«Бұрымды қыз» байқауы мәреге жетті

«DANAkaz» тарихи-танымдық журналын жібермей қарайтын оқырмандарымыз 2013 жылы «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылғанынан хабардар шығар. Жақында сол байқауға қатысқан аруларды марапаттау рәсімі өтті.

– Біз бұл байқауды жариялағанда, бұрымды қыздардың шашын өлшеп, бір-бірімен салыстырып, бәйгеге са-луды көздеген жоқпыз. «DANAkaz» журналының мақсаты – қазіргідей эмансипация заманында «нағыз қа-зақ қызы» деген атқа лайық болып жүрген аяулы жандарға қолдау көр-сету, оларды көпшілікке мақтаныш етіп ұсыну болатын. Әрине, ұзын шашты күтіп, баптаудың қиындығы да көп шығар. Бірақ сіздер оған мо-йымай, керемет үлгі көрсетіп жүрсіз-дер. Сондықтан біз журнал редакция-сының атынан, қалың оқырманымыз-дың атынан мың сан алғыс айтамыз, - деді журналдың бас редакторы Қазбек Құттымұратұлы.
Былтыр жыл бойына журналда бұрымы бұлғақтаған сегіз қыздың су-реті шыққан екен. Олар – Орал қала-сындағы №5 саз мектебінің мұғалімі Назгүл Мәтенова, Махамбет атында-ғы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-верситетінің студенттері Айнамгүл Елемесова, Ұлмекен Ысқақова, Алтынай Амандурдыева, Құрманғазы саз колледжінің студенті Айжанар Жайғали, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің қызметкері Аяужан Кереева, Орал қаласындағы №36 мектеп оқушысы Аягүл Махмұдова және Орал қаласындағы «Мақсат» медициналық колледжінің студенті Айкен Ибрашева болатын. Редакция алқасы бұрымды қыздар-дың бәріне де «Қазақтың бұрымды қызы» деген жазуы бар диплом та-быс етті. Сонымен қоса арулардың әрқайсысына «Батыс Қазақстанның дәстүрлі музыкалық мұрасы» атты 12 дискілік аудиожинақ сыйға тартылды.
– Қыз баланың тек сыртқы кел-беті емес, ішкі жан дүниесіде көрікті болса, нағыз сұлу болары хақ. Бұрым әйел затының ішкі жан дүниесінің те-реңдігінің бір белгісіндей. Әлемдік жа-һандану кезінде көпшілігі орамалды тастап, шаштарын қысқа қидырғанда сіздердің қазақтың салт-дәстүріне сай жастайыңыздан шашты ұзын етіп өсіріп, басқаларға үлгі-өнеге көрсет-кендеріңізге ризамыз. Халқымыздың «Жігіттің жақсы болмағы – нағашы-дан» дегені де сондықтан. Біз сіздер-ге бақыт тілейміз, аяулы жар, ардақ-ты ана атанып, қазақтың дәстүр-сал-тын жалғастырады деп сенеміз, - деді «DANAkaz» журналы ақылдастар алқа-сының мүшесі Жантас Сафуллин.
Салтанатты шарада «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы дайын-даған бейнесюжеттер көрсетілді. Бұ-рымды қыздар байқауды ұйымдас-тырған журнал редакциясына алғыс айтты.
– Шынымды айтсам, кей кезде шашымды қиып тастағым келетін. Бі-рақ әкем қарсы болды. Көшеде, авто-буста ұзын бұрымымды көрген үлкен кісілер риза болып, танымаса да бата беріп жатады. Сондай кезде шашым-ды қиғым келмей қалатын. Енді бүгін тіпті қуанып отырмын, - дейді Айжанар.
– Осы байқауды ұйымдастырып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттап жүрген Сіздерге көп алғыс айтамыз. «DANAkaz» журналын білеміз, оқып тұрамыз. Шолпысы сыңғырлаған бұрымды қазақ қыздары көбейе берсін, - дейді Назгүл қарындасы-мыз.

Қаралым саны 1896

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463