«Мен кіммін?»

Самал ЖAМЕТ,
Теректі ауданы,
Батыс Қазақстан

Мөлдір бала кезінен томаға-тұйық-тау боп өсті. Өзімен-өзі жүретін, көп үн-демейтін. Жанындағы құрбыларымен де ашық-жарқын сөйлесіп араласқа-нын көрген емеспіз. Үнемі төсегінде бүктүсіп жататындығы ғана есімізде қалыпты.
– Мөлдір, жайшылық па? Сырқат-танып қалған жоқсың ба? Әлде біреу ренжітті ме? - деген тәрбиеші анамыз-дың я болмаса біздің сұрағымызға:
– Жоо-оқ, маған алаңдамай-ақ қо-йыңыздар, денсаулығым жақсы, ешкім де ренжітпеді, жай өзім сәл тынығып алайын, - деп жымия жауап беретін. Бар болғаны сол. Біз күнде сұраймыз. Ол ылғи осылай тіл қататын. Мүмкін тумысынан мінезі жай шығар деп ойлаймыз да қоямыз.

Әйтеуір сол досы-мыздың күлімсіреген жүзін сирек кө-ретінбіз.
Иә, ол кезде тек Мөлдір ғана емес, барлығымыздың көңіліміз жүдеу, жү-регіміз жаралы еді. Өйткені ата-ана-мыздан, бауырымыздан айырылған тастанды балалар едік. Әрдайым асты-үстімізге түсіп бәйек болып жүретін тәрбиешілеріміз де, айналып-толға-нып, еркелетіп жанымыздан бір елі қалмайтын Сәуле анамыз да біз үшін ешнәрседен тайынбайтын аса мейірім-ді жандар. Біз ата-анамыздан көре ал-маған жылуды солардан көріп өстік. Ата-анамыз өз баласынан өздері жиір-кеніп сыртқа тепсе, олар бізді далаға тастамай, бауырына басты. Аялы ала-қандарына салып мәпелеп өсіруін өсір-ді-ау, бірақ... Туған әке-шешедей бола алмайды екен. Олар да мұны біздің жаутаңдаған жабырқау жүздерімізден сезетін. Ішкі жандүниеміздегі «алай-дү-лейді», «бауырымыздың біреуі іздеп ке-лер» деген үмітімізді де білетін. Қайт-кенде де қолдан келер шара жоқ. Құ-шағына алып, көзімізден сорғалаған жасты сүртіп жұбататын. Үнсіз ғана бір-бірімізді ұғынатын едік.
Осылайша кейде мұңайып, кей-де қуанып күндеріміз өтіп жатты.
Бір күні кенеттен Мөлдіріміз қат-ты науқастанып қалды. Сол мезетте “жедел жәрдем” шақырылып, облыс-тық ауруханаға жеткізілді. Бәріміз де уайымдап, түні бойы кірпік ілмей шықтық. Келесі күні түс ауа бөлмеміз-ге Сәуле анамыз келді. Өңі солғын-дау. Екі көзі қызарып, ісіп кеткен.
Бәріміз жамырай:
– «Сәуле ана, Мөлдір қалай? Тәуір ме? Біз жанына барсақ бола ма?» , - деп шуластық.
– «Құлындарым-ау, бекем бо-лыңдар. Мөлдірімізден қапыда айырылып қалдық қой. Араша түсе алмадық. Қолымыздан ештеңе де келмеді. Байғұс қызым-ау! Ерте солды ғой, ерте...», - деп Сәуле ана еңкілдеп жылап жіберді.
Құрбымыз ауруханада тілге кел-местен көз жұмды. Жүрек ауруына шалдыққан дейді. Бұл ауыр қаза бә-ріміздің қабырғамызды қайыстырды. Төбемізден жай түскендей болды. Есеңгіреп қалдық, сенбедік. Мөлдірі-міз қазір ғана есіктен жымиып кіріп келетіндей көрінді. Бірақ, амал қан-ша, Құдайға қарсы тұрар хақымыз жоқ. Жылап-сықтаудан басқа не біле-міз, біз байғұс?
Сөйтіп, сүйкімді қызымызбен аяқ асты қоштасып қала бардық.
Кейін бөлмеде Мөлдірдің киім-кешектерін, заттарын жиыстырып жүргенімде мына бір парақты тауып алдым. Төрт бүктелген қағаздың сыртқы бетіне «Ләйләға» деп жазы-лыпты, яғни маған болуы керек. Өйт-кені ол көзі тірісінде менімен ғана әңгімелесіп, сырласатын. Ата-анасы-ның жүзін бір көріп дидарласу басты арманы еді. Көзім жасқа толып булы-ға манағы парақты оқып шықтым.
