«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат бар. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Орынбор әскери губернаторы Григорий Волконскийге 1811 жылдың 17 қыркүйегінде Кіші жүздің Байұлы тарма-ғының бас адамдарынан жазылған хат. Мұнда қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған сұлтан, старшын, би, тархан және басқа да қазақтардың қолы қойылған (жоғарыдағы істің 126-бе-тінен басталады).
«Сұлтан Бөкей Нұралыұлының мінезі жайлы, парасат-ты, екі беттегі (Жайық өзенінің – DK) бізге тең қызмет етеді, оның әділ билігі арқасында Ордада тыныштық пен бейбіт-шілік орнайды деп инаныш артып, мөріміз бен таңбамыз-ды саламыз» деген мәтіннен кейін:

Байұлының алаша руының сұлтан,
старшын және билері:

Бекғали сұлтан Нұрғалиханұлы мөрімді бастым;
Сағыз старшын Сыпыраұлы мөрімді бастым;
Шолақ старшын Тоқпанұлы мөрімді бастым;
Старшын Қалдыбай Айбасұлы мөрімді бастым;
Старшын Байқонақ Жарылғапұлы мөрімді бастым;
Старшын Әшөк Айбасұлы таңбамды салдым;
Старшын Басығұл Қарасайұлы таңбамды салдым;
Старшын Қожабек Киікбайұлы таңбамды салдым;
Қарғын би Қойайдарұлы таңбамды салдым;
Би Қармыс Байбарақұлы таңбамды салдым;
Жанжасар Төлебайұлы таңбамды салдым;
Дәуқара Қожамұратұлы таңбамды салдым;
Көлбай Аққозыұлы таңбамды салдым;
Биар Өтегенұлы таңбамды салдым;
Қарақол Жолдыбайұлы таңбамды салдым;
Старшын Қитар Қалдыбайұлы мөрім бастым;
Сұлтанбек Қарашолақұлы таңбамды салдым;
1811 жылдың 18 қыркүйегі

Байұлының шеркеш руының сұлтаны мен
старшындары:

Әбілғазы сұлтан Қарабай сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Бекмәмет Тұрмәметұлы мөрімді бастым;
Лаф(н)ық Байшеркешұлы мөрімді бастым;
Әлжан Айдаболұлы мөрімді бастым;
Тастемір Құлмәметұлы мөрімді бастым;
Шағырай Жәдікұлы таңбамды салдым;
Тайман Жұмсайұлы таңбамды салдым;
Қосым Марқабайұлы таңбамды салдым;
Қаймақ Аймәметұлы таңбамды салдым;
Жанғали Мүсірепұлы таңбамды салдым;
Дүйсенбай Темірбайұлы таңбамды салдым;
Бекберген Қожамбетұлы таңбамды салдым;
Бүркітбай Қазбекұлы таңбамды салдым;
Ант Беткуұлы таңбамды салдым;
Түгел Қыдырұлы таңбамды салдым;
Қазбек Жұбайұлы таңбамды салдым;
Байұлының тана руынан:

Сары сұлтан Есімханұлы мөрімді бастым;
Ниетқали сұлтан Есімханұлы мөрімді бастым;
Старшын Есенгелді Жанмырзаұлы мөрімді бастым;
Итемген Жанмырзаұлы мөрімді бастым;
Қонай старшын Қожамжарұлы бастым;
Батыр Қосдәулетов таңбамды салдым;
Старшын Момынбай Байдәулетұлы мөрімді бастым;
Қонақбай старшын Есенгелдіұлы мөрімді бастым;
Алшынбай Жәнбекұлы таңбамды салдым;
Кенжебай Саммырзаұлы таңбамды салдым;
Тоғызбай Жанмырзаұлы таңбамды салдым;
Ерғали Төлеуұлы таңбамды салдым;
Баубек Жиеншораұлы таңбамды салдым;
Жантемір Сатемірұлы таңбамды салдым;
Алушы Бектемірұлы таңбамды салдым;
Төлеміс Байтуғанұлы таңбамды салдым;
Төребай Сүтемгенұлы таңбамды салдым;
Өтута Қосдәулетұлы таңбамды салдым;
Әренжан Итемгенұлы таңбамды салдым;
Қамысбай Өтесұлы таңбамды салдым;
Қалжан Арықбайұлы таңбамды салдым.
Байұлының байбақты руынан:

Шөкі сұлтан Нұрғалиханұлы мөрімді бастым;
Ерас сұлтан Нұрғалиханұлы мөрімді бастым;
Сұлтан қожа Атілер қожа ұлы таңбамды салдым;
Есболат сұлтан Абылайұлы мөрімді бастым;
Хан диуаны Тоқтамыс Байбатырұлы мөрімді бастым;
Старшын Итемген Еселбайұлы таңбамды салдым;
Старшын Байбол Дамбыұлы мөрімді бастым;
Старшын Ерсары Бектайұлы мөрімді бастым;
Старшын Түрке Тұманұлы таңбамды салдым;
Старшын Нәкин Жантайұлы таңбамды салдым;
Старшын Өтеміс Жылкелдіұлы мөрімді бастым;
Старшын Қонажан Санақұлы мөрімді бастым;
Старшын Жантолы Жанқұттыұлы мөрімді бастым;
Старшын Еламан Байсақалұлы мөрімді бастым;
Старшын Жайық Айдарұлы таңбамды салдым;
Старшын Сасық Көшербайұлы таңбамды салдым;
Старшын Толтыр Самұлы таңбамды салдым;
Старшын Арыстанбек Ботақараұлы мөрімді бастым;
Старшын Бұзау Төреұлы таңбамды салдым;

(Жалғасы бар)

Егер жоғарыда аталатын тұлғалар арасында ру шежіресінде белгілі ата-бабаларыңыз болса, редакциямызға хабарласуыңызды өтінеміз.

Қаралым саны 1752

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463