Қаратөбенің қазынасы

Қайыржан Хасановты батыс қазақстандықтарға таныстырып жатудың өзі артық. Журналистика ардагері, саналы ғұмырын Қаратөбе өңірінің тарихын түгендеуге арнаған ағамыз жақында 70 жасқа толғалы отыр.

Жетпіс жас – мәуесі толып піскен жеміс ағашына ұқсайды. Қайрақаң да сол – қойны-қонышы толы қазына. Аузын ашса, атамекеннің арғы-бергі тарихына қатысты алуан сыр ақтарылады. Қолына қалам алса, туған жердің тағдыры ерек тұлғалары туралы толғайды. Кейбір желбуаз шіркіндерге ұқсап даңғырламайды, кеуде соқпайды. Үйінде отырып-ақ үйдей шаруаны – үлкен бір университет, ғылыми орталық атқаратын істі жүргізіп жатыр. Өткен ғасырдағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасын баспалар бүгінде басып тауыса алмай жатыр, ал бүгінгінің мәшһүрі – өзіңізсіз, Қайыржан аға!

Қайыржан ағаның арқасын-да көненің көзі, көкірегі шежі-ре қаншама қарияның әңгімесі хатқа түсіп қалды. Қазір ондай қазына қарияларды күндіз шам алып іздесең таппайсың ғой. «Ел қамын жеген ерлердің сөз білген жанда хақы бар» дейді Ығылман Шөрекұлы. Қайыржан аға ол қарызынан құтылған қазақ!

Жетпісіңіз құтты болсын, Аға! Жемісіңіз бен жеңісіңіз жалғаса берсін!

 

Қаралым саны 973

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463