Музей – асыл мұралар мекені

Ақ Жайық өңірі – тарихи жәдігерлерге бай, қасиетті өлке. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтарда осы далада көшпенділердің алғашқы тобы пайда болды. Батыс Қазақстан ғұндардың, печенег-тердің, оғыздардың, қыпшақтардың, қимақтардың өмір сүріп, өзінің көне мәдениетінің іргетасын қалаған жерлері болатын. Ал осы Ұлы даланың тарихын, мәдениетін, халықтың тұрмыс-тіршілігін баяндап, мол мағлұмат беретін шежірелі орын – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі.

«Қазып тапқан
Жоғалған жүзден бірін,
Ғасыр өткен, ат-жөнін іздеу қиын.
Бұйымдар тұр музейде, иелері
Өмір сүрген сан ғасыр бізден бұ-рын» - деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жыр арнаған бұл музей – сонау ерте за-маннан ата-бабаларымыздан қалған мұраларды сақтап, зерттеп, зерделей-тін, келешек ұрпаққа жеткізіп отыратын киелі қара шаңырақ.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі алғашында 1836 жылы Орал әскери училищесі жанында М. Ку-рилин мен Г. С. Карелиннің қатысуымен құрылған. Музей әскери оқу орнында, кейінірек көркем және графикалық фа-культет, қазіргі уақытта «Пушкин» қо-нақ үйі ғимаратында орналасқан. 1870 жылы музей Оралдың реальдық оқу орны, қазіргі Ж. Досмұхамедов атын-дағы Орал педагогикалық колледж, ғи-маратына көшірілген. Кейіннен облыс-тық атқару комитетінің шешімімен му-зейге XІX ғасырдың соңында орыс-қыр-ғыз мектебіне арнап салынған екі қа-батты ғимарат берілді. 2004 жылы ғи-марат күрделі жөндеуден өтіп, зал экс-позициялары қазіргі заман талабына сай жабдықталып, «Археология», «Қа-зақ хандығы және Бөкей хандығы құ-рылуының тарихы залы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының залы», «Тә-уелсіз Қазақстан» тарихи залдарымен толықтырылып ашылды. Өткен жылы «Тәуелсіз Қазақстан залы» «Елбасы және Тәуелсіздік залы» болып өзгер-тіліп, қайтадан жабдықталды.
Бүгінде музей жанынан құрылған 11 филиал қызмет етеді. Олар: облыс орталығы Орал қаласында Жәңгір хан тарихи-этнографиялық музейі, Е. Пу-гачев музейі, А. С. Пушкин музейі, С. Ғұ-маров музей-үйі, Табиғат және эколо-гия музейі, облыс аудандарында Сы-рым атындағы тарихи-өлкетану музейі, Д. Нұрпейісова атындағы өнер музейі, М. Мерәліұлы атындағы тарихи-өлке-тану музейі, Көктерек тарихи-этногра-фиялық музейі, Ақпәтер тарихи-өлке-тану музейі, Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейлері.
Қазіргі таңда тарихи-өлкетану му-зейінде 130 мыңнан астам экспонат бар. Бұл, әрине, аз көрсеткіш емес. Ең бастысы, сол жәдігерлердің саны емес, салмағы, құндылығында. Музей қыз-меткерлері экспонаттарды молынан жинақтап, оны зерттеп, зерделеп, келе-шек ұрпақтың еншісіне аманат етіп қалдыру мақсатында бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл сайын му-зей қызметкерлері арнайы мереке күн-дерінде, тарих беттерінде өзіндік қол-таңбасын қалдырған қайраткерлеріміз-дің мерейтойларында халықпен кезде-су, әдеби кештер, жылжымалы көрме-лер, тақырыптық дәрістер өткізіп тұра-ды. Мұның бәрі – облыс халқының, қала қонақтарының рухани игілігі үшін жаса-лынып отырған жұмыс. Мәселен, жы-лына бір мәрте музей күніне орай «Му-зей түні», «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылып тұрады. Осының ая-сында музейге кіру тегін болып, көпте-ген көрме жасақталып, концерттік бағ-дарламалар ұйымдастырылып, әр түрлі шеберлік кластары мен жәрмеңкелер орын алып, халықпен тығыз байланыс орнайды.
Көне жәдігерлер мекенінің босаға-сынан аттаған қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар, мемлекет басшылары мен шет елдік қонақтар ел-дің, халықтың бай мәдениеті мен шер-лі де шежірелі тарихы жөнінде мол тү-сінік алып шығары анық. Музей экспо-зицияларына қойылған археологиялық коллекциялар: қыш құмыралар мен ке-рамикалық ыдыстар, қазандар, XIX-XX ғасырлардың еншісіндегі кебеже, ер-тұрмандар, күміс, асыл тастармен бе-зендірілген зергерлік бұйымдар, 6 қа-натты киіз үй мен киіз үй жиһаздары, Ұлы Отан соғысы жылдарында оқу құ-ралы ретінде пайдаланылған қарулар: зеңбіректер, көне Жайық қалашығы-ның үлгісі, сол жерден табылған кірпіш тастар, Тақсай ханшайымының алтын әшекей бұйымдары, тарағы мен айна-сы, күйші Дина Нұрпейісованың түпнұс-қалық қамзолы, қысқасы, барлық жәді-герлер, көз сүрінтер құндылықтар әр кезең тарихының сырын шертеді.
Музейге келушілер саны да жыл өт-кен сайын еселеп артып келеді. Өлке тарихына қызығушылардың қатарында Жайық жұртшылығымен бірге өзге об-лыстан келгендер мен шет елдік қонақ-тар да бар. Мысалы, өткен жылы елі-міздің өнер жұлдыздары әншілер Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева, Инди-ра Расылхан, актер Тәуекел Мүсілім, шет елдік Ұлыбритания елшілігінің Қазақстандағы өкілі музей қонағы болды.
Шыны керек, бүгінде музей – тек жәдігерлерді сақтайтын қойма ғана емес, ол халықтың рухани демалатын, таным-білімін ширататын, әсіресе, жас өскелең ұрпақ жаңаша сипатта ықылас танытатын құндылық ошағы, руханият ордасы. Студент, оқушы жастардың му-зейге келіп, тек экскурсия жасап қана қоймай, ондағы асыл бұйымдарға, та-рихтың нағыз дереккөздеріне қызығу-шылық білдіріп, әдістемелік көмек алып, өз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатады. Бұл да біз үшін үлкен жетістік.

Гүлбөбек ЖӘРДЕМҒАЛИҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы

Қаралым саны 1619

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463