ТАРИХИ ТҰЛҒА, ДІНИ ҚАЙРАТКЕР

Имам-хатып Хәкімбек қажы Байғазыұлы туралы тың деректер

Қазақ тарихында елді рухани таза-лыққа, ата-бабамыздың мұсылман-дық сенімін сақтауға өз үлесін қосқан біртуар азаматтар аз болмаған. Кеше-гі Ресей империясының отарлау за-манында, Кеңестік биліктің ұлттық ұстанымынан айыруға барын салып, дінге қарсы атеистік саясат жүргізіп, оны іс жүзіне асырған жылдарда қазақ халқы өзінің ішкі рухани тұтас-тығын сақтай білді. Ол халқымыздың санасының тазалығын, сеніміне бе-ріктігін айқын дәлелдейді. Ақиқат жо-лында талай тұлғалар қадір-қасиеті жеткенше тер төкті, мұсылмандық се-німді ұрпақ жанына сіңірді. Бұл жол-да атқарылған қыруар жұмыс, қилы тарих шаң басқан мұрағаттарда сақ-таулы. Мұрағатқа көптің қолы да же-те бермейді. Бір жолы Башқұртстан Республикасындағы Орталық мемле-кеттік тарихи мұрағатында жұмыс жа-сап, XVIII-XIX ғасырлардағы мол құжат-қа кездестім. Орыс империясының Қазақ хандығын отарлауы, мұсылман дінін бақылауда ұстап, оны өз саяса-тына пайдалануға күш салуы туралы құнды құжаттар осында екен. Құжат-тармен жұмыс жасау барысында сар-ғайған, бүгінге дейін ешкімнің наза-рын аудармаған арнайы жинақталған «Хәкімбек Байғазин» атты іс қолыма түсті. Байқасам, Бөкей ордасының тумасы, 1896 жылы №3030 Астрахан облыстық губерниялық басқармасы-ның келісімімен Приморск округінде-гі №11 старшындыққа патша жарлы-ғымен тағайындалған молда Хәкімбек Байғазыұлының іс-құжатта-ры екен. Осы тұста патша үкіметі қа-зақ даласындағы молдаларды қатаң бақылауға алып, олардың діни білім деңгейін тексере бастаған. Хәкімбек атамыз 1898 жылы 19 қыркүйекте Орынбор мұсылмандар діни жиналы-сында Ислам құқығы пәнінен емти-хан тапсырған. Сынақ қорытындысы бойынша Орынбор мұсылмандар ді-ни жиналысы Хәкімбек Байғазыұлын имам ретінде мойындап қана қой-май, оған қосымша имам-хатиб және мұғалім куәлігін береді [1]. Белгілі зерттеуші Мақсат Тәж-Мұрат мұсыл-мандық медреселерді тәмәмдаушы-лар тарихына қалам алып, «Ғалия-ның» ұзына тарихында 108 шәкіртке медресе бітіргендігі туралы куәлік бе-рілсе, Уфадағы Діни мүфтилік қазила-ры алдында емтиханнан сүрінбей өт-кен екі жүз шәкірт мүдарис (медресе мұғалімі), он екі түлек хатиб һәм мұ-ғалім дәрежесін алған», - деп жазған болатын [2, 134 б.]. Олай болса хатиб атағына көптің қолы жетпеген. Ол сөзге шешен, шариғатты жоғары дә-режеде білетін, оған көпті ұйыта біле-тін имамдарға ғана берілген. Ал имам-ның өзі намаз кезінде алда тұратын адам, рухани жетекші, мұсылман қа-уымдастығының басшысы деп түсін-діріліп жүр.

Мұрағаттан табылған осындай ма-ңызды, әрі қызықты құжаттан соң Х.Байғазыұлы туралы ата шежіре із-дестіріліп, тұлғаның өмірі мен қызме-ті туралы материал жинақтала баста-ды.
Атырау облысы Исатай ауданы мұрағатынан табылған құжат Х.Байғазыұлының 1869 жылы, зайы-бы Дәменің 1877 жылы туғанын анықтайды [3]. Мұның өзі тарихи тұл-ғаның бөкейлік екенін дәлелдей түсе-ді. Ата шежіре Хәкімбек Байғазыұлы-ның 1895 жылы Астрахандағы Жамшид Исламияны бітіргенін және жеті баулы беріш руының Құлкеш бө-лімінен тарағанын айғақтайтын қосым-ша деректі қолымызға ұстатты [4].

