Шапағат шырақшысы болған Мамановтар әулеті

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

Алматы қаласы

ХХ ғасыр – қазақтың ояну ғасыры. Жаңа ғасырдың 1917-1920 жылдарын-да қазақтың тұңғыш заманауи үкіметі құрылып, Алаш әскері жасақталып, ав-тономияның ұлттық мемлекеттік даму бағдарламасы бекітілді. ХХ ғасыр ба-сындағы қазақ оқығандарының құрған Алашорда үкіметі – ұлт-азаттық қозға-лыс тарихындағы елеулі, маңызды оқиға. Себебі Алаш сол «ояну» ғасы-рындағы ерекше тарихи құбылыс болып саналады.

Алаш қозғалысы, Алаш идеясы ғасыр басындағы демократия-лық Ресей құрамындағы қазақ елін еуропалық үлгіде дамыту мен жаңғыр-туға бағытталған үлкен жоба болған. Жобаның негізін салушы – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған рефор-маторлар. Өткен ғасыр басында «Қа-раңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» деген реформаторлардың жаңашыл бағыттағы идеясын қолдап, оның жүзеге асуына материалдық (қаржылай) тұрғыдан көмектесіп, қазақ жастарының білім алуына жағдай жа-саған, Алаш қозғалысына белсене ара-ласқан ниеттестер болған. Олар – ХХ ға-сыр басындағы дәулетімен ұлтына қыз-мет еткен қазақ байлары. Жинаған мал-мүлкімен ұлтының даму жолына қызмет еткен қазақ байларының біре-гейі – Жетісудағы Маман Қалқабайұлы-ның зәузаты. Алайда Маман қажының ұрпақтары, «Мамания» мектебіндегі ұстаздар мен Алаш әскеріне ат берген Маманұлы Есенқұлдың көмегі, Алаш қозғалысына белсене араласқан Жеті-судағы азаматтардың есімдері жайын-да көп айтыла бермейді.
Өткен ғасырдың басында алаш ба-ласын қайткенде азамат, қазақ қауы-мын қайткенде мемлекет етеміз деген ой бір топ атпал арыстарымыздың ау-зынан түспепті (Ә. Кекілбай). «Алаш ба-ласын қайткенде азамат, қазақ қауы-мын қайткенде мемлекет етеміз» де-ген асыл мұратқа шынайы тілекші бол-ған Қалқабайдың Маманының ұрпақ-тары жайында, олардың ел игілігі жо-лында атқарған қайырлы қызметтері жайында бүгінгі батыстық тәрбиені алып жүрген жасөскін біле бермейді. Осы орайда алаш арысы Мұстафа Шо-қайдың «Батыс тәрбиесін алған зиялы-лардың аянышты жері – рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы» деген сөзі еске түседі. Иә, меценат Маман қа-жының ұрпақтары ұлт жолында елеулі еңбек те етті және Алаш қайраткерлері сияқты тағдыр тауқыметін тартты. Ұр-пақтары қуғын-сүргінге ұшырап, Алтай ауып, босып кетті.
«Дүниенің төріне тырмысқандар төрден орын алады, тырмыспағандар есікте қалады. Есікте қалмай, төрге тырмысалық» деп барша Алаш жұрты-на үндеу тастаған Алаш қайраткерлері 1913 жылдың 2 ақпанында «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болсын деп «Қа-зақ» газетін шығарды. Газетті ұйымдас-тырып, шығарушылар қатарында Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды арыс-тар болған. Бірақ оларға қиын-қыстау заманда қаржылай көмек беріп, де-меп, сын сағатта үнемі қолдап отырған демеушілері болды емес пе? Неге со-лар жайында айтпасқа? «Алаш» деп жүргелі, міне, 99 жыл болды. Біздің бү-гінгі жұрт ХХ ғасыр басындағы қазақтың ақ жүрек, ақ адал атымтай жомарттары жайында жарытып ештеңе білмейді және мерзімді басылымдарда бұларды көп насихаттамайды. Осындай кемші-ліктің орнын толтыру мақсатымен жеке мұрағатымыздағы құжаттарды «сөйле-тейік» деп шештік.
Миллет халін ойлап, қызмет етуді мойындарына алған Алаш қайраткер-лерінің талаптанған әр ісіне Құдай сәтін салып, «әмин» деп қол жайып, «әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріс-кен қазақтың ояну ғасыры басындағы меценаттары кімдер еді?
Кеңес дәуірінде өмір сүрген адам-дардың түсінуінше, «болыс», «бай-бағ-лан», «бай-манап» деген сөздер қара-пайым халықты қанап, мінеп, олар-дың төбесінен күн көріп отырған бір «құбыжық» сияқты болып көріне ме, қалай өзі?! Социалистік солақай идео-логия қазақтың бай-бағландарын «құ-быжық» етіп көрсетуді жақсылап мең-геріп, жас ұрпақтың санасын кәдімгі-дей улады емес пе? Соның бір жарқын мысалы – Құнанбай қажы. Атақты Әуе-зовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын-дағы Құнанбай образы социалистік кері идеологияның құрбаны болғаны бүгінде көпке белгілі. Міне, сол сияқты қазақ даласында қаншама дәулетті азаматтар болған, бірақ 1928 -1930 жылдары барлық қазақтың бай-бағ-ландарының мүлкі тәркіленіп, ұрпақ-тары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, кейбірі атылған, сотталған, кейбірі Алтай ауып, босып кеткен еді.
Алаш қайраткерлерін қаржылай қолдап, дем беріп отырған өткен ғасыр басындағы дәулетті азаматтарды ендігі жерде «бай-манап» емес, «атымтай жомарт», «ақ жүрек» деп атасақ, қан-дай әдемі естіледі. Дәулетімен ұлтқа қызмет ету жолында аттары шыққан қазақтың ақ жүрек қалталы азаматта-рының көбі «Қазақ» газетінің жарық көруіне септігін тигізген. Сөзіміз дәлел-ді болу үшін санайғақ деректерді келті-рейік: «Ойламаған жерден «Қазақ» тө-тенше шығындарға ұшырап, халі ауыр-лағанын байқаған азаматтар азды-көп-ті көмек берісті. Бұлар көмектерін әр-қайсысы айрықша әр уақытта жіберген еді. Біз бәрін жиып, бірақ жариялап отырмыз. Халыққа көз-құлақ болған-дай ортасындағы бір газетасын бұлай-ша көтермелеген заттарға шын көңіл-ден тәңірі жарылқасын айтамыз. Бей-бітшілік заман кешікпей қайта айналар, мезгілді ауырлықтар ұмытылар, сол кезде, инша алла, ісіміз де ілгері басар. Бізге қымбатты халық ықыласы еді, мұны міне көріп отырмыз. Көмек беру-шілер: Есенқұл қажы Маманұлы – 100 сом, Ғайнижамал Есенқұл қажы жама-ғаты – 100 сом, Тәңірберген қажы Тұрысбекұлы – 429 сом, Айтмұхамет Тұрысбекұлы – 100 сом, Қожа Ахмет Маманұлы – 50 сом, Баймұхамет Тұрысбекұлы – 50 сом, Құдайберген Тұрысбекұлы – 50 сом, Құдайберген Тұрысбекұлы – 20 сом, Егеубек Жиенбайұлы – 10 сом, Ғ. Әлібекұлы – 150 сом, Хұсайын Үкенұлы – 25 сом 50 тиын, Жолымбет Тұрымбетұлы – 25 сом, Ерназар Жауқашарұлы – 20 сом, мұғалім Нығметолла Күзембайұлы – 15 сом, Нұғман Қанатбайұлы – 5 сом, Өмірәлі Пәнтешұлы – 5 сом, Тілеген Бадырақұлы – 5 сом. Барлығы 1274 сом, 40 тиын» деп газет басқармасы алғыстарын білдірген. Енді тарихи де-рекке жүгінер болсақ, газет патшалық саясатқа қарсы мақалалар жариялан-ғаны үшін 4-5 мәрте үлкен айыппен жа-былған. Сонда оның қайта ашылуы үшін төленетін қаржыны (әр кездері 50, 1500, 2000, 3000, 4550 сом сом айып-пұл тағылған) ұлтымыздың ауқатты ақ жүрек азаматтары төлеген еді. Жоғары-да айтылған газет басшыларының ал-ғысы осы сөзіміздің дәлелі болмақ.
Дәулетімен ұлтқа қызмет еткен қа-зақ байлары жайындағы сөзімізді жал-ғастырайық. 1915 жылғы «Айқап» жур-налының №7-8 санында: «... Құдайға шүкір, біздің қазақ арасындағы ғылым-ның қадірін білуші, дәулетін ғылым жо-лына жұмсаушы байларымыз бар екен. Альфред Нобель жолымен Есенқұл бай Маманов жүріп отыр. Роман жазған адамға ақшалай бәйге тігіп отыр, жа-зылған романдарды білгірлердің сы-нына беріп отыр. Есенқұл байдан үлгі алмақ, оның салған жолымен жүрмек қазақтың басқа байларының міндеті» деген мақала бар. Мақалада есімі аталған Есенқұл деген бай кім еді?
Есенқұл Жетісудың Ақсу, Қапал-Арасан өңірінде өмір сүрген қазақтың ақ жүрек азаматы екен, оның есімін жалпақ жұртқа жария еткен оның қа-йырлы мақсатта жұмсаған ақшасы, қа-зақ қоғамына жасаған шапағаты мен қайырымдылығы, қамқорлығы екен. Оқырман қауымға «Қазақтың Нобелі» атанған Есенқұл қажы әулеті жайында мұрағат құжаттарын ақтарып, ескі газет қиындыларынан тапқан тың деректер-ді ұсынайық деген едік.

Бақ дарып, құт қонған әулет
Задында, балаға тектілік қан арқы-лы, туған жердің қасиетті топырағы ар-қылы дарымаушы ма еді! Есенқұл қа-жының шыққан тегі жайында бірер сөз:
Бөрібайұлы Қыдыралы өз зама-нында кемеңгерлігімен, ақылгөй пара-саттылығымен аты шыққан Матай елі-нің беделді кісісі, қара қылды қақ жар-ған ықпалды, күшті биі болған. Қыдыралы – Маманның ұлы атасы. Қыдыралының Дөсет деген батыр ұлы-нан Қалқабай, Тәнеке деген екі ұл та-райды. Екеуі де заманында айбарымен аты шыққан қазақтың даңқты батырла-ры болған. Атақты Әсет ақын Найман-байұлы «Жер қайда Күреңбелдің сал-қынындай, Ел қайда Қалқабайдың ал-ты ұлындай» деген екен. Осы жердегі Қалқабай деген кісі – Есенқұлдың түп атасы. Қалқабайдың Қуатбек, Маман, Медетбек, Толқын, Айнабек, Қасабек есімді алты ұлы болған. Сонымен Есенқұлдың сүйегі – Найман, ұраны «Қаптағай», «Бөрібай» болғаны жайлы мәлімет бердік.
1820-1901 жылдар аралығында өмір сүрген Қалқабайдың Маманы – 1868 жылы Жетісудың Қапал уезінен тұңғыш қажылыққа барған адам. Сол жылы Ибраһим көпес екеуі Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтеп келген. Қажылықтан келгеннен кейін ел-жұрты оны құрметтеп, «Байқажы» деп атаған. Қапал-Арасан аймағына қарайтын тоғыз болыстың төбе биі әрі дуанбасы болған. Байқажының төрт әйелі болыпты. Бірінші әйелі Нәлі бәй-бішеден Ырысбек, Тұрысбек, Бейісбек, Сейітбаттал туған. Екінші әйелі Әйім-жаннан Оңғарбек, Омар, үшінші әйелі Лайықтан Құттыбек, Құрманбек, төртін-ші әйелі Жаңғақтан Есенқұл туған. Ма-манның он ұлы және Зылиха, Рахима, Еркежан есімді үш қызы болған.
Маманның бәйбішесінен туған бала-ларының ішіндегі ірі бай болғандары – Тұрысбек (1844-1904) пен Сейітбаттал (1864-1913). Екеуі де қажы. Сейітбаттал дүниеден өткеніне дейін Арасан елінің болысы, биі болған. Ал Тұрысбектің Құдайберген, Тәңірберген, Солтанқұл, Айтмұхамет деген балалары, Сейітбат-талдың Сейдахмет, Қожахмет, Нұрах-мет деген балалары да ірі бай болған. Сейітбаттал қайтыс болғаннан кейін оның орнына Сейдахмет би, Қожахмет болыс болып сайланған. Маманның кі-ші әйелінен туған Есенқұл – қара шаңы-рақ иесі әрі Маман балаларының ішін-дегі ең байы болған. Бірақ Есенқұл өмірінде би де, болыс та болмаған.
ХХ ғасырдың бас кезінде Маман ұр-пақтарының он шақтысы сол кездегі қазақ байларының ішінде алдыңғы қа-тарлысы болған. Тұрысбектің Әбу және Кәукен деген екі әйелі бірге Меккеге ба-рып, қажы болған. Әбу бәйбіше Мекке-де қайтыс болыпты. Сүйегі қасиетті жерге жерленген. Ал Кәукен елге ора-лып, «қажы бәйбіше» атанған. Бұл жер-дегі айтпақ ойымыз – сол уақыттарда бұрын-соңды әйел адамдардың Мекке-ге барып, қажы атануы ел естімеген оқиға болатұғын.
Маман қажы ұрпақтарының негізгі кәсібі сауда саттық болған. Сауда мен жәрмеңкеден түскен қаражатты жоқ-жетімдерге, кем бағалдарға және оқу-дағы қазақ жастарының пайдасына жұмсап отырған.
Бақ дарып, құт қонған Маман әуле-тінің Меккеге барған балалары, неме-релері сол қажылық сапарында Түркия-ның Стамбұл сияқты шаһарлары мен Ресейдің бірнеше ірі қалаларында бо-лып, солардың мәдени тұрмысымен танысып, өздерінің туған өлкесін де со-лай гүлдендіруді мақсат етіп, сол жол-да бар қажыр-қайраттарымен адал ең-бек еткен-ді.

«Мамания» – Жетісудағы тұңғыш мектеп
Қоғам ағымын терең болжап, келе-шек қамын ойлаған Тұрысбек 1878 жы-лы қажылықтан келгеннен кейін әкесі Маманның өсиеті бойынша Ақсу беке-тінің оңтүстік жағындағы Сүттіген жерге қоныс аударып, кішкене қалашық салу-ға кіріскен. Бес-алты бөлмелі төбесі көк қаңылтырмен жабылған ағаш үйлер са-лып, әр үйдің төңірегіне түрлі жеміс ағаштарын отырғызады. Аз ғана уақыт ішінде бұл жер кішігірім қалашыққа ай-налып, «Қарағаш» қаласы деп аталады.
Маман, Тұрысбек қажылардың бас-тамасымен 1899 жылы Қарағашта үш кластық мектеп үйі ашылады. Алғашын-да оқу бағдарламасы қадым ескіше оқыту жүйесінде болып, кейіннен жаңа заман ағымына бейімделіп, жәдит (тө-те жазу) жүйесіне көшірілген. 1904 жы-лы Тұрысбек қажы дүниеден өткен соң ағаларының игі істерін інілері Сейітбат-тал мен Есенқұл жалғастырған. Сол жы-лы Есенқұл мен Құдайберген екеуі Сейітбаттал қажының батасын алып, Уфаға барып, «Ғалие» медресесінің құ-рылыс жобасымен танысып, ондағы оқу бағдарламасы, сабақ кестесі мен ішкі тәртіп ережелерін және оқу құрал-дарын елге алып келіп, үшжылдық мектепті бесжылдық мектепке ұзар-тып, оқу жүйесін «Ғалия» медресесінің жүйесімен оқыта бастайды.
Жәңгір ханның арнайы стипендия-сымен Каирдағы Мысыр университеті-нің заң факультетіне оқуға түскен бөкей-лік Ғабдолғазиз Мұсағалиев 1909 жылы университетті үздік бітіріп, Жетісу дала-сында тұңғыш ашылған мектепке келіп, ұстаздық еткен. Сегіз тілді меңгерген Ғабдолғазиз Қарағаштағы мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсы жолға қойып, мектеп атын кең байтақ қазақ жеріне жария еткен.
Қоғам дамуына байланысты заман ағымына қарай жәдит мектебі білімге құштар халықтың талабын толық орын-дай алмайды. Осындай талап-мұқтаж-ды сезген Маман ұрпақтары бесжыл-дық жәдит мектебін сегізжылдық дү-ниетаным мектебіне айналдыруды қолға алған. Маман балалары Орын-бор, Қазан, Уфа, Ташкент, Семей, Кере-ку қалаларындағы арнаулы оқу орнын бітірген мұғалімдерге «Айқап» пен «Қазақ» басылымдары арқылы өз мек-тептеріне мұғалімдікке шақырып, жиі жарнамалар беріп тұрған. Жарнама ар-қылы мектепке мұғалімдер біртіндеп келе бастаған. Алғашқылардың бірі – Мұстақым Малдыбаев, атақты әнші Майра Уәлиқызы еді. Уфадан Мұқамет-қали Есенгелдіұлы жұбайы Фатима ха-ным екеуі келеді. 1907 жылы Меккеге барған сапарында Есенқұл қажы Стам-бұлдағы діни семинарияны тәмамдап, үйіне қайтуға қаражаты болмай жүрген уфалық татар Файзрахман Жиһандаров-қа өзінің «Ғалия» медресесіндей мек-теп ашқанын айтып, соған мұғалімдік-ке кел шақырған екен. Мұқаметқали-дың жұбайы Фатима ханым қыздар класын ашып, мектепте тігін үйірмесі-нің жұмысын жандандырып, татар хал-қының киім үлгісінде тігілетін киімдер-ді тігіп, Есенқұл қажының тапсырмасы-мен ауыл-аймақтағы жетім-жесірге те-гін таратылған.
1913-1914 жылдары «Мамания» мектебінде 17 мұғалім, 200 шәкірт болған екен. Мамания мектебінің ал-ғашқы түлектері Біләл Сүлейұлы, Әбубәкір Жайшыбекұлы, Маманұлы Ыбырайым, Ілияс Жансүгір, Бағрамұлы Әйсейіт, Ермектасұлы Мейірман, Кедес-ұлы Бейсенбай сияқты тағы басқа тұл-ғалар болған. Бір таңғаларлық жайт: «Мамания» мектебін бітірген шәкірт-тер басқа қалалардағы оқу орындары-на еркін түсе алған. Мысалы, Біләл Сүлейұлы «Мамания», «Ғалия» мед-ресесінде оқып, одан кейін Орынбор-дағы екіжылдық мұғалімдер семина-риясын бітірген. Ілияс Жансүгір – 1910 жылы «Мамания» мектебінде оқып, 1920 жылдары Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын курсты, 1925 жылы Мәскеу-дегі журналистер институтын тәмамда-ған тұңғыш қазақ. Маманов Ыбырайым Казинспросты, Маманов Смақұл САГУ-дың медицина факультетін, Солтан-құлов Мұхаметрақым Петербургтағы Тимирязев ауыл шаруашылығы акаде-миясын бітірген.
Маман ұрпақтарының ашқан мек-тебі жайында Алаш оқығаны Жақып Ақбайұлы: «...Құдайға шүкір, ұлдары – Құдайберген мен Тәңірберген әпенді-лер, інілері – Сейітбаттал қажы мен Есенқұл әпенділер өздерінің даңқты әкесі мен ағасының ізгі жолына түскен. Олар 20-30 мың сом жұмсап, «Мама-ния» мектебін салдыртыпты, алты адал оқытушы-мұғалім шақырыпты, олар жылына 2500 сомнан айлық алады, жақсы пәтерлерде тұрады, оларды да байлар берген. Мұғалімдер де, Ғабдол-ғазиз және Мұхаметқали әпенділер де адамдардың игілігі үшін жаралған жан-дар. Мен оларды осылай бағалаймын.
Жетісулық бір студентке Маманов-Тұрысбековтер жыл сайын 20 сом сти-пендия төлеп отыруға міндеттенген. Ал біздің барлық жерімізде осындай пат-риоттар болса, біздің қазақтар надан-дықтың шегіне жетпес еді-ау. Менің ойымша, Маманов-Тұрысбес әпенді-лер – біз барша жұртпен тең болатын жақсы кездерге дейін есімдері тарихта қалуға тиісті тұлғалар» деген екен. («Айқап» журналы, №7 саны, 1913 жыл). Міне, Жақып Ақбайұлының ма-қаласынан көріп отырғандарыңыздай, Маман қажының ұрпағы фәни дүниеде ұлт үшін, қазақ елінің болашағы үшін қызмет еткен-ді.

«Мамания» мектебінің дарынды ұстазы
«Мамания» мектебінде білімді ұс-таздар көп болған. Сондай дарынды ұстаздың бірегейі – тарихшы, қоғам қай-раткері, заңгер Ғабдолғазиз Мұсаға-лиев (Мусин). 1880 жылы Бөкей орда-сында дүниеге келген. Ауыл молдасы-нан қаріп танып, қазақ медресесін тә-мамдаған оқымысты Каирдегі әл-Каһира университетінің заң факультетін бітір-ген. Шет елдің қытай, араб, парсы, тү-рік тілдерін жетік білген. Пәкістан, Ин-донезия, Үндістан, Жапония елдерін аралап, саяхат жасаған. «Гүлжиһан» дастанын зерттеп, қазақ тіліне аудар-ған. 1923 жылдан кейін әдеби қызмет-пен айналысқан. «Кімге өкпелерге ке-рек?», «Жетісу қазақтары жайынан», «Қазақ жайынан» қоғамдық-саяси ең-бектері бар. 1933 жылы Алматыда дү-ние салған.

Есенқұл қажы қазақтың Нобелі еді
Маман қажының кенжесі Есенқұл қажы 1880-1932 жылдары өмір сүрген қазақтың аса ауқатты байы еді. Есен-құлдың анасы Жетісудағы атақты жа-лайыр Жәлменде бидің қызы Жаңғақ ана еді. Есенқұл Байқажының жасы ұл-ғайған кезінде дүниеге келгендіктен, өжет, қайсар, ерке болып өсіпті.
Есенқұл ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында болған саяси-әлеуметтік қоз-ғалыстардың бел ортасында жүрген қа-зақтың оқыған азаматы еді. Ол Әлихан Бөкейхан, Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат-ұлы тәрізді қазақтың көшін алға сүйре-ген ұлт қайраткерлерімен қоян-қолтық араласып, қазақтың болашағына алаң-дап отырған, Алаш қайраткерлерін қай жағынан болса да, қолдап отырған ар-дақтысы еді.
Есенқұлдың тарихта атын шығарған қайырлы ісі – 1914 жылы қазақ жазушы-ларына арнап тұңғыш рет роман бәйге-сін жариялауы. «1913 жылдың декабрь жұлдызында, бір жұманың ішінде бірі 5 жасар, бірі 2 жасар Әнуарбек пен Ниязбек есімді екі балам дүниеден қайтты.
Мен сол сүйікті балаларымның кө-зіндей көрерлік бір кітаптың шығуын ті-леймін. Соның үшін осы жылғы ноябрь басына шейін таза қазақ тілінде және таза қазақ тұрмысынан роман жазушы-лардың бәйгесіне 2000 сом ақша тіге-мін. Жазушылар бірнеше кісі болса, олардың жазғандарын өзім белгілеген 3-4 кісілік бір комиссияның сынына бе-ремін. Бәйге сол комиссия жақсы деп ұнатқан роман иесіне беріледі» деген. («Қазақ» газеті, №52, 1914 жыл, 28 фев-раль). Қазақ әдебиетінде қылаң берген бұл тосын құбылысты қазақтың зиялы қауымы терең түсініп, ерекше бағала-ған. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірер мы-сал келтірейік: «...Әзірге қазақ байлары сайлау таласына барлық дәулетін жұм-сап, шеке қызбайға кірісіп, ит пен құсқа жем болып жатқан бір заманда Есенқұл байдың өзінің қатарынан асып, үлгілі жұрттарға лайық іс істеп жатқаны оның қараңғы түннің ішінде қалың жұлдыз арасында жарқыраған жарық айға ұқ-сап тұрғандығын көрсетеді» («Айқап»), «Копальские богачи, киргизы Турусбековы, назначили премию в 2000 руб. За хороший роман на киргиз-ском языке. На соискание премии обья-вилось 9 кандидатов, написавших 9 ро-манов. Летом текущего года известной Куяндинской ярмарке жюри из образо-ванных Киргиз Семипалатинской об-ласти будут рассмотрены рукописи ро-манов. Этого совещания в степи ждут большим интересом» («Уральский лис-ток», №112, 10 июнь, 1915 г.).
Тұңғыш роман байқауынан жеңіске жетіп, әдеби жүлдеге Сұлтанмахмұт Торайғырдың «Қамар сұлуы» мен Тайыр Жомартбайдың «Қыз көрелік» романы ие болған. Жүлде қоры негізі-нен, 2000 сом болған. Кейбір деректе 200 сом деп қате көрсетілген. Ақиқаты – 2000 сом ақша. Ол қа-зіргі ақша жүйесі-мен есептегенде 33 миллион теңгенің шамасында екен.

Жазықсыз жапа шеккен ұрпақ
1928-1930 жылдар аралығы қазақ еліне үлкен қауіп төндірді. Бұл шын мәнінде, сталиндік қандықол репрес-сияның бастауы еді. Бұл қолдан жа-салған ашаршылықтың басы болған тауқыметті жыл еді.
Пұшық адамның мұрнындай қысқа болған қайырымды жылдардың арты қайғы-қасіретке айналып, Маман қажы әулетінің шаңырағы шайқалып, ұрпағы бордай тозып, босып кетуіне не себеп болған? Басты себеп – Маман ұрпақта-рының «Алашорда» басшыларымен байланыста болып, оларға жәрдемдес-кені. Оларға тағылған айып газет бет-теріне олардың көрсеткен көмектері жайындағы мақалалар екен. Бірақ бұ-ның бәрін ұйымдастырған қазақ ара-сындағы «шолақ белсенділер» екенін қолымыздағы тарихи құжаттар айғақ-тап отыр.
1926 жылға дейін Маман ұрпақта-ры 45 түтін болған екен. Қазіргі таңда Маман ұрпақтарының саны 20 түтінге жуық. 1928 жылдың тамызында боль-шевиктер Есенқұлды тұтқынға алып, 8 ай тергейді. Байлығынан басқа ешбір қылмысы болмағандықтан оны 3 жыл-ға Орынборға жер аудартады. Есенқұл 1932 жылы Орынборда айдауда жүріп қайтыс болған. Мұрағатта сақталған құжаттардан дерек келтірейік:
Тұрысбеков Тәңірберген – Бүйен-Ақсу ауылы №12 ауыл кеңесінің тұрғы-ны, 56 жаста. Отбасы 27 жан, ірі қара айналдырғанда 217 бас малы болып, оның 192 басы кәнпескеленген. 1 ағаш үй, 2 кірпіш үй, 3 киіз үй, 1 бау-бақша, 4 ертоқым, 1 күміс тайтұяқ, 1 қомша, 1 ширмен тәркіленген. Тәңірберген түр-меге қамалып, әулетінен 26 жан Орал округіне жер аударылған.
Бидахмет Сейітбатталұлы – Бүйен-Ақсу ауылы №10 ауыл кеңесінің тұрғыны, 26 жаста. Отбасы 3 жан, ірі қараға айналдырғанда 336 бас малы болып, оның 290 кәнпескеленген. Со-нымен бірге 2 үй, 2 киіз үй, 1 бау-бақша тартып алынған.
Сейдахмет Сейітбатталұлы – Бүйен-Арасанның №10 ауыл тұрғыны, 43 жас-та. Отбасы 5 жан. Ірі қараға айналдыр-ғанда 770 бас малы болып, оның 502 бас малы, 1 ағаш үйі, 1 кірпіш үй, 2 киіз үй, 2 күміс ер, 1 қомша тәркіленген. Өзі түрмеге қамалып, ұрпағы Оралға жер аударылған.
Маманов Қожахмет – Бүйен-қоян-дының №5 ауылының тұрғыны, 52 жас-та. Отбасы 12 жан. 425 бас малының 171 бас малы және 1 үй, 1 киіз үй, 2 кү-міс ер, 2 қомша, 2 кілем тәркіленген. Өзі түрмеге қамалып, отбасы Оралға жер аударылған.
Маманов Есенқұл – Бүйен-қоянды болысының №5 ауылының тұрғыны. 48 жаста. Отбасы 15 жан. 815 ірі қара ма-лының 389 басы және 3 күміс ер, 1 кү-міс белбеу, 1 күміс тайтұяқ, 2 бау-бақ-ша, 2 ағаш үй, 2 киіз үй, 1 кірпіш үй , 1 шапан тәркіленіп, отбасы Оралға жер аударған.
Тұрысбеков Айтмұхамбет – Бүйен-Ақсу ауылы №10 ауылдың тұрғыны жа-сы 35. Екі әйелі, 10 баласы бар. Семья-сы 19 жан. Революцияға дейін 300 жыл-қы, 2200 қой-ешкі, 100 сиыр, 25 түйе, 3000 сомдық сауда капиталы, жайы-лым жері болған. Конфеске кезінде 146 жылқы, 709 қой-ешкі, 8 сиыр, 10 түйесі болған. Кәмпескеге 276 ірі қарасы, 1 киіз үй, 3 күмістелген ертоқым, 3 сыр-мақ, ½ десятина бау-бақша. 1928 жыл-дың 28 тамызында отбасы Оралға жер аударылған. Өзі түрмеге қамауға алынған.
Сонымен, мұрағат құжаттарының (Ф.р-135, оп-1, д- 66, лл. – 9-11) мәліме-тінше, Жетісудағы атаман Анненковтың жендеттері Алашорданың белсендісі болған атақты Маманұлдарының алта-уын «қауіпті жат элемент» ретінде N статьясымен тұтқын алып, 1720 ірі қара малын, тағы басқа заттай-тұрмыстық мүліктерін тәркілеген.
Дәулетті әулеттің ұрпақтарынан тағдырдың әр түрлі сынынан аман қа-лып, жазықсыз жапа шеге жүріп, рух-тары сынбай, ғылымның биігіне көте-рілген Маманова Халида Есенқұлқызы (1918-1977) – медицина ғылымының докторы, Маманов Ыбырайым Есен-құлұлы (1907-1991) – филология ғылы-мының кандидаты, Есенқұлұлы Адай (1925-2007) филология ғылымының кандидаты болып, ҚазҰУ мен Ақтөбе мединститутында, Ұлттық ғылым ака-демиясында қызмет атқарғанын біле-міз. Маман әулетінің көбі ашаршылық, соғыс жылдарында қаза тапқан.

Түйін
Есенқұл қажы ұлт тағдырын өз мой-нына жүктеген Алаш қайраткерлерінің сенімді серігі, тірегі еді. Бұл міндеті – әуелі Құдай Тағала алдындағы мұсыл-мандық парызы, екіншіден, ата-бабасы мен туған елі алдындағы перзенттік па-рызы еді. Ол өзінің ақтық демі таусыл-ғанша антына адал, серті мен сөзіне берік, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі үй-лескен, шын мәніндегі, мұсылманның бес парызына сәйкес, Хазіреті пайғам-барымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) хадистеріне, асыл Шариғат жолына сай ғұмыр кешкен тақуа жан еді.
Иә, ол бай әулеттің баласы еді; Маман қажының сүт кенже баласы еді, сөйте тұра, мына фәни дүниенің бес күндік жалған екенін жан-түйсігімен ұғынып, Жаратушы Жаббарға құлшы-лық еткен, кісі баласына зияндық жа-самаған.
Иә, ол аса ауқатты бай еді, сөйте тұра, жалт-жұлт еткен дүниеге, байлық атаулы боқ-сідікке қызықпай, қазақтың өзге байлары сияқты болыстық, ауыл-найлық жоғары лауазымдық қызметке ұмтылмай, кеудесіне Патша Ағзамның медальдарын тақпай және оған арын да сатпаған қазақ еді.
Дәулетімен ұлтқа қызмет еткен Есенқұл қажыны ешқашан ұмытпауы-мыз керек, бүгінгі заманның қалталы азаматтары Есенқұлдың сара жолын жалғастыруы тиіс!

Қаралым саны 2373

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463