Армысыздар!

Журналымыздың осы саны мамыр айына шығуы керек еді. Көлденең себептерге байланысты кешігіп, енді ғана қолдарыңызға тиіп отыр. Оның есесіне журналдың көлемін қалыңдатып, бетін көбейтіп, айыбымызды өтеуге тырыстық.

Осы уақыт ішінде біздің тарихи тақырыптарды сүйетін оқырманға жағымды бір үлкен жаңалық «Батыс Қазақстан об-лысының тарихи-мәдени, табиғи мұрасы» атты өлкетану олим-пиадасы дер едік. Оқушылар арасында өткен бұл олимпиада Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Бөкей ордасының 215 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мақсаты – өлкетану қозғалысын жандандыру, шығармашылық қабілеті бар, өлкетану-дан зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізіп отырған және өз көзқарасын қорғай білетін дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, өлкетану саласында зерттеу әдістерін шыңдау. Тәжірибе алмасу, жұмыс нәтижесін қорытындылау. Біздің «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы осы шараны ұйымдасты-рушылардың бірі болды, әрі іріктеу кезеңінен өткен оқушылар екінші сатыда журналда жарияланған тақырыптар бойынша қо-йылған сұрақтарға жауап берді. Журналымыздың алқа мүшесі, тарих магистрі Құрымбаев Айболат Шамұратұлы қолға алған осы жоба – өлкетанушы оқушылардың олимпиадасы болашақта дәс-түрлі түрде өтеді деп жоспарланып отыр.

Оқушылардың осы олимпиадаға келіп түскен үздік жұмыс-тарын болашақта журнал бетінен көресіздер.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 951

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463