Ата шежіре бойынша Хәкімбек Байғазыұлы беріштің Құлкеш-Қылыш атасынан өрбіген. Қылыштан – Өмірқұл, Қарақұл, Қарақұлдан – Жабағы, Сарман, Тоғай, Жаманқұл, Есенкелді, Қостау тараған. Тоғайдан Мақаш, Мақаштан Байғазы, Байғазыдан Қабдолла, Қаби, Хәкімбек, Батырбек, Молдасиых, Бақсиых, Хиуа тараған. Яғни Хәкімбек Байғазының алты ұлы мен бір қызы-ның бірі болған. Байғазының әкесі Мақаш Хиуадан діни білім алып, қа-жылыққа үш рет барған қажы екен. Байғазы Мақашұлы да Бөкей орда-сында үлкен беделге ие болып, діни білімді Башқұртстанның Істерлітамақ (Стерлитамак) өңірінде алып, 1908 жылы дүниеден өткен. Мұның өзі Хәкімбек Байғазыұлының аталары да елдің рухани біліміне қызмет еткенін көрсетеді. Байғазы Ішкі ордадағы Обалы мешітінде діни дәріс берген. Ал Обалы мешіті қазіргі Атырау облы-сы Исатай ауданындағы Таскраннан 13 шақырым жердегі елді мекен [4].
Жәңгір заманында «Сенім қағида-сын» оқыту үшін қазақтар өздерінің балаларын көршілес ресейлік аймақ-тағы атақты мұсылман діни оқу орын-дарына жіберген-ді. Ондай атақты орынның бірі – Істерлітамақ болатын. Сол кезеңдегі жағдаймен жақсы та-ныс М.С.Бабажанов: «Көбісі Стерлитамак уезіне Ишан мырзаға құлшылыққа және оқуға барды», Жәңгір хан да бұған үлгі болды: «Бар-лық Орынбор губерниясында ислам қағидаларын жақсы оқытатын Стерлитамак уезінде «Ишан» деп аталған молдаға хан бірнеше қазақ баласымен бірге өз балаларының біреуін оған оқуға жіберді», - деп то-лықтыра түседі. Жәңгір ханның жа-нындағы молдалардың құқықтары мен міндеттерін М.С.Бабажанов бы-лайша сипаттайды: «Оның жанында-ғы молдалар «нұсқаушы молда» қыз-меті мен атағын иемденді; олар бала-ларды оқытуға, қайтыс болғандарды жерлеуге және неке қию рәсімін өткі-зуге, сонымен қатар жаңа туған қазақтарға жағымды (дұрыс) есімді қоюды қадалауға міндеттелді. Соны-мен қатар, молдалар малдан алым төлемеуге және тән жазасынан құ-тылды». Молда қызметіне тағайын-далғандар ханнан 10 бөлім тұратын өзінің қызметтері жазылған ашық бұйрық алған. Алғашқы екі бөлімін-де: «1) Мешіттер мен училищелер са-лу, отырықшы халық арасында болу, апталық және жылдық мерекелерді тойлау. Кішкене балаларды сауатты-лыққа үйрету, біздің дініміз бойынша әрбір күн Құдайға құлшылық етуге күштеу және ораза ұстау. Жұма күні және басқа да жылдық мерекелерде құлшылық кезінде имам болуға, аяқ-талғаннан соң қарапайым қазақтарға ахундардан берілетін формамен үй-рету. 2) Қарапайым және бейхабар қазақтарға біздің діннің қағидаларын түсіндіру; жаңа туғандарға жақсы есім беру; ұл балаларды сүндетке отырғызу; ажырасқандарды қосу; марқұмдарды жаназа шығарып жер-леу. Бұларға қосымша молдалардың қызметіне діни шаралармен қатар бала оқыту ісі де кірген [5].

Байғазы Істерлітамақта алған білі-мімен елін оқытты, ел балаларының сауатын ашты, мұсылмандық заңды-лыққа үйретті. Әкесі жанында жүріп Хәкімбек ислам діні құндылықтарын сіңіріп, білім жолын таңдады. Уақыт сала орыс үкіметі мойындаған мұға-лім атанды. Ол Астрахандағы ноғай медресесінен астрономия, экономи-ка, химия, Құран, география, тарих, физика, математика, медицинаны меңгеріп елге оралып, ата жолын жалғастырған.

