алды. Надя апай өте мейірімді, ерекше қайырымды жан еді. Тұрар Рысқұловтың екі қызын - өзінен туған София мен балалар үйінен асырап алған Маяны бағып-қағып, аман алып қалған – сол адам...
Менің ағам Ескендір екеуміз екі шешеден туғанбыз. Оның анасының аты-жөні – Наталья Алексеевна Колосовская...».

Қаралым саны 995

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463