Отыз бесінде атылған ару

Нұрия ЖЕКЕКҚЫЗЫ,
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі,
Орал қаласы

1937-1938 жылғы Совет үкіметін шарпыған саяси репрессия кезінде ең ауыр үкім – ату жаза-сына кесілген санаулы қазақ қызының бірі Шонанова Шахзада Аронқызы болатын. 

Шахзада 1903 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауда-нында дүниеге келген. Жастай оқы-ған, зерек, алғыр болған. 1920 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті-нің медицина факультетіне оқуға түседі. Бірақ шыққан тегі, әкесі үстем тап өкілі болғандықтан, қудаланып, біреулердің көрсетуімен 2-курста оқудан шығарылды. Шахзаданың әкесі Арон Қаратаев – әйгілі Әбілқайыр хан ұрпағы, төре тұқымы-нан болатын, белгілі қоғам қайрат-кері, Дума депутаты болған заңгер Бақытжан Қаратаевтың інісі еді. Шахзаданың анасы да осал болма-ған: Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова – тарихымызға өшпес жұлдыз болып енген, қазақ қыздары-ның арасынан шыққан алғашқы мұға-лімдердің бірі болатын. Ордадағы қыздар мектебінде Хұсни-Жамалдың алдынан білім алған шәкірттер қата-рында Әмина Сүлейменқызы Мәметова да бар еді.
Алғыр Шахзада кедергілерге мо-йымаған. Ол 1922-1926 жылдарда Орал губерниялық атқару комите-тінде іс жүргізуші, аз уақыт Сырдария губерниялық партия комитетінде нұс-қаушы қызметтерін атқарды. 1926 жылдарда Қызылордада Халық ағар-ту комиссариатының мектепке дейін-гі балалар тәрбиесі білімінің нұсқау-шысы болды.
Шахзада 1931 жылы Алматы ме-дицина институтына оқуға түседі. Бі-рақ мұнда да «әлеуметтік тегі» бо-йынша бақылауға алынып, институт Шахзаданы «қоғам жұмыстарында тексеруге» міндеттелді. Осыған сәй-кес Шахзада 1932 жылдың 12 науры-зынан 11 сәуірге дейін ең қауіпті ауру – бөртпе сүзек індеті жайлаған Прибай-калстройдың Спасск деген жеріне жі-берілді. Сол жердегі жұмыс орнынан институтқа ол жөнінде: «Жолдас Шонанова өзін қайратты, іскер қыз-меткер ретінде көрсетті... Қоғам жұ-мыстарына қатысты... Санитарлық шаруаларды жүргізуші ретінде Шонанова ең сенімді қызметкер бол-ды» деген мінездеме жіберілді. Осындай үлгілі мінездемеге қарамас-тан Шахзада тағы да 2-курста «әлеу-меттік тегіне байланысты» оқудан шығарылды.
Шахзада Шонанова жолдасы Телжан Шонанов түрмеге отырғызыл-ғаннан кейін көп ұзамай өзі де қамау-ға алынған. Күйеуінің ақтығын, таза-лығын, ешкімге қиянат жасамағанын жақсы білген әйел алғашқы күннен бастап отағасын түрмеден босатуға күш салды. Бірақ ол әрекетінен еш нәтиже шығара алмады. Түрме есігін торып жүрген күндердің бірінде ақы-ры өзі де қармаққа ілінеді.
Шахзаданың қамауға алынуы – тек «халық жауының» әйелі болған-дықтан ғана емес-тін. КГБ тергеуші-лері Шахзаданы жеті атасынан бері тексереді.
Шахзада Шонанова үш бірдей жо-ғары оқу орнынан – Орта Азия мем-лекеттік университетінен, Қазақ мем-лекеттік университетінен, Алматы ме-дицина институтынан қуылды. Оған бір жылы ҚазМУ-дың ғимаратын өр-теуге қатысты деген айып тағылған. Профессор Әбу Тәкенов тапқан де-ректерді негізге алсақ, өрт 1936 жыл-ғы 20 қазанда анатомия кабинетінде шығып, тез сөндірілген. Араға екі жыл салып, 1938 жылдың қаңтарын-да өртті ұйымдастырған Шонанова және оның сыбайластары деп жала жабылды. Ал Темірбек Жүргенов ҚазМУ-ды өртеген диверсиялық топ-қа басшылық етіпті-мыс деген жала құрастырылған.
Шахзада 1938 жылдың 17 қаңта-рында қылмысын «мойындап», бы-лай деп жазып береді: «1936 жылы күзде ҚазМУ-ды өз қолыммен өрте-дім, соның нәтижесінде университет үйінің негізгі бөлігі жанып кетті».
Архивте сақталған тағы бір құжат-та Шахзада өзін антисоветтік ұйымға 1926 жылы Ыдырыс Мұстамбаев тартты деп «мойындапты». Одан әрі мына жолдарды оқуға болады: «ҚазМУ-да оқыған кезде мен студент жастар арасында күнбе-күн антисо-веттік, ұлтшылдық насихат жүргіздім. Контрреволюцияшыл, буржуазияшыл ұлтшылдық идеясын кеңінен тарат-тым».
Мойындату, қайсар әйелді дегені-не көндіру үшін жендеттер қандай шаралар қолданды, ол жағы бізге би-мағлұм. Адам өзінің кінәлі еместігін біле тұра, оңайлықпен өзін-өзі ұстап бермейтіні және түсінікті.
