Германия тағылымы

Жақында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 оқытушысы Германияның Дюсельдорф қаласындағы INTAMT халықаралық басқару және технология академиясында тағылымдамадан өтіп келді. «Германия университеттеріндегі оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» бағдарламасымен танысып келген Рита Сұлтанғалиеваның жолсапар мақаласын ұсынамыз.

«ЖОО педагогикалық мамандары оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша Германияда тағылымдамадан өтудің мүмкіндігі туды. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арқылы жүзеге асты. Аталған бағдарлама бойынша БҚМУ-дан үш оқытушы аттандық.

Академия базасында Германияның жоғары білім беру саласына қатысты дәрістер, семинарлар, тренинигтер өткізілді. Алғашқы семинар техника ғылымдарының докторы, профессор Эдуард Патриктің «Білім беру жүйесіндегі жаңа талпыныстар» тақырыбына арналды. Дәріс презентация арқылы берілді. Профессор өз дәрісінде Германияның білім беру жүйесі туралы толық мәлімет берді. Германияның білім беру жүйесі туралы, оқушылардың бастауыш сыныптан бастап мамандық таңдайтыны жөнінде ақпарат алдық. Баяндамада мамандық таңдауға баса мән беру қажеттігі айтылып, қандай талпыныс жасау керектігі туралы мағлұмат берілді. Тест қорытындысы және мұғалімнің ұсыныс хаты негізінде оқушы өз деңгейіне сәйкес келетін мамандықтарды таңдайды. Сонымен қатар Болон үрдісін қабылдауда Германия мемлекетінің білім беру жүйесінде ұзақ талқылау жүріпті. Болондық жүйедегі озық дәстүрлерді дамытуда Германияда жүйелі жұмыс жүргізгендігі жайында нақты тоқталып өтті.

Ізденушілердің ғылыми дәрежесін беру және диссертация қорғаудың талаптарын талқылауға арналған семинарда Доктор Дмитрий Казарновский ЖОО білім беру жүйесінен кейінгі білім тәжірибесіне тоқталды. Германияда «доктор» ғылыми дәрежесінің бірнеше кезеңі бар екен. Мысалы, неміс жоғары білім беру жүйесінде Doktor Promotion (PhD аналогы) және Doktor Habilitation (кейінгі докторлық дәреже) беріледі екен. Сонымен қатар Германияда ғылыми атақ берілгеннен кейін ғалым жаңа төлқұжат алатын көрінеді. Ол құжатта ғылыми атағы да жазылады екен.

Тағылымдама бағдарламасында семинар Германияның өзге қалаларын-да жалғасты. Дортмунд қаласындағы техникалық университеттің дидактика-лық орталығымен таныстық. Иоханиес Вильдттың «Болондық жүйедегі ЖОО. Жоғары білім берудегі қиындықтар мен шешу жолдары» атты семинардан көп ақпарат алдық деуге болады. Бір ерекшелік – Германия мемлекетінде оқу үрдісінде профессор ғалым жүктемесінің көп пайыздық мөлшерін ғылыми жобалар құрайды. Яғни ғылыми жобаларды жүзеге асыруда ғалымдарға мол мүмкіндік берілген-дігін байқауға болады. Сонымен қатар түпкі нәтижені түйінді құзыреттіліктер арқылы бағамдау және емтихан қабылдаудың өзге әдістері туралы жаңа мәліметтер алдық. Қорытынды емтихан қабылдауда студенттерге барлығына бірдей бір тапсырманы беру тиімді екендігі айтылды. Бір тапсырманы орындауда студенттің қабілеттілігі айқын танылатындығын профессор өз тәжірибесі арқылы жеткізуге тырысты.
Дуйсбург қаласындағы Thyssen Krupp Steel оқу орталығында «Өндірістік кәсіпорында үздіксіз білім беру жүйесін сарамандық тұрғыда жүзеге асыру» атты семинар өтті. Мұнда студенттердің сараманына ұзақ мерзім бөлуге жете мән беру сапалы маман даярлаудың бірден-бір жолы екенін түсіндік.

Семинар сабақтары Германияның білім беру жүйесіндегі жобалап оқыту технологияларына арналды. Универ-ситетте жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс-тарды, жобаларды қаржыландыру көздері, нақты ғылыми жобаларды жүзеге асыруда жобалап оқыту техно-логиясын қолдану тәжірибесі, жобаны орындау арқылы студенттердің білімін бағалау, жобаны жүзеге асыру үрдісін-де трансферлік технологиялық орта-лықтардың, технопарктердің студент-тер мен докторанттардың ғылыми жобаларына қолдау көрсетуде инфра-құрылымдық маңызды құрылым екен-дігі айтылды. Жобалап оқыту оқыту-шыдан студентке білім берудің жаңа технологиясы саналады. Бұл – студент-тің өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетіл-діруінде маңызды құрал. Сонымен қатар осы семинарда бізге жеке және топтық жобаларды дайындау техноло-гиялары жайында мағлұмат берілді.

Бұл бағдарламалар ел экономика-сы мен әлеуметтік жағдайды көтеруге қаншалықты әсер ететінін нақты дәлелдер баяндап тұр. Германия елі – «білім-ғылым-өндіріс» атты үштаған-ның басын біріктірген жағдайда ғана қоғам үшін нақты нәтиже беретіндігін тәжірибемен дәлелдеген бірден-бір мемлекет.
Хаген қаласындағы Оңтүстік Вестфаль қолданбалы ғылымдар университетінің дидактикалық орталы-ғында өткен семинар кредиттік оқыту жүйесіндегі білімді бағалау, Болон үрдісі талаптарына сай университет оқытушыларын қайта даярлау жүйесіне арналды.

Германияның Хаген қаласында қашықтан оқытатын мемлекеттік университет бар. Осы оқу ордасында аралас білім беру жүйесінде оқытуды ұйымдастыру және әдістемелік ерек-шеліктерімен таныстық. Қашықтан оқыту жүйесінде қазіргі сандық техно-логияларды қолданудың тиімділігі туралы да айтылды.

Онлайн режиміндегі ЖОО білікті-лікті арттыру және шетелдік білім же-тілдіру тағылымдамаларының бүгінгі таңда әрбір оқытушы үшін маңызы зор. Әлемдік білім беру кеңістігіне еркін шығуда шетелдік тәжірибенің ма-ңыздылығын білім берудегі Болондық үрдіс талаптары айқындап отыр. Сапар барысында аңғарғанымыз, Германияның «аға қаласы» атанған Кельн мен «жаңа қаласы» атанған Дюссельдорфтың тек ғылыми жағынан ғана емес, сан ғасырлық тарихы бар ғимараттары-мен, сәулет, мүсін, ғажайып өнер туын-дыла-рымен, Гейне өлеңге қосқан Рейн өзенінің өзіндік әсемдігімен ерекше-ленген табиғатымен де көз тартатын, жоғары мәдениеттің ордасы, еуропа-лық өркениеттің қанат жайған белді ортасы екендігін аңғартады.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
БҚМУ профессоры, филология
ғылымдарының кандидаты,
Орал-Дюссельдорф-Дортмунд-
Дуйсбург-Хаген-Кельн-Орал

Қаралым саны 2015

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463