«Жайықта Шарабасов біреу ғана...»

Әспет ӨТЕҒАЛИҚЫЗЫ,

Серікқали Шарабасовтың жары

Ақ Жайық өңірінің асыл перзенті, әдебиеттанушы-ғалым Серікқали Ғабдешұлы Шарабасовтың өңір тарихында алар орны ерекше. Ар мен адалдық желкенін биік ұстап, тегі есіміне айнала жаздаған Шарабасовтың өмірі көпке үлгі болды. Ауыр дерттен арылмай кеткен аңыз адам 70-ке толар шағында мәңгілік сапарына аттанып кетті. Оқырман назарына Серік ағаның бала шағының куәсі болған сыныптасы Ғабдырашит Карменұлы мен жары Әспет Өтеғалиқызының естеліктерін  ұсынамыз.

«Серік үй шаруасына
олақтау еді...»
Біз Серік екеуміз 1972 жылдың қаң-тарында таныстық. 1971 жылы Орал пединститутының физика-математика факультетін «математика пәнінің мұға-лімі» болып бітіріп, өз ауылыма – қазір-гі Сырым ауданына жұмысқа орнала-сам деп қайтқан едім. Алайда аудан-нан жұмыс табылмай, мені аудан орта-лығынан 18 шақырым жердегі Абай совхозына жіберді. Енді орналасқан кезім. Ол кезде Серік институттың қа-зақ тілі кафедрасының меңгерушісі бо-лып қызмет атқарып жүрді. Аудандар-ды аралап, тексерістер жүргізіп жүріп, біздің ауылға да келген екен. Мен ол кезде машинка да басамын, Серік ма-ған келіп, анықтама, болмаса тағы бас-қа қағаздарын бастырып алатын еді. Осылай таныстық... Кейін қалаға оқуға, білімімді жетілдіруге келген кезімде Серікті көріп жүрдім. Екеуміз көңіл жа-растырып, 1974 жылдың тамызында үйлендік.
Алғаш құрсағыма біткен қызымыз шетінеп кетті. Ұзақ күттіріп, 1980 жылы ұлымыз Жайық өмірге келді. Араға төрт жыл салып Еділ туды. Серіктен көрген қос қуанышым, қос бақытым, қос қанатым екі ұлым еді.
Отау көтерген соң Орал қаласында тұрдық. Қазіргі педагогикалық лицейге қарама-қарсы үйіміз өте салқын бола-тын. Амалсыз қаражат жоқтығынан тұ-руға мәжбүр болдық. От жағамыз. Орыстың пешіне қалаған отымыз тез суып кететін, тұрбаны жабуға «уланып қалармыз» деп қорқамыз. Үй тіпті жазда да салқын күйінде тұратын. Кө-мір тасып, ағаш жарумен ептеп қыстан өтетінбіз. Серік үй шаруасына олақтау болды. Өздігінен ештеңе істеп баста-майтын, тіпті шеге мен балғаның қайда тұрғанын да білмей кетті-ау... Алайда бала тәрбиесіне, олардың оқуына тіке-лей өзі жауап беретін. Олардың тәртібі, жүріс-тұрысы, киім-киісі, оқу-тоқуын Секең өз мойнына алған еді. Қоғам-дық шараларда қасынан тастамайтын. Үйренсін, көрсін дегені болар. Пәтер-ден пәтерге ауысып, ішерге ас, киерге киім таппай жүргенде, қиналған шақта да оның мықтылығы, адалдығы шығар, әдебиетті тастамады. Қос ұлымызды асыраған да осы әдебиет, Серіктің ең-бекқорлығы. Кейіннен, 1981 жылы қа-зіргі үйімізге көшіп келіп, қуанған едік. Жайық пен Еділім өзі оқыған универси-теттің тарих факультетін бітірді. Жайы-ғым мемлекеттік грантпен оқыса, Еді-лім ақылы бөлімін бітірді. Сол кезде Серік ешкімнің алдына барып, жалы-нып, басын иген емес. Қайран Серік, құ-діреті жетсе де ақ, жолдан, адал істен ат-тамады. Азамат десе, азамат еді ғой...
«Серікті достары
қатты құрметтейтін...»
Серік көп оқитын. Көп ізденетін. Оқыған нәрсесін еш ұмытпастан айтып беретін. Ол Абайды көп оқыды. Кез келген жерде, той-томалақта да Абай-дың даналығынан мысал келтіре сөй-лейтін. Қадырдан, Жұбаннан да аттап өтіп кете алмайтын. Әлі күнге дейін
М. Әуезовтың «Абай жолы» романын қайталап оқи беретін. Маған роман-ның кейіпкерлерін, олардың қызықты жағдайын, даналығын айтатын. Менде қайбір ес бар дейсің, оны түсіне қой-майтынмын. Оның ауызынан тастамай-тын тұлғасы Қабдолов болды. Ұстазы, ақылшысы, ағалық ниеті түзу жан еді. Талай мәрте дәмдес болдық. Үйге қо-нақ, студент келсе, дастарханнан дәм татырмай жібермейтін. Сондағы бары – дастархан бетіндегі тамақты ұсынады. Әсіресе, студент келсе, шіркін, қалай қуанатын еді?! Тіпті өзі ауырған кезде де үйімізден қонақ арылмайтын, сыр-қаттанып жатса да, солардың қамын ойлап, келешегіне алаңдайтын. Соңғы тобын шығарып, диплом алып, жұмыс-қа орналасқанын көре алмай кетті. Соны өзі де сезетін еді...
Ол ауырғанда жанынан үлкені де, кішісі де табылды. Достарының бар болғаны қандай жақсы. Кіл мықтылар, жақсы жандар, ақ ниетті адамдар. Серікті қатты құрметтейтін. Оның бірге оқыған сыныптастары, достары Ғабды-рашит Карменов, Серік Лұқпанов, Бақыт-жан Әубәкеров, Төлеген Мерғалиев, Нәсіпқали Дәулетов. Талай мәрте қуа-нышты да, қайғыны да қатар бөліскен жандар осылар. Сәкеңнің жан досы – Ізбасар Ерғалиев еді, қайтыс болып кет-ті. Оны қатты сыйлайтын. «Баяғыда док-тор болатын адам» деп ауыр күрсінетін.