1938 жылдың наурыз айының 9 жұлдызында, Телжан қазасынан ке-йін он күннен соң 35 жастағы Шахзада Шонановаға да нақақ жала жабылып, түрмеде атылды.
Шахзаданың тағы бір қасіреті – ана болып өкшесі қанамағандығы. Телжан, Шахзада Шонановтар әулеті-нен ұрпақ жоқ. Бауырына басқан ұл-дары Жақып сол жылдары Донбаста, Сталино қаласында индустриялық құ-рылыс институтының студенті екен. Жақыптың кейінгі тағдыры туралы дерек жоқ.
Шахзада туралы алғаш зерттеген – Батыс Қазақстан гуманитарлық ака-демиясының доценті, тарих ғылым-дарының кандидаты Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы. Ол Алматыдағы мемлекеттік архивтен №06007 істің №1 томын тауып, 1938 жылы 5 қаңтар күні тұтқынға алынған Шонанованың өз қолымен толтырған «Тұтқындалушының анкетасымен» танысқан. Онда Шонановтар отбасы-ның Алматы қаласында Красина кө-шесі, 51 үйде тұрғанын, Шахзаданың әлеуметтік тегі – бай-полуфеодал деп көрсетілгенін анықтаған. Ш.Шонанова-ға сол кездегі Қылмыс-тық кодекстің 58-бабы бойынша «антисоветтік ұлтшылдық ұйымдар-мен байланыста болды, ұлтшылдық жұмыстарды белсенді жүргізді» деген айып тағылған екен.
Арада тура 20 жыл өткенде – 1958 жылы 9 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясының ұйғарымымен Шахзада Шонановаға тағылған айыптың қылмыстық негізі жоқ деп табылып, арманда кеткен ару қыз ақталды.
1997 жыл Қазақстанда «Жалпы-ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүр-гін құрбандарын еске алу» жылы ре-тінде жарияланып, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Осыған орай көптеген құпия мұрағаттық құжаттар-дың сыры ашылды. Мәскеу архивте-рінен «Әділет» қоғамы жетекшілері-нің өтініші бойынша 1938 жылы атыл-ған адамдардың тізімі алынды. Тізім-дегі 631 адамның басым көпшілігі қа-зақтың мандайалды азаматтары еді. Осы жерде орталықтың негізгі мақса-ты – қазақтың бетке ұстар азаматта-рының көзін жойып, бүтіндей бір ха-лықты бассыз қалдыру болғаны ай-қын байқалады. Мәскеуден жеткен тізімдегі атылған 631 адамның 80 па-йызы қазақтың белгілі интеллигенция өкілдері болған.
Тағы да айта кетерлік жайт – «Қазақстан РТРК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкері, белгілі журналист Гүлмира Тілеубаева дайындаған «Аяздағы ақ шуақ» филь-мі осы Шахзада апамыздың тағдыры-на арналған.
Фильмде ХХ ғасырдың 30 жылда-рында «Қаратаев тұқымы антисовет-тік ұйымға мүше, контрреволюция-шыл, буржуазияшыл, ұлтшылдық идеясын таратушы» деген айып тағы-лып, оқудан шығарылып, жұмыстан қуылып, ең соңында ауыр жазаға кесіліп, 1938 жылдың 9 наурызына қараған түнде атылған қазақ қызы, жерлесіміз Шахзада Шонанованың өмірі жан-жақты көрсетілді. Мұрағат-тарда сақталған тарихи құжаттар мен фотолары, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, тарихшы Дәметкен Сүлейменова, Батыс Қазақстан облыстық мұрағат қызметкері Меңсұлу Калимуллина, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның әңгі-мелері де фильмге арқау болады.
Бүгінде Махамбет Өтемісұлы атын-дағы БҚМУ-дың «геофак» aтанып кет-кен жаратылыстану және математика факультеті ғимаратының қабырғасын-да Шахзадаға ескерткіш тақта орна-тылған. Алайда ерте солған қызғал-дақ ғұмырлы қыздың өмір жолын екінің бірі біле бермейді. Осыны ар-тымыздан еріп келе жатқан өскелең ұрпаққа жеткізу болды менің ойым.
Репрессия жылдарында ату жаза-сына кесілген Шахзада Аронқызының өмірі тарихи реализм мен ізгілік, бос-тандық соқпаған нұсқайтын сияқты. Оның жасап кеткен игі ісі келешек ұр-паққа жаухар дүние. Тарих тасқыны-на қарсы жүзген қайсар апамыздың ерлігі – болашақ ұрпақтың, біздің абыройлы борышымыз. Өмірі қиын, ғұмырлық жолы бұралаң, бірақ хал-қының ұлылығы мен батырлығын ар-дақтаған асыл апамызды қимастық-пен еске ала отырып, әлі де мектеп оқулығының тарауына енетініне мол сенім артамын.

Қаралым саны 1612

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463