Армысыз, ағайын!

Оқырман байқаған шығар, журналымыздың өткен саны әдеттегідей Алматы қаласында емес, Оралда басылды. Соған сәйкес полиграфиялық сапасы да сәл-пәл төмендегені байқалады. Алайда бір қиындықтың бір жақсылығы бар деген ғой. Бұрын Алматы қаласында басылған журналымыздың Оралға жетуін бір апта, кейде одан да көп уақыт күтіп қалатын болсақ, бұл жолы редакция дайындаған журналдың жаңа саны сол бойында қолымызға тиеді. Тиісінше, «Қазпошта» мекемесіне де дер кезінде жеткізіліп, өздеріңіздің – журналға жазылушы оқырман қауымның қолына тезірек жететін болды. Міне, біз сол үшін қуаныштымыз.

Өздеріңіз білесіз, «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының қатысуымен мектеп оқушылары арасында «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени, табиғи мұрасы» атты өлкетану олимпиадасы өтіп жатыр. Оның қорытындысын алдағы санда жариялайтын боламыз. Айтайын дегеніміз – олимпиадаға қатысуға тілек білдіріп, туған жерінің тарихын зерттеуге ынталы өрендеріміздің қатары көп екен. «Отан отбасынан басталады», кең байтақ Қазақстанды тану, сүю алақандай ауылдан, туып-өскен жерден бастау алады. Туған жердің, жерлес тұлғалардың тарихына көңіл аударып, ізденісін бастаған жас өрендердің болашақта үлкен жүректі азамат болып шығуына тілекшіміз.

Қадірлі ағайын, қазақ үшін қастерлі мерейтойлар қарсаңында тағылымды да тарихи еңбектерді жариялаудан танбаймыз. Өздеріңізге арналған басылымның беделін көтеріп, оқылымын арттыратын қызықты хикая, деректі мақалаларыңыз болса, қабыл алуға әзірміз. Бір-бірімізден көз жазып қалмайық!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 946

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463