Дүтбай старшынның құлпытасы

Бұл құлпытас Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылдық округінде, округ орталығынан 30 км қашықтықта орналасқан. Көне қорым да Дүтбай атымен аталады. Құлпытас түбінен үзіліп түскен және ортан белінен сынған. Тастың шығыс бетінде шикі кірпіштен қалан-ған ескі мазардың қабырғасы сақталған. Құлпытас суретін редакцияға жіберген – Атырау қаласынан шығатын «Мұнайлы астана» газетінің бас редакторы Құттыгерей Смадияр.

Құлпытастың құбыла (қасбетінде) бетіндегі жазу:
1. Қошқармүйізді қазақы ою
2. Жаппас руы Қарагөз
3. тайпасының старшыны
4. Дүтбай Ор...(кісі аты оқылмайды, сынған – Қ.Қ.) офат
5. рихлат етті (қайтыс болды деген мағынада – Қ.ҚӨ.) 71 йашында
6. жади (желтоқсан – Қ.Қ.) юлдызының 22 күнінде.
7. Бұ ташны баласы Ақбай мырза қойды
8. 1854 жылда. Алхамду лиллаһи...

Түсініктеме: Бұл ескерткіш Кіші жүздегі Байұлы бірлестігінің бір тармағы – жаппас руының старшыны болған тарихи тұлғаға арналған. Бір ерекшелігі, марқұмның қайтыс болған жылы григориан күнтізбесі бойынша (1854) жазылғанымен, айы мен күні дәстүрлі қазақша, яғни жұлдыз есебімен берілген. Құлпытастың сыртқы (шығыс) бетінде араб (мүмкін парсы) тілінде діни мәтін (аят-хадис болуы мүмкін) жазылған.

Қаралым саны 1066

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463