– «Ләйлә, жан досым! Мен соңғы уақытта өзімен-өзім біртүрлі болып жүрмін. Білмеймін не болғанын, әй-теуір мазасыз күйдемін. Мүмкін, әке-шешемді ойлап қайғының түбіне ба-тып кеткен шығармын деп ойлаймын кейде. Қанша тырыссам да, сол уа-йымнан арыла алмайтын болдым-ау. Мен де басқалар сияқты ойнап-күліп жүргім келеді. Тырысып-ақ көрдім, ешнәрсе шықпады. Бұл уайым жүре-гімді терең бойлап жаулап алған се-кілді. Қиналып жүрмін, досым. Ләйлә, айтшы, мына өмір көп адам-ның ішіннен неге бізді таңдап алды екен, а? Мен осы өмірге келгеніме өкінемін. Ойлап қарашы, мен кіммін? Не әкемді, не анамды білмеймін. Ра-сында да мен кіммін? Далада қалған тастандымын ба? Арғы-тегім, руым-ды білмек түгілі, есімімді де осында-ғы тәрбиешілер еншіледі емес пе? «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген қанатты сөзді естісем болды, денем түршігіп жылағым келеді. Сонда мен жетесіз болғаным ғой, иә. Шіркін, ата-анам мені тауып алып, осы бір сөзден құтқарса екен деп армандай-мын. Олар қай уақытта келсе де, мен құшақ жая қарсы алар едім, оларды еш кінәламаймын да. Мүмкін екеуі-нің арасында бір келіспеушілік бол-ған шығар. Түсінуге тырысар едім. Дегенмен де далада қалған бейкүнә сәбиін іздеуге болады ғой. Неге ізде-мейді екен? Ләйлә, есіңде ме, әнеу-гүні теледидардан «біз сияқтыларға» арналған бағдарламаны көргеніміз. Қазақтың тастанды қаракөздерін ше-телдегі адамдар келісімшарт бойын-ша әкетіп жатқанын естіп, ешкімге көрсетпей көз жасымызды сығып алып едік ғой. Жан досым! Содан бері үреймен өмір сүріп келемін. Күн-дердің күнінде мен де өзімнің Отанымнан алыстап кетемін бе деп қорқамын. Түсімде ылғи шетелдік-тердің шаңырақтарына кетіп бара жатқанымды көріп, шошып оянамын. Сол бағдарламаны бекер көрдік. Құдай сақтасын, біздің Сәуле анамыз ондай жолға бара қоймас.
Қымбатты, жер бетіндегі ӘКЕ-АНА! Сіздердің осындай «есімдері-ңіз» жоғары мәртебеге лайық еді ғой. Ал, қазір ше? Не үшін бізді мына жа-рық дүниеге әкелдіңіздер? Өміріңіз-дің жалғасы – ұрпағыңызды бағып-қағып өсіре алмайтыныңыз бар, о бастан-ақ ойланбадыңыздар ма? Енді, міне өміріміз өкінішпен өтуде. Иә, сіздерді де түсінемін. Бірақ, бірақ ... Менің де көкірегімде бір өксік бүл-кілдеп жатыр. «Неге? Қайда?» Осы бір сұрақтар ес білгелі менің қыр-соңымнан қалмай-ақ қойды. Сірә, жауабын білмей өтетін шығармын.
АБЗАЛ ӘКЕЛЕР! Сізді «шырылда-ған балапандарыңыздың» белгісіз өмірі мазаламай ма? Мына жақта ұр-пағыңыз қан қақсап жылап жатқанда, сіз дүниенің қай бұрышында, қалай-ша жер басып жүрсіз?
АРДАҚТЫ АНАЛАР! Тоғыз ай, то-ғыз күн құрсағында көтерген сәбиле-ріңді жүректерің қалай ғана қиып тас-тайды? Қайда сіздердің аялы алақан-дарыңыз? Қайда жүректің жылула-ры? Қайда мейірімнің шуақтары? Қайда? Қайда?...»
Міне, Мөлдіріміз зарға толы жү-рекжарды сөздерінің жауабын таба алмай ақыры, көрге алып кетті! Қина-лып кетті-ау, менің Жан досым!
Шүкір, жүрегі мейірімге толы, жаны жылулыққа толы адамдар біз-ден барлығын да аямайды, түсінеді, көмектеседі, қалайда көз жасымыз-ды төкпеуге тырысады. Алайда біз-дің жанымыз туған анамыздың аялы алақанын, асқаралы әкеміздің «айна-лайынын» аңсайды. Олар бауыр еті – баласын тастап кетсе де, біз бәріне кешіріммен қарап, бір көруге зарығу-дамыз.
«Адам ұрпағымен көрікті» дейді дана халқымыз. Олай болса, ұрпа-ғыңды жоғалтпашы, ӘКЕ-АНА!
Тастамашы бізді! Іздеші, бауыры-ңа басшы балаңды!

Қаралым саны 2082

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463