«Оның қайтыс болғанын да естімегендер бар екен...»
Серік досына адал, ініге аға, ағаға іні бола алатын асыл жан еді. Ол еш-кіммен қырғи-қабақ болып, билікке та-ласып жүретіндердің қатарынан емес. Қолынан келе ме, істейді, келмей ме, бастамайды. Оның бар ойы – шәкіртте-рінің келешегі, солардың адам болып кетуі. Шәкірттері де «Шарабасов аға-йын» әкесінен кем көрмейтін. Тіпті Серік дүниеден өтіп, жерге түскен күні телефонына смс келді: «Ағай, жұмысқа орналастым» депті. Шамасы, телефоны-на қоңырау шалып, ала алмаған, алыс-та жүрген шәкірттерінің бірі болса ке-рек... Жүрегім қатты ауырып кетті. Әй, Секең-ай... Ол ғұмырда телефонын қал-тасына салып, онымен әуре болып жүрмейтін. Біреуге қоңырау шалып, өз-дігінен іздемейтін. Тіпті шырылдап, бе-зілдеп жатқан дыбысына да қарамай-тын. Баяғы мен шауып барып, әкеліп: «Анау звондап жатыр, мынау звондап жатыр» - деп беретінмін, сонда да, шір-кін, оған құмар болмай кетті ғой. Қазір-гі ұстап жүрген телефонын 2012 жылы бітірген тобы сыйлаған еді. Ішінде қыз-дарының, шәкірттерінің нөмірі болды. Бәрінде Серіктің нөмері болса да, өзін-де ешкімдікі жоқ болатын. Мен әзіл-деп, студент қыздарын «Шарабасова» деп атайтынмын. Бар ойы шәкірттерін-де болды. Бәрінен артық көретін. Тіпті өзінің қос ұлы жұмыссыз жүрсе де, қи-налмайтын, «іздесін, тапсын» деп міз қақпай отырып алатын.
Бір қызық айтайын, тұңғышым Жайық оқу бітіріп, әскерден келгесін жұмыссыз жүрді. Мен ол кезде қалада-ғы, үйіміздің қасындағы №1 мектепте қызмет ететінмін. Жайық жұмыс сұрап, №6, 9 мектептерге барған. Жұмыс жоқ. Серікке айтсақ: «Немене, қалада бар-жоғы үш-ақ мектеп пе? Қалада 45 мек-теп бар, бірінде болмаса, біреуінен та-былар, іздей берсін» - деп отырып алды. Осылайша, Жайық сәуірге дейін жұмыс-сыз жүрді. Сәкеңе: «Сені бәрі таниды ғой, балаңа жұмыс тауып берсеңші, та-ныстарыңа жолықсаңшы» десем, ба-сын ала қашатын. «Мен өзім адам бол-дым, өзім таптым, іздедім» дейтін. Еш-кімнің алдына барып қолын жайған емес, жарықтық.

«Ол үшін жұмыстан қалу
үлкен трагедия еді...»
Серік немерелерін қатты жақсы кө-ретін. Олар келсе, оның жүзінен күлкі кетпей, ауырғандығын, сырқатын ұмы-та жаздайтын. Қос ұлымыз аяқтанып, отбасылы болғанын тірісінде көріп кет-ті. Жайығымнан тараған қос немерем – Даяна, Айзере еді. Еділім қазіргі таңда Лондонда оқуын жалғастырып жатыр. Серік ауырғанда келіп, әкесін бағып, қасында болып кетті. Баларына өте ри-за еді. Бар бақыты – қос перзенті ғой. Қос келінім Мәриям мен Гүлниса да Серікті қатты жақсы көретін. Оларды да өз қыздарындай аялап өтті.
Секеңнің соңғы сапарына Астана-дан Жайық келді. Еділ Лондонда болға-сын, келмегенін жөн санадық. Жайық та әкесінің жетісін өткізіп, жұмысына қайта кетті. Өйткені олардың бос жат-қанын әкелері де кешірмес еді. Серік ешқашан жұмысынан себепсіз қалып көрген емес. Облыстық шараларға қа-зы болуға шақырғанда да ол сабағынан сұранбай бармайтын. Ол үшін қызметі бәрінен қымбат еді. Ауырып жатқанда да ойы сол жақта болатын.
Қысқы демалыстан студенттер ке-ліп, сабақ басталар уақытта ол жұмы-сына барғысы келді. Біз оған «сабағың жоқ» деп өтірік айттық. Мені тыңда-май, түс мезгілінде университетке ба-рып, сабақ кестесін қарапты. Сонда са-бағы өтіп кеткенін көріп, қатты қинал-ды. Кафедрадағылар үйге телефон ша-лып: «Апай, Серік ағаны жібермеңіз, сабағын өзіміз бір ретін келтіреміз» - деп өтінгесін, жібермеп ем, қайдан бі-лейін?! Маған ренжіп: «Өзі өлейін деп жүрген адамды одан сайын өлтірдің-ау» деп бұлқан-талқан болды...
Ол балаларының оқудан қалмаға-нын жөн санады. Өзі де қалмаушы еді. Ол үшін жұмыстан қалу үлкен траге-дия еді. Соңғы сапарына аттанар ал-дында ауруханада жатты. Төсекте жа-тып та кітаптары мен газет-журналын тастамайтын. Дәрісін ішпей, емін қа-былдамаса да, газет оқитын. Басылым-дардың жаңа санын апаруды ұмытсам, айқайға басатын. Сонда оқитыны «Еге-мен Қазақстан», «Жас Алаш», «Орал өңірі» т.б басқалары еді. Мен аурухана-ға тамақ емес, газет-журнал тасумен жүрдім ғой.
«Таза жүруден «мастер» еді...»
Серік – көпті көрген, көп тоқыған жан. Мен оның жары болғаныма, тағ-дырымыз тоғысқанына шексіз бақыт-тымын. Біздің арамызда ешкім жаман атаққа ие емес еді. Ол ешкімді жаман-дап, сыртынан тон пішіп жүрмейтін. Оның мықтылығы сол шығар. Ініге ме-йіріммен, ағаға махаббатпен, қарын-дасқа ниеті түзу жан еді. Інісіндей бо-лып кеткен қаламдастары Ғайсағали Сейтақ, Амангелді Шахин, қарындаста-ры Мира Шүйіншәлиева, Түймеш Мал-бағарқызына оның ниеті қашанда түзу. Аталмай кеткендер де қаншама?! Ол адамға жақсы көзқараспен қараса, еш-қашан жамандығын көрмейтін. Көргісі де келмейтін. Бір құрсақтан шыққан туысы болмағасын да шығар, бәріне құшағын айқара ашып тұратын.
Серік жалғыз өскен. Әкесі – Ғабдеш, анасы Жұбай еді. Жалғыз болғасын да шығар, анасы оны оқытқысы келмей, қасынан жібермей жүргенде Әбу Сатымов ағалығын танытып, оның оқып-тоқуына себепші болған екен. Мен оның бала кезін біле бермеймін. Бір білерім – интернатта жатып оқыған-да Серік үшін Бақыт деген апайдың ор-ны орасан зор болған. Апайы оған таза-лықты, таза жүруді үйреткен екен. Серік ары да, жаны да, тәні де таза адам болды. Ол үйде бір түйір нан қиқымын, болмаса, бір затты көрсе, алып, қоқысқа тастайтын. Отырғанда да қолымен жерді тазалап отыратын. Өте таза адам болды. Өзін қатты күте-тін. Жуынып-шайынудан, таза жүруден «мастер» еді.

«Ұстазына қатты ұқсағысы
келетін...»
Серіктің өмірінде Зейнолла Қабдо-ловтың алар орны орасан. Талай мәр-те дәмдес те болдық. Ұстаз да бола біл-ген, аға да бола білген жан еді ғой. Зейнолла Қабдолов Қазақстанның 14 облысынан 14 шәкірт тәрбиелеген екен. Соның ішінде Батыс Қазақстан-нан Серік еді. Олар әйгілі Әуезов дәс-түрін, Қабдолов миссиясын жалғасты-рушылар ғой. Алматыда оқып жүрген-де олар ұстазының үйіне баратын. Сәуле апамыздың асын жеп, дәмінен ауыз тиіп кететін.
...1979 жылы Зейнолла аға Оралға келді. Аудандарды аралаған, Оралда студенттерге лекция оқыған. Қонақүй-де жатса да, Серік оларды үнемі үйге шақырып, қонағасы беретін. Бір күні тамаққа картоп ішіне күріш салып пісіріп дайындаған едім. Ағайға қатты ұнап қалыпты. Өзіме айтпай, Сәуле апайға айтатын көрінеді: «Әспеттің пісірген тамағының дәмдісін-ай, бұрын жеп көрмеген тамағым» депті. Мұны маған Серік айтты.
Секең ұстазына ұқсағысы келетін. Тіпті оның жиі айтатын «айналайын», «данышпаным» деген сөзі Зейнолла ағайдың лексиконынан алынған екен.
Серік серуендеуді ерекше жақсы көретін. Жаяу жүруді, немересін ойна-туды, таза ауамен қыдыруды, Жайыққа баруды қалай жақсы көрді десеңші?! Ол босаса, не кітап оқитын, не серуен-дейтін. Жайық өзенінің жағалауына барған әсерін маған айтатын, кейде мені ерте кететін. Маған әсерін бөлісіп: «Жайық жылап тұр», «Жайыққа нұр та-мып тұр», «Жайықтың жаны жаралы» деп айтатын, мен оны түсіне қоймай-мын ғой. Ауырып жүрген кезінде де ба-рып тұрды. Тіпті Секеңнің күнделікті режимі, әрбір таңы Жайыққа барумен басталатын. Жайыққа сәлемін беріп, жұмысына, тірлігіне кірісетін. Бұрын марқұм Зейнолла ағай да қасынан тас-тамайтын болуы керек. Бірде Зекең: «Серік, жүр, кеттік!» депті. Серік оған: «Қайда?» деген болуы керек. Сонда ағай: «Менің шәкірттерім көп, неге еке-нін білмеймін сені – «жәмән Шараба-сов» - жақсы көрем. Сол үшін «қайда» деуші болма!» деп ұрсып тастаған екен. «Жәмән Шарабасовы» да жер қойнына кетті ғой марқұм ағайдың.

«Өзін күтсе, әлі де екі жылдай
өмір сүрер еді...»
Ол орысшаға шорқақтау еді. Бір кезде оны партия қатарына шақырды. Тіркелсе, үй беретіні белгілі еді. Серік сылтауы ма, «орысша білмеймін» деп бас тартты. Бірақ балаларымыз орысша білім алды. Ол кезде талап солай, қала-дағы барлық мектеп орысша, сабақ орыс тілінде жүрді. Баларымыздың орысша білім алғаны жанымызға бата-ды. Қайтейік, қолымыздан келмеді...
Қос ұлымыз орысша сөйлегенде Серік те қысылатын. Өзі тілдің жанашы-ры болған адамның ұлдары басқаша сөйлесе, елдің айтары белгілі ғой. Әкесі оларға хабарласқанда үнемі қазақ әдебиетін, тарихын оқуды тапсыратын. Шүкіршілік, олар бұрынғыдай емес, шет елде жүрсе де, ана тілін еш ұмыт-пайды. Дәстүрін, салтын, әсіресе, әкеле-рінің еңбегін еш ұмытпайды. Серік қай-тыс болғанда дос-жарандарының жоқ-тауларын, арнауларын, естеліктерін ке-ліндерім әлеуметтік желілерден көп көріпті. Оларды жинақтап жатырмыз.
Шыны керек, Серік жар қадірін, ба-ла бақытын сезініп кетті. Бақытты шы-ғар деген үміттеміз... Серіктің бір қате-лігі – ол өзін күтпеді. Науқасына байла-нысты оған күнге, желге шығуға бол-майтын. Бірақ ол табиғатты терезеден тамашалауды азап көретін. Отасынан шыққан күні бірден Жайық жағасына барды. Бізді, дәрігерлерді де тыңдама-ды. Ол өзін күтінсе, әлі екі жылдай өмір сүретін еді. Қайтсін, жанын қинағысы келмеген болар. Кетерінде «Не айтасың, айтарың, өсиетің бар ма?» деп көп сұ-радым, ештеңе демеді. Абыроймен кет-ті ғой мәңгілік сапарына. Мен бақытты-мын! Серіктің соңындағы жалғыз мирас-қоры болу да оңай емес. Барлық мұра-сын жинақтап, топтағым келеді. Арқа-ма ауыр жүк түсті. Абыроймен арқала-уым керек. Жанымда болмағаны жа-ныма қатты батады. Қайтеміз, жатқан жері жарық болғай, жарықтықтың!

Ғабдірашит КӘРМЕНОВ,
сыныптасы, досы:
«Сол қолының соққысы
қатты еді...»
– Мен Серікқалиды 8-сыныптан бері танимын. Бұрынғы Жаңақала ауданы-ның орталығы – Новая Казанканың Киров атындағы орта мектебінде 8 «а» сыныбында оқыдық. Мен оған дейін ауданға қарасты Ұялы елді мекенінде
7 жылдық мектепте оқыдым. Келесі, 1960 жылды Серікпен бірге оқып, пар-талас болған едім.
Басында бәріміз де ауылдан ұзап шықпаған аңғал да ұяңдау бала едік. Сотқарлығымыз кейін пайда болды ғой. Аудан орталығы біз үшін қала сияқты көрінді. Біз оқыған мектепті «Қызыл мектеп» дейтін. Секеңмен біз бар-жоғы бір жыл оқыдық. Бір жыл бір ғасырға татитындай мезгіл болды ғой, шіркін. 9-сыныптың басында ол белгілі себептермен ауданға қарасты Маштек-сай ауылдық округіндегі мектепке ауы-сып кетті. Серік алғыр бала еді. Бойы кішкентай, сөздің шебері, ән мен жыр-ға жақын болатын. Ол кезде ауыл ше-тінде «Ғұмар бағы» деген болды. Үнемі сол жерде өндірістік сараманнан өте-тінбіз. Серік еті тірі жігіт болды. Сынып жетекшіміз математикадан беретін Қалила Түменбаева еді. Тұрақты өтетін шараларда, сыныпаралық жарыстарда Секең ән мен жырға ешкімді жолатпай-тын. «Черная моря моя» деген әнді ауызынан тастамайтын. Оның орысша айтқан әніне қыздар да қызығатын. Ол қызығарлықтай жігіт еді. Тап-таза, тия-нақты, ісіне шебер. Оның сотқарлығын көп көре бермедік. Мүмкін онымен бірге оқып, бірге бітірген жігіттер біле-тін шығар. Алайда жігіттер оның сол қолымен жақсы ұратынын жиі айтатын. Шамасы, сол қолынан соққы жеген жі-гіттер болған болып тұр ғой...

«Бір-бірімізге кітап
сыйлайтынбыз...»
Секең өзінің айтуы бойынша, шөп шабатындардың қасында жүрген екен. Шөптің жібін байлап, оларды ретке келтіретін. Қолымыз тиген уақытта ауылдың үлкендеріне көмектесіп, қарын ашып, тазалап беретін едік. Серік үнемі сол кездің сәні болған тар шалбар киетін. Бір күні сондай тар шалбарын асыққанда шеше алмай, қара терге малынғаны бар. Әйтеуір, бәріміз жабылып, әрең шешкенбіз.
...Секең жыланнан қорқатын. Бала кезінде шөп шауып жүріп жылан шағып алған екен. Секең оқыған жылы 8-сы-ныпты 23 оқушы бітірдік. Ұл мен қыз шамалас еді. Біз көп оқитынбыз. Серік-тің оқуы да бөлек еді. Кітаптар арзан әрі қолжетімді. 1960 жылы ауылымыз-да үлкен кітап дүкені болды. (Қазір мұндай кітап дүкенін Оралдан таба ал-майсың). Жарысып оқыдық, таласып оқыдық. Мүмкін сол кітап дүкені Серік-тің әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятқан болуы керек.
Кітап оқуға тағы бір себеп – біздің сол кезде дәстүріміз бойынша мереке-лі күндерде бір-бірімізге кітап сыйлай-тынбыз. Әсіресе, қыздар сыйлаған кі-таптарға қалай қуанушы едік?!

«Ақ сөйлеп, ақ жүруші еді...»
Секең бізден кетсе де, арамыз ал-шақтаған емес. Талай мәрте дәмдес болдық. 1964 жылы университет табал-дырығын аттап, үлкен өмірге қадам басты. Секең шалдардың баласы еді. Кейде ойынға бармай, ауыл шалдары-ның әңгімесін тындаушы еді. Ауылдың аңыз қарттарының әңгімесінен көп өнеге алатын. Өзі де аңызға айналарын сезбеді ғой. Ол атақты ғалым атанып, мәртебесі жоғарылап кетсе де, бізді – достарын, бауырларын ұмытпады. Ерекше шешен еді. Ол әңгіме бастаған-да кез келген зал тып-тыныш болатын. Біз мектеп бітіргенімізге 50 жыл толуына орай Жаңақазан ауылында бас қостық. Серікті де шақырдық. Талай кездесу, жиын той өтті. Аудан орталығында да кездесулерде Секеңнің сөзін зал ұйып тыңдайтын. Не құдірет екенін түсінбей-мін, сондай сүйікті адам болды. Ақ сөй-леп, ақ жүретін. Одан айырылып қалға-нымыз жанымызға батқаны рас. Бала күнінен-ақ оның бар арманы ұстаз болу еді. Арманы орындалды. Құм ас-тында қалған балалықты қалай сағын-байсың?! Ұстаздық жолға ғұмырын сарп еткен асылдың әр ісі елге өнеге, ұрпаққа мұра болып қалары анық.
Жазып алған
Меңдібек ЛҰҚПАНОВ,
М. Өтемісов атындағы
БҚМУ студенті

Қаралым саны 1800

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463