«Әлемдік деңгейдегі кино түсіремін!»

Бақытжан ҚАДЕР,

«Болашақ» шәкіртақысының иегері, Нью-Йорк фильм академиясы продюсер мамандығының студенті, Лос-Анджелес, АҚШ

- Бақытжан, әуелі өзіңіз туралы ай-тып берсеңіз. Қандай отбасында дүние-ге келдіңіз?

- 1988 жылы 22 тамызда дүниеге кел-дім. Балалық шағым туған жерім – Батыс Қазақстанның Жәнібек ауданында өтті. Өрісте мал бағып, қаймақ жеп өскен ба-лалыққа не жетсін?! Әкем Қадер – аудан-дық мәдениет үйі, мектеп, музыкалық үйірмелерде сабақ берген ұстаз. Көп-теген музыкалық аспапты меңгерген кәсіби музыкант. Сол себептен шығар, мен де кішкентайымнан музыкаға әуес болып, ән айттым. Әлі есімде, ауылдық жерде жарық өшіп қалған кезде жанұя-мызбен әкемнің ән-күйін тыңдайтын ек... Анам да бос уақытында ән айтқанды жақ-сы көреді. Аллаға шүкір, жанұяда алтау-мыз. Әкем Қадер, Анам Нұрия, ағам Ба-уыржан және екі әпкем Мира мен Наз-гүл. Барлығы да өнерлі адамдар, бірақ әкемнің жолын қуған жалғыз мен. Айт-пақшы, үйдің кенжесімін.

- Бала Бақытжанды білім мұхитын-да еркін жүздіре білген ұстаздары кім екен?
- Т. Жароков атындағы орта білім бе-ретін мектебінде тәлім-тәрбие берген Зәуреш Дәрментайқызы, Мағрипа Еспо-лайқызы... Айта берсем, көп екен. Олар-дың әрбіріне алғысым шексіз. Мектеп тәрбиесі – оқушыны өмірге дайындап, адами қасиеттерін қалыптастыратын орда. Менің де осы кезге жетуім – сол ұстаздарымның еңбегінің жемісі.

- Мектепті тәмамдаған соң қайда білім алдыңыз?
- 2006 жылы мектеп қабырғасымен қоштасып, студенттік өмірге қадам бас-тым. Алланың қалауымен, Батыс Қазақ-стан мемлекеттік университетінің сту-денті атандым. Сапалы білім беріп, ма-ман атануымызға үлес қосқан Меңдіға-ным Мергенбайқызы, Думан Мұқанұлы, Ләззат Қайыржанқызы сияқты ұлағатты ұстаздарымды атап өтейін.

- Оралда болған жылдарды еске ал-саңыз? Шығармашылық бағытта бұл жылдар не берді?
- Орал дегенде ойыма бірден ұстазым, жездем Дәурен Сатқанов келеді. Универ-ситеттегі алған білімімді өмірде тиімді қолдануға, өз жеке кәсібімді бастауыма зор септігін тигізген адам. Үшінші курс-тан бастап «NIDS» дыбыс жазу студиясын аштым. Оралда менің ең қызықты сту-денттік күндерім өтті. Осы аралықта түр-лі конкурстарға қатысып, жүлделі орын-дарға ие болдым. Екі көркемфильм түсі-ріліміне дыбыс режиссері, композитор ретінде қатысып, тәжірибе жинақтадым.

- 2012 жылы республикалық «Жас қанат» байқауына қатысыпсыз?! Осы кезден бастап шығармашылығыңыз-дың өрлеу кезеңі басталған сияқты...
- Иә, байқауда дипломант атанып, ас-таналық өнер мамандарымен тәжірибе алмастым. 2013 жылы Астана қаласына көшіп бардым. Бұл жылдары еліміздің «Қазақстан», «Хабар» сияқты телеарна-ларында дыбыс режиссері болып қыз-мет еттім. Кейін жеке шығып, бас қала-да «NIDS» дыбыс жазу студиясын аш-тым. Бір жыл ішінде көптеген өнер адам-дарымен танысып, бірге жұмыс жасадық. Олардың ішінде Бауыржан Исаев, Дос, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқо-жа, «Трио Z», «Назар аудар» КТК тобы т.б. бар.
2014 жылы ҚР Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құ-рылған «Болашақ» халықаралық бағ-дарламасына қатысып, шәкіртақы ие-гері атандым. Әрине, бәрі оңайлықпен келмейді. Ағылшын тілін жетілдіруім керек болды. 2 ай тынбай дайындалдым. Сөйтіп, 22 тамызда сыннан сүрінбей өт-тім. Туған күніме тамаша тарту болды. 2015 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласын-дағы Колумбия университетінде бір жыл-дық тілдік курстардан өттім. Жаңа орта, адамдар, тағам, климат, дәстүр – барлы-ғы да өзгеше. Бастапқыда екі сөздің ба-сын қоса алмай жүрген Бақытжанның жарты жылдан кейін тілі түзеле баста-ды. Ағылшын тілінде кино көріп, кітап оқыдым. Қазір бұл тілді де бағын
дырдым.

- Нью-Йорк фильм академиясы ту-ралы кеңірек білгіміз келеді...
- Нью-Йорк фильм академиясы – АҚШ-тағы кино саласында сапалы білім беретін оқу орындарының бірі. Голливуд-тың жүрегінде орналасқан өнер ордасын-да танымал режиссер, продюссерлер дә-ріс оқиды. Мұнда әлемнің әр түкпірінен жиналған жастар режиссерлік, продюс-серлік, операторлық, сценарий жазу, ком-пьютерлік дизайн т.б. мамандықтар бо-йынша білім алады. Облыстан шалғай жатқан жәнібектік жігітке де осы акаде-мияда білім алу бұйырыпты. Оқуға түсу үшін ағылшын тілінде жеке шығарма, портфолио, ұсыныс хат сияқты құжаттар тапсыру керек.

- Білім жүйесінде қандай өзгешелік-тер бар? Кемшін тұсы қандай?
- Әрине, АҚШ ең мықты университет-терімен танымал. Сол себептен білім са-пасы, стандарттары өте жоғары. Әр уни-верситеттің өз ережесі бар. Мұндағы са-бақ беру тәсілдері, сабақ кестесі, студент-тік өмір, мұғалімнің студенттерге деген қарым-қатынасы мүлде өзгеше. Бұл жер-де кімнің баласы, не киіп, қандай көлік мінгенің түк маңызды емес. Профессор мұғалімдер студенттермен тең жолда-сындай араласады. Мен қазір продюсер мамандығы бойынша магистