Ай таңбалы ақ мешіт

Лаура ТАЙЫРОВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің аға ғылыми қызметкері

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз Ресейдің қол астына өткеннен кейін патшалық Ресей өз үстемдігін орнату мақсатында отарлау саясатын кең түрде қолдана бастады.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында патша үкіметі татар діндарларының қолымен қазақ халқын мұсылмандыққа бейім-деудің оң нәтиже бермегенін түсініп, бұл саясатын өзгерте бастайды. Халық-ты тілінен, дінінен айырып, орыстандырудың бірден-бір жолы - миссионерлік педагогика жүйесін енгізу еді. Бұл мақ-саттың шешуші кілті орысша білім беретін мектептер екені белгілі. Соған орай патша үкіметі тарапынан мұсылман мектептерін шектеу қолға алына бастады. Бұған негіз болған «Ол мек-тептер халық арасында ислам фанатизмін уағыздайды, содан кейін үкі-метке күмән келтіретін қарсы топтардың тууына алып келеді» деген қауіп еді. Оқу ісі министрі, граф Д. А. Толстой-дың өзі: «Мұсылман мектептерінде дә-ріс беруді бүкіл орыс халқына өшпен-ділік дәнін себуші діни фанаттардың қолына беріп қою – біздің ең басты саяси қатеміз» - деп есептеген.
Ішкі Ордадағы мұсылман мектептерінің өркендеуі Жәңгір хандық құр-ған тұста жақсы байқалды. Отаршылдық орыстандыру саясатының алдын алу үшін әрі халықты діннен ажыратпау-дың амалымен Жәңгір ел ішінде діни мектептер мен медреселердің көптеп ашылуына ықпал жасады. Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ дала-сындағы ең тұңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашады. Аса бір назар аударатын жағдай – ханның бұл мектепті өзі қаржыландырып, өз есе-бінен ұстауы. Жәңгір мектебінің басты ерекшелігі – Ислам діні оқуымен қатар, негізгі пәндер ретінде орыс тілі, ариф-метика, география және Ресей тарихының қысқаша курсы жүргізіледі. Кейін арнайы курс ретінде шешекке қарсы егу ережелері, кітап түптеу, жер өлшеу курстары ашылады. Ханның таңдауы бойынша училищенің меңгерушісі және оқытушысы болып К. П. Ольдекоп, діни оқу мен шығыс тілдерінің оқытушылығына молла Хаким Мұхамед Әминов тағайындалады.
Арнайы діни мамандарды дайын-дау үшін ел ішінен Уфа, Қазан, Орынбор қалаларындағы діни оқу орындарына балаларды жіберіп отырған. Әр ауылға 1 мектеп ашып, әрбір 170 үйге 1 молдадан ұстау ру басшы сұлтандарға міндеттелді. 1845 жылы Бөкей орда-сында әр ауылдың өзінде бір молдадан барлығы 113 молда болған екен.
Белгілі қаламгер Т. Боранғалиұлы «Жәңгір хан» атты кітабында Жәңгір хан руларға тағайындалған молдаларға өз мөрімен бекітілген бұйрық пен ере-желер таратты. Сол себепті де ел ішін-де «нұсқаулы молда» атанғандар Жәңгір берген мынадай жарлықты бас-шылыққа алды деп жазады:
Мешіттер мен мектептер салдыру, апталық және жылдық мерекелерді атап өту, жас балалардың сауатын ашу, жұртты дінді пір тұтып, күн сайын құл-шылық етуге, ораза ұстауға дағдыландыру. Жұма күндері және жыл бойын-дағы басқа да мерекелерде дұға-намаз кезінде имамдық атқару, оны уағыз ай-тумен аяқтау. Ол өсиеттердің үлгісімен ахун қосымша қамтамасыз етеді;
Қара халыққа, мұсылмандық па-рыздан хабары жоқтарға дініміздің қа-ғидаларын түсіндіру, жаңа туған нәрес-теге лайықты есім беру, ұл балаларды сүндетке отырғызу, құда түскендер мен айттырылғандардың некесін қию, өл-гендерді барлық дәстүрімен арулап жерлеу;
Ұлды үйлендіріп, қызды ұзатарда қалыңмал берудің басы-қасында болу, куәлардың көзінше бір ата-анадан «бердім», екіншісінен «алдым» деп айтуды талап ету;
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша некесі қиылмай тұрып, күйеу жігіттің өз қалыңдығына жақын жүруіне тыйым салу;
Күйеуі өлген әйел тұрмысқа шығу-ды қаласа, оның жүкті еместігін сұрап білу, онсыз да өз заңымыз бойынша белгілі уақытқа дейін ешкіммен неке-лестірмеу;
Жесірді әкесі мен анасының рұқса-тынсыз басқаға қоспау;
Қайтыс болған адамдардан қалған дүние-мүлікті ағайын-туысқа өз заңымызбен бөліп беру, егер оған мүмкіндік болмаса, ханға хабарлап, рұқсатын күту;
Ауқатты қазақтарға мал-мүлкінен зекет беру шариғаттың заңдылығы еке-нін түсіндіру, көзін жеткізу;
Өзі молда қойылған ру адамдарының ұрлық-қарлықпен айналыспауын, заңға қарсы іс-әрекеттер жасамауын бақылау;
Қарапайым, хабардар емес адам-дарды бір-біріне күш көрсетуден сақ-тандыру.
Бұл міндеттерді орындауда молда-ларға жәрдем көрсету жөнінде хан осы руларды басқарушы сұлтандарға, би-лер мен старшындарға жазбаша түрде тапсырма берді. Нұсқаулы молдалар өздері шығарған өкімдері, жасаған ұй-ғарымдары туралы жыл сайын ханға жеткізіп тұрды.
Жәңгір молдаларға Қазанда ба-сылған Құран кітаптарын әрқайсысын екі-үш құнан қойдың бағасына алып берді. Ал Қазан университетінің дәріс-шісі Ыбырайым Халфин сауат ашу үшін шығарған хрестоматия оқулығы қым-баттығына қарамай, ауқатты қазақтар арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Орал қаласының өзінен мешіт сал-дыру үшін Жәңгір 1826 жылдың шілде-сінде Шекара комиссиясына өтініш жазды. Жәңгірдің өтініші Шекара ко-миссиясы арқылы Орынбор мұсылмандары діни жиынына түсті. Өтінішін қа-рай келіп, мүфти Ғабдісәлім Мұхамедғабдірахымұғлы ордалықтар бастамасына ризашылық танытқан. Дін ереже-леріне қайшы қадамдар болмас үшін рәсімдердің бәрі заңға сәйкес ескері-ліп, қаланың Қайра деген жерінен бө-кейлік Қарауыл қожа Бабажановтың қаражатына ағаштан қиылған мешіт салынды.
Орда мен Оралды қойып, Орынбордың өзінде мұсылман дінін орнық-тыру ісінде әрісі Тойғара ханым мен Пірәлі хан, берісі Жәңгір, оның баласы Ахметкерей болып Нұралы әулетінің еңбегі сіңді. 1800 жылы Бөкейдің қа-рындасы Тойғара бастаған ынталылар Орынборда мешіт салу туралы Петер-бургке өтініш жіберді. 1802 жылы аға-сы Пірәлі түркімен ханы сайланып, Орынбор арқылы Ресей астанасына өт-кенде осындағы дінбасыларының бірі Ғабдісәлім имам патшадан мешіт салу-ға рұқсат әперуін өтінді. Пірәлі импера-тордың келісімін алып, 1802 жылғы 6 мамырда І Александрдың Орынборда мешіт салынсын деген жарлығы шық-ты.
Сөйтіп, бұған дейін Қарғалы меші-тін орталық етіп келген мұсылмандар Орынборға аяқ іліктірді. Бертін келе мешітті кеңейтуге қомақы қаржы ұсы-нып, Жәңгірдің баласы князь Ахметке-рей қажының да шапағаты тиді. Иман-дылық үйінің жанында Хұсайынов аш-қан қадым медресесінің бірі «Уәлия» жұмыс істеді. Ал мешіттің сапалы са-лынғаны соншалық, ол алдағы ғасыр-ларға мызғымастан жетпек. Кеңес үкі-меті кезінде әуелі студенттік жатақханаға, кейіннен тұрғын үйге айналдырылған ғимараттан әркез имандылықтың белгілері аңғарылып тұрды.
1838 жылы Орынборда Керуен са-рай соборлық мешіті салынатын бол-ды. Жәңгірдің бастамасымен Орда қа-зақтары 9512 рубль (467 рубльдік ал-тын және күміс мәнетпен) қаржы жи-нап, Перовскийге жіберді. Губернатор мұндай көмегі үшін Орда жұртшылығына алғысхат жолдады. Өйткені қа-йырымдылық қаражатына салу көздел-ген мешітке ақша жинап башқұрт, ме-шер кантондарын екі жыл аралаған Ғабдолла Дәулетшин молданың жина-ғаны небәрі 15 мың рубль еді. Енді бө-кей қазақтарының қаржылай қомақты үлесі, Жәңгірдің демеушілігі арқасында сәулетші А. Брюлловтың (суретші
К. Брюлловтың ағасы) жобасымен ме-шіттің іргесі қаланды. Намазға жығылар залы қазақ пен башқұрт киіз үйінің үлгісімен күмбезделді. Еңселі мұнарасы алыстан менмұндалап тұрды. Сөй-тіп, Орынбордың қос ғасырлы тарихи сәулеті қаладағы екінші собор мешіті – Керуен сарайына да Жәңгірдің атынан кірпіш қаланды. Мешіттің тұсаукесері, мұсылман жұрты болып алғашқы на-мазға жығылуы 1846 жылдың 30 тамы-зында өтті. Бір жыл бұрын Жәңгір дү-ние салғанымен, губернатор Обручев қа-зақтардың еңбегін ескеріп, қыр бедел-ділерін мешіттің азан шақыру салтанатына арнайы шақыртты. Батыс бөліктің әкімі Баймағанбет сұлтан бастап, бала-лары Мұхаметжан мен Дәулетқали, кө-мекшісі Мұхаметқали Тәукин, Сырым ба-тырдың баласы есауыл Қазы Сырымов тәу етушілердің алдыңғы қатарында тұрды. Олардың бес күндік пәтерақы, аттарының жем-суы шығынына дейін үкімет көтеріп, сый-құрмет көрсетті. Қа-зақтан гөрі дінге ниеттілеу әрі Орынбор басында қалыңырақ башқұрт ағайын Керуен сарай мешітін көбірек меншік-теді. Кеңес үкіметі орнаған 1918 жылы да мешіт кешенінде Башқұрт үкіметі-облыстық шура орналасты. Одан Баш-құрт ағарту институтына, планетарийге беріліп, діни руханияттан ауытқығанымен, білім-ғылым ісіне қызмет етті. 1924 жылы Қазақ үкіметінің қарамағына беріліп, баспахана орналасты. Қазақ баспасөзінің қара шаңырақ газеті «Ең-бекші қазақ» («Егемен Қазақстан») бір жылдай осында басылды, - деп келті-реді.
Мұсылманшылық – атадан балаға мирас болып қалған ең құнды рухани байлығымыз. Патша үкіметінің саясаты дәурен құрып тұрған заманда да дін тазалығы сақталып қалған. Оның ай-қын дәлелі – Ресейдің қол астында жү-ріп-ақ, Жәңгір хан мұсылман дінін ар-дақтап, халқын имандылыққа бет бұр-ғызу, діни сауатын ашу үшін 1835 жылы Жасқұстағы ең көрікті құрылыстың бірі саналған мешіт салдырды. Халық ара-сында «Хан мешіті» деп аталған бұл діни орын Хан сарайының батыс бетін-де еуропалық архитектура үлгісімен са-лынған. Мешіт үйінің үш жақ бетінде әрқайсысында алтыдан Иоанн Ордені үлгісіндегі колонна орнатылған шағын террассасы бар. Мешіт бір кіші және намаз оқушыларға арналған үлкен бөл-меден тұрады. Еденіне кілем төселген. Құбыла беттегі қабырғада имамның на-мазға жығылатын арнайы орны (мих-рабы) бар. Мешітте Жәңгірдің өзі таға-йындаған ахун (дінбасы) мен екі молда қызмет жасаған.
Патша үкіметінің жүргізген мис-сионерлік саясаты ел басқарып отыр-ған Жәңгір хан үшін оңайға түскен жоқ. Кешен қорындағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан және де Ресейдің (Санкт-Петер-бург, Қазан, Орынбор, Астрахан) мем-лекеттік мұрағаттарынан алынған құ-жаттарды зерттеу барысында Жәңгір-дің Ордада православие дінінің әрекет етуіне қарсы болғандығы туралы көп-теген құжаттар бар. Мына тарихи құн-ды материалдар соның айғағы: 1843 жылы наурыз айының үшінші жұлдызында №274 құжаты бойынша патша үкіметі Ордада христиан шіркеуін салу-ды жоспарлап, ол жөнінде Жәңгірге мәлімдеме жасайды. Осы мәселе жө-нінде Орынбор әскери губернаторы
В. А. Обручевке №309 құжаты бойынша 1844 жылы 25 наурызда жазған хат-тарының бірінде Жәңгір: «Милостивый государь Владимир Афанасьевич! Ваше высокопревосходительство изволили спрашивать меня от 6 декабря 1843 г. за №1199, когда полагаю я сделать окончательный выбор места для пере-несения Ставки моей, где тогда могла бы быть возведена и православная церковь?
Место, где ныне находиться Став-ка, окружена сыпучими песками, кото-рые при основании ее были довольно в значительном от нее отдалении; пос-тоянные ветра здешние несут их ближе и ближе к самым строениям, так что в настоящее время некоторые улицы за-валены песком и большие гряды его лежат около заборов домов, и так как по сыпучести многочисленных окрест-ных песчаных бугров нельзя никакими средствами отвратить таковых нано-сов, то представляется близкая необхо-димость к перемене места, но место предпологаемое мною для новой Став-ки при р.Торгун состоит доселе только во временном пользовании Орды,...» деп, Ордасын сусыма құмның басуына байланысты Тарғын өзені бойына кө-шіргелі отырғанын желеу етсе, ал Орынбор әскери губернаторы Обручев-тің граф П. Д. Киселевке жазған хатын-да: «Милостивый государь граф Павел Дмитриевич! Я требовал от хана Внут-ренней орды сведений о количестве людей православного исповедания, постоянно находящихся при его Ставке, и сколько приблизительно таковых приезжает туда во время весенней и осенней ярмарок; на что генерал-ма-йор Джангер отозвался, что при Ставке его из людей православного исповедания постоянно проживает домами и находится в услугах при доме самого хана мужского и женского пола 114 че-ловек, казачьих чинов, как астраханс-ких, так и уральских – 134, а при них жен и детей – 21. В ярмарки приезжает туда до 300 человек, пребывание которых продолжается здесь не более как от 5 до 15, и весма редко до 20 дней; при-том часть этого времени проводят они в степи для закупки у киргизов скота» - деп, Ордада орыс тұрғындарының аз-дығын айтса, ал жәрмеңкеге келетін үш жүздей адамның уақыттарының біраз бөлігінде қазақ қоныстарынан мал са-тып алу үшін қырда жүретіндігін алға тартты. Бұл Жәңгір ханның патша ше-неуніктерінің жарлығына ашық қарсы-лық білдіре алмағанымен, Ордасына шіркеу салдырмаудың амалы еді. Ал соңғы жолдаған хатында ол губернатор В. А. Обручевке: «Қазақтар өз дініне те-рең берілгендіктен, басқалар үшін мұн-дай құшыр-зекетті мүлде теріс қабыл-дайды. Халықтың өз діни сенімі аяққа басылады. Ел ішінде әртүрлі пікір, қо-балжу туады. Ашықтан-ашық қарсылық болмаған күннің өзінде, жұрттың маған деген сеніміне селкеу түседі. Менің басқаруым мен қояр талабыма, мұсыл-мандық парызыма күмән келеді», со-ған орай Ордада тек көшпелі әскери шіркеулерді ғана орналастыруға бола-тынын мәлімдеген.
Халық наразылығының туып кетуі-нен тайсақтаған Орынбор губернаторы да осы шешіммен келіскен екен. Сөйтіп, Жәңгірдің айла-амалының арқасында уақытша болса да, отаршылдық саясат-тың бір саласы тежелуге мәжбүр болды.
Не десек те, Жәңгір өмірден өткен-ше Ордада христиан дінінің енуіне жә-не шіркеу салдыртуға ешқандай келісім бермегендігіне бірден-бір дәлел – осы құжаттар. Арада көп жыл өткенде ғана Ордада Александр Невский шіркеуі са-лынды. Осы кезге дейін Ордадағы
А. Невский атындағы христиан шіркеуі 1864 жылы салынды деп айтылып та, жазылып та келді. 2009 жылы кешен қызметкерлері Астрахан қаласындағы мұрағаттан Бөкей ордасына қатысты көптеген материалдар алып келген бо-латын. Осы құжаттарды зерттеп-зерде-леу барысында шіркеу жөнінде былай делінген:«Дело №89 Ходатайству цер-ковного причта Александра Невской Нарын-Песковской церкви о постройке нового храма в Ханской Ставке. Суще-ствующий в данное время храм по своим обьемам совершенно не удов-летворяеть нужд православного насе-ления; будучи построенным в 1860 го-ду, когда православного населения бы-ло всего 150 человек обоего поля, храм этот вполне обслуживал нужду этой местности...» - делінген. Осы құжатқа сүйенсек, Ордада Александр Невский шіркеуінің 1860 жылы салынғанын көруге болады.
Орынбор генерал-губернаторы
В. А. Перовскийдің Мемлекеттік мүлік министрі П. Д. Киселевке: “Ресей үкіметі Жәңгірдің Ішкі орданы басқаруынан ұту былай тұрсын, қайта көп нәрседен айырылды. Жәңгір Ресей патшасына сенімді және игілікті қызметші ретінде еңбек етпеді, оның Ішкі Орданы басқа-руы Ресейге пайда келтірмей, керісін-ше, орасан зор зиян келтіргендей әре-кет етті... Жәңгір Жоғары үкіметті теріс бағытқа әкеліп, адастырды”, - деп (Ре-сей ҒА Петербург филиалы 157-қор, 2-тізімдеме, 79-іс, 10-11-п. және ҚРОММ 4-қор, 5-тізімдеме, 3546-іс, 35-п.) тісін қайрап жазуы, сонымен қатар Жәңгір-дің Ішкі орданы басқарып, Ордада мұ-сылман дінін таратуы Ресейге бәрінен де артық есепсіз залал әкелді», - деп Жәңгірге зәрін төгуі тегін емес.
Жәңгір хан өлгеннен кейін ол сал-дырған мешіті өртеніп кетті. 1888 жы-лы жаңа мешіт тұрғызылды, оны жер-гілікті тұрғындар «Қазақ мешіті» деп атап кеткен. Кейін ол «Пионерлер үйі» деп аталды. Ол 1966 жылы белгісіз жағ-дайда өртеніп кетті. 1892 жылы Ордада жергілікті татар ұлты өкілдерінің ұйытқы болуымен діни мектеп ашыла-ды. Мұнда, негізінен, мұсылман дінінің хадистері оқытылып, болашақ діни қызметкерлерді даярлау қолға алын-ды. Мектеп үйінің салынуына жергілікті татар қоғамынан 3000 сом қаржы жи-налады. Мектептің жанынан арнайы орыс класы ашылып, жұмыс жасаған. 1895 жылы осы мектеп үйінің жанынан жергілікті татар ұлтының тұрғындарынан жиналған қаржыға мешіт салынады. Татар мешіті 1934 жылы өртеніп кеткен.
Кейбір тарихшыларымыз Жәңгірді «патшаның сеніміне кірген, сондықтан да шіркеу салуға бірден келісім бер-ген» деп, Орданың көркеюіне атсалысқан, алғаш мешіт салдырып, халықты имандылыққа шақырған тұлғаны ала-сартпақ ниетте. Жәңгір Бөкеевтің қазақ мемлекеттігі тарихындағы атқарған рө-лін әділ бағалап, оның есімін ұрпақтар есінде қалдыру мақсатында бірқатар іс-шаралардың жүзеге асырылғаны да мәлім. Өз заманынан озық туған хан-ның діни бағытта жүргізген саясаты да бүгінгі күн талабымен үндесіп жатқандай.

Қаралым саны 1713

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463