Хәкімбек Байғазыұлынан білім ал-ған Сиран Дербісәлі ақсақал: «Мен ол кезде бозбала едім. Оң мен солымды тани қоймаған кезім еді. Хәкімбек ұстаз дәріс оқығанда өзі қажы болса да: «орысша да оқыңдар, әлем халықтарының бәрінің тілін біл-сеңдер де артық етпейді», - дейтін. Біз ол кезде әлі де болса орыс тілі үс-тем болатын заман орнайды дегенге сене қоймайтынбыз. Соны сұңғыла ұстазымыз сезген екен. Діни және ғылыми дәрістерден кейін ұстазымыз «Бізге отарлаушы ел саясатының ықпалы тимей қоймайды. Сондықтан әр салада және берілген барлық мүмкіндікте ел мүддесі ең бірінші санада болуы тиіс деп ұғындырып отыратын», - деп еске алған-ды [4].

Мұрағат деректері Хәкімбек пен Дәмеден Нығметолла, Ғинаятолла, Тәжен, Атау атты төрт ұл мен Мақу атты қыз тарағанын анықтайды. Хәкімбектің өзі 1912 жылы қайтыс болып, ата қауымы Орпа құмында жерленген. Оның жолын бауыры Бақсиых басып, мешіт жұмысы тоқта-маған. 1917 жылғы Қазан төңкерісі-нен кейін елде басталған түбірлі өзге-рістер мұсылман дініне кері әсерін тигізгені белгілі. Оның ақыры Байғазы ұрпақтарының қудалануына әкеледі. Осы қанқұйлы саясаттың салдарынан Хәкімбек қажының да отбасы тыс қалмады. Тағы да мұрағатқа назар аударсақ, 1930-шы жылдары Байғазы қажының Хәкімбек, Батырбек, Модасиых (Молдасиық емес пе?), Бақсиых ұрпақтарының бір кезеңдегі Батыс Қазақстан облысы Гурьев ауда-ны Ворошилов колхозы, Орпа ауыл-дық советінде тіркелгені байқалады. Тұрмыс тіршілігі де оңайға соқпаған тәрізді [3]. Бүгінде Байғазы қажының Атауынан Салхаден, Мұстахиманың, Хәкімбегінің Ғиниятолласынан Ғарифолла, Шайдолла, Ағидолла, Самиғолланың, Батырбегінің Мұқтарынан Қапиздің, Молдасиыхы-ның Жұмажанынан Қалжан, Әбілқайырдың тарағаны белгілі. Шү-кір, ел батасын алған Байғазы ұрпақ-тары өсіп-өніп елге қызметін жалғас-тыруда. Ғарифолла, Жұмажанның ұр-пақтары қазіргі таңда Атырауда, Салхаден, Шайдолла, Самиғолла, Ағидолла ұрпақтары Атырау облысы Исатай ауданында, Қапиздың ұрпақ-тары Атырау, Батыс Қазақстан облыс-тарында тұрып жатыр. Мақала дайын-далу барысында Хәкімбек Байғазыұлы-ның егіз сыңары Батырбектен белгілі тарихшы-ғалым, тарих ғылымдары-ның докторы, профессор, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университенінің ғылы-ми жұмыстар және халықаралық бай-ланыстар жөніндегі проректоры Әбілсейіт Қапизұлының тарағанын анықтадық. Мұның өзі елге қызмет жасау мен ұстаздық кәсіптің сабақтас-тығын дәлелдейді емес пе! Ғалым Әбілсейіттің әкесі Қапиз ақсақал ата-сы Батырбек пен 1875 жылы туған Сәлен әжеміздің Мұқтар атты ұлынан тарайды. Зерттеу барысында оның Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының имамы екенін де осы жолы анықтадық. Олай болса, Байғазы қажы ұстанған имандылық жолы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді екен.

Ақан ЖАРАСОВ,
Орал қаласы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Башқортостан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты (бұдан әрі БР ОМТМ) 295 қ., 4 т., 21558 іс, 4-5 п.
2. Тәж-Мұрат М. Кәбиса жыл. Зерттеу, эссе, әдеби толғамдар. –Астана: Хұснихат, 2009. - 400 б.
3 Атырау облысының Исатай аудандық мұрағаты.
4 Мұқтарұлы Х. Кәкімбек қажы кім болған // Городской парк. - 2003. - 9 октябрь. – 33 б.
5 Евреинов А. Внутренняя или Букеевская киргиз-кайсацкая орда // Современник. - 1851 ж. XIX в. №10, 71 б.

Қаралым саны 1545

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463