Елдің батысындағы көтерілістер

Тұяқбай РЫСБЕКОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарлық ғылымы академиясының академигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі

1916 жылғы патша жарлығы мен оның отарлаушылық саясатына қарсы басқа «бұратана халықтар» сияқты қа-зақ халқы да жаппай көтерілгендіктен, бұл көтеріліс жалпыхалықтық ұлтазат-тық сипатқа ие болды. Қазақстанның барлық аймағындағы сияқты бұл көтерілістің ошақтары Батыс Қазақстан жерінде де орын алды.

Сондықтан да ке-зінде жарияланып, бірақ әртүрлі жағ-дайлармен ескерілмеген, болмаса, ұмыт қалған материалдар мен архив документтеріне сүйене отырып, елдің батысындағы 1916 жылғы көтерілістің кейбір беймәлім беттерін ашқалы отырмыз. Жарияланып, ескерусіз қал-ған материалдар қатарына Бөкей ор-дасындағы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі – С. Меңдешовтің мақаласын («Екпінді құрылыс», 1936 жыл, 18 маусым); сол жердегі көтерілісті кө-ріп, Ордадан қара жұмысқа алынып, Минск түбінде Ә. Бөкейхановпен кез-дескен Ғ. Сарыбаевтың («Екпінді құры-лыс», 1936 жыл, 18 қыркүйек); Орал облысында болған көтерілісті көзімен көріп, қара жұмыстың тізіміне іліккен Қ. Байдосовтың («Екпінді құрылыс», 1936 жыл, 3-8 қыркүйек) және Батыс Қазақстан жеріндегі көтерілісті өз көзі-мен көргендер – Б. Қаратаев, Ә. Ипма-ғамбетов, Орал реалдық училищесі оқушыларының мақалаларын атауға болады.

Өзінің ауқымы мен өлкедегі саяси жағдайға ықпалы жөнінен 1916 жылғы көтерілістің ерекше маңызы болды. Кө-терілісшілердің неғұрлым белсенді топтары Торғай және Ырғыз уездерінде қимыл жасап, мұнда елу мыңға тарта сарбаз жиналды. Оларды шаруалар бұ-қарасының қимылын ұйымдастырып, бағыт беруде тамаша шеберлік көрсет-кен Аманкелді Иманов басқарды. Ол қазақ халқының ұлттық батырына ай-налды. Аманкелді Имановқа Әліби Жанкелдин көп көмек көрсетті.

Ауылдың еңбекші шаруаларының күресін қазақ жұмысшылары: Шоқпар-көл, Байқоңыр, Семей кеніштері, Ертіс пароходствосының жүкшілері, Сібір және Орынбор-Ташкент теміржолдарының жөндеушілері қолдады. Алайда мұның өзі көтерілістің шаруалық, сти-хиялық сипатын өзгерткен жоқ. Оның біртұтас басшы орталығы, ұйымшылдығы болмады. Жергілікті социал-де-мократиялық ұйымдар мен топтардың әлсіздігі, олардың қазақ еңбекші шаруаларымен қажетті байланысы жоқтығы осыдан көрінді.
Көтерілісшілердің неғұрлым дә-йекті ұрандарын Аманкелді Иманов тұжырымдады. Ол «Жауынгер туларымызды желбіретіп, орыс халқымен бір-ге ортақ жауымыз – патша өкіметіне қарсы соғысайық!» деп үндеді. Қазақ демократияшыл интеллигенциясының көптеген қайраткері көтеріліске белсе-не қатысты. Олар Жетісуда – Тоқаш Бокин, Сырдария облысында – Тұрар Рысқұлов, Ақмола облысында – Әділбек Майкөтов, Орал облысында – Сейтқали Меңдешев пен Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау
Мыңбаев және басқалар болды.

Көтерілістің ең кең көлемде, ұзақ-қа созылған, табандылықпен және ұйымдасқан түрде жүргізілген орталығы Торғай облысы болды. Оның қол-басшы сарбазы Аманкелді Иманов пен қарулас жолдастары Бәймен Алманов, Оразғали Асауов және басқалары еді. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін түгел қамтыды.

Патша өкіметі көтерілісті басуға ірі күш жіберді. Қарулары нашар, біртұтас басшылығы болмаған көтерілісшілер отрядтары бірінен соң бірі жеңілді. Аманкелді Иманов қана 1917 жылдың көктеміне дейін төтеп берді. Көтеріліс-тің басында-ақ феодал клерикалдық, панисламдық және пантүркистік эле-менттер шетелдіктердің ықпалымен халық бұқарасының көтерілісін жалпы орысқа қарсы ұлттық соғысқа айналдырмақ болды. Бірақ бұл әрекет сәт-сіздікке ұшырады.
1916 жылғы көтерілістің революциялық-саясаттық сипаты болды. Ол Ресей имперализмінің отарлық жүйе-сіне елеулі соққы берді, елдегі жалпы-революциялық қозғалыспен ұштасып, еңбекшілердің таптық сана-сезімін кө-теруде үлкен рөл атқарды.
Майдан өңіріндегі жұмыстарды ат-қаруда кешегі ауыл тұрғындары еңбек ұжымдарының күшін таныды, таптық ынтымақтастыққа машықтанды, рево-люциялық ниеттегі жұмысшылармен және солдаттармен танысты, олардың патша өкіметіне, буржуазияға және олардың одақтастары – феодал-бай элементтерге деген өшпенділігі шың-дала түсті.

Әскерге шақыру жасындағы адам-дардың тізімдерін жасау болыстарға, ауыл старшындарына, феодалдық-пат-риархаттық жоғары топтың өкілдеріне тапсырылды. Олар тылдағы жұмыстарға мобилизациялаудың мәнін қалың бұқараға алдын ала түсіндірген жоқ, қазақ арасында тууы туралы куәліктің болмайтынын пайдаланып, байлардың балаларының жасын өсіріп немесе кішірейтіп, әскерге шақыру қатарынан босатты, олардың орнына жергілікті қазақ кедейлерінің балаларын тізімге енгізді. Мұндай заңсыздық елде кең етек алды, бәрін болыстарға беретін пара шешетін болды.

Сонымен, көтерілістің негізгі се-бептері отарлық езгінің күшеюі, шұрай-лы жерлерді тартып алу, алым-салық мөлшерінің артуы, еңбекші бұқараны феодалдық-бай топтарының езгісінің өсуі, бұқара жағдайының соғыс баста-луымен байланысты нашарлауы, ұлт араздығының өршуі және «орыстандыру» саясатының орын алуы болды.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Қазақстанның барлық облыстарынан қазақ еңбекшілерінің кең тобы белсенді түрде қатысты. Көтеріліс жап-пай ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты, оның қозғаушы күші еңбекші халық өкілдері, жергілікті жұмысшылар, кедейлер, қолөнершілер болды.
Көтерілістің таптық мәні де болды. Қазақстанның басым көпшілік бөлігін-де бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипат ал-ды және патша өкіметіне, импералис-тік соғысқа және жергілікті бай-фео-далдарға қарсы бағытталды. Тек Жетісу мен Ақмола облысының аздаған бөлі-гінде ғана көтеріліс басында болған феодалдық және клерикалдық эле-менттер өз мүдделерін көздей отырып, ұлт араздығы мен руаралық күресті шиеленістіріп, көтеріліске реакциялық, ұлтшылдық сипат беруге тырысты. Алайда Қазақстанның барлық облысында да қазақтар қанаушы тап өкілде-рінің ырқына көнген жоқ.
Көтерілістің кең құлаш жайған ау-дандары Жетісу, Торғай, Ақмола, Сыр-дария, Семей және Орал облыстары болды.
Еңбекшілердің жаппай бас көтеруі шілде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында орын алды. Орал облысында көтеріліс Шыңғырлау болысының бесінші ауылында болған оқиғамен байланысты. Бұл оқиғаны 1916 жылдың 12 шілдесінде полиция департаментіне Тамбов-Орал теміржолы жандарм полициясы басқармасының Орал бөлімшесінің бастығы Баблановтың телеграммасы толық баяндайды: «8 шілдеде бесінші ауыл қазақтары болыстың басқармасына келіп, қара жұмысқа аттандырылуға тиісті адамдардың тізімін беруді талап етті. Алайда басқарма олардың өтіні-шін орындаудан бас тартып, қару жұм-сайтындығын білдірді. Өтініш айтушылар басқарма мен оның хатшысын өл-тірді». Бұл хабар бүкіл облысқа тарады.
Алайда Шыңғырлау болысында бұл кезде жазалаушы отрядтың елге шығуына байланысты үлкен дүрбелең басталған еді. Көтерілісшілер жазалаушы отрядқа қарсы батыл әрекет жасай алмады. Оралдың соғыс губернаторы Мордвинов прокурор, жандармдарын ертіп, оқиға болған жерге келіп, Бекпан қазіреттің үйінде болысты кімдер өл-тіргені жайында тергеу жүргізе баста-ды. Ахмет болысты өлтірушілерді бір-ден аша алмаған Мордвинов болыс етіп Қаныбетті (Ахметтің інісі) тағайындады. Дегенмен губернатор тергеу ба-рысында Е. Доспаев, А. Байтеміров,
Қ. Есмағұлов және т.б. көрсетуімен 14 адамды (олар: Елубаев Даужан, Нұржан; Жанбарақов Қожа, інісі Мұхаметқазиев; Қатаев Тәжі; Төриев Есмағұл – 3-ші ауылдан; Тәжімұқанов Баймолда; Қосболсынов Ізбасар, Тәжімқұлов Сайап, Бекжанов Ғайып – бәрі 6-шы ауылдан; Арыстанов Дүсікей; Қосбатыров Тәштен – 7-ші ауылдан) ұстап, Орал түрмесіне жөнелтті. Соғыс губернаторының нұсқауымен көтерілістің бұл басшылары бірден төтенше сотқа тар-тылады. Жалпы тергеу барысында, бо-лыс Ахмет Сарбалаевтың өлігін іздеу кезінде Шыңғырлау болысының халқы үкімет органдары тарапынан ерекше қысымға ұшырайды. Қаныбет болысқа берілген билікке сәйкес, Шыңғырлау болысынан мыңнан астам 15-37 жаста-ғы жігіт майданға алынды. Ауылда қал-ғандарға алым-салық мөлшері өсірілді.
Қазан айының соңында Оралда Қазан қаласынан келген төтенше сот Шыңғырлаудан ұсталған 14, Шиліден ұсталған 4 адамға сот жүргізді. Сот ше-шімі бойынша Шыңғырлау көтерілісінің 4 басшысына, Шилі болысының 4 ада-мына дарға асу жазасы беріліп, бір ап-тадан кейін үкім орындалды.
Ілбішін уезінде құрамында бір мың адамы бар қаруланған отряд жа-сақталынып, телеграф жұмысын істен шығарып, мобилизациялануға тиісті адамдардың тізімін жойды.
Қараоба, төменгі Барбастау, жо-ғарғы Барбастау, Тихомиров болыстарынан тұратын Орал уезінде де үлкен наразылық орын алды. Қараоба болы-сының сол кездегі басқарушысы Әбді-рахман Айтиевті жергілікті байлар Зұл-харнай Махаршаев, Хұсайын Хансақов бастаған топтан арашалап қалды. Жо-ғарыдағы аталған азаматтар қатарына – толқуға тікелей атсалысқандар қатары-на Ерғалиев Ғабдіні, Әндіржан мен Нығметжандарды да қосуға болады. Дегенмен бұл уездегі наразылыққа қа-тысушыларды ұйымдастырушылар қа-білетінің мол болмауы және батылсыздығы болыстар мен ақсақалдардың майданға алынушылар тізімін сақтап қалуына алып келді.
Ақ Жайық өңіріндегі 1916 жылғы толқулар Бөкей ордасын да шарпыды. Бұл жерде патша жарлығына наразылық білдіруден басталып, жазалаушы отрядтармен қарулы қақтығысқа ұлас-ты. Бөкей ордасындағы толқудың же-текшісі – 1903 жылдан мұғалім, 1920 жылы Қазақ Автономиясының Орталық Атқару Комитетінің ең алғашқы төраға-сы болған Сейтқали Меңдешев елеулі еңбек сіңірді. Өзінің төңірегіне пікірлес Мұхтар Сәрсембаев, Нұғыман Залиевті топтастырды. Көтерілісшілерге қарсы топты Қамыс-Самара правителі Нұрым Қарабаев пен Астраханнан шыққан пат-ша уәкілі Аракчеев басқарды. Көтері-лісшілер қатарының ұлғаюына байла-нысты Қарабаев, Аракчеев Астрахан-нан қосымша отряд алдырады. 22 шіл-деде Жаңақалаға Ордадан Яков Криц-кий бастаған отряд келіп, С. Меңдешевті Астрахань губернаторының тұт-қынға алу жөніндегі құжатымен таныс-тырады. Тұтқынға алынған 6 адамды, ішінде С. Меңдешев, Т. Желдібаев,
Н. Залиев, Н. Нұрсарин да бар, алды-мен Ордаға, содан кейін Астрахандағы губерниялық түрмеге әкеледі.
Алайда облыстың кей жерлерінде көтеріліс нашар ұйымдастырылды және жергілікті сипат алды. Бұл, әрине, патшаның жазалаушы отрядтарының көтеріліс ошақтарын басуын жеңілдет-ті. Облыс көлемінде көтеріліс қыркүйек айының бас кезінде басталғанына қа-рамастан, қазақтар халықтың жиналу пунктеріне бармады. Соның нәтижесінде Орал облысы бойынша алынуға тиісті 50270 адамнан 32 мыңнан аста-мы ғана жиналу пунктіне келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (Торғай даласынан басқасы) жеңіліс тапқандығына қарамастан, Қазақстан тарихындағы ең жарқын белестердің бірі болды. Көтерілістің айқындаушы шешуші сипаты оның таптық мазмұны болып табылады. Бұл қозғалыс патша өкіметіне, помещиктер мен капиталистерге қарсы күреспен ұштасып, импе-ралистік соғысқа қарсы бағытталған ре-волюциялық қозғалыстың құрамдас бөлігіне айналды.

(«Өскен өлке тарихы»
кітабынан, Орал қаласы,
1997 жыл, 88-93 беттер)

Қаралым саны 1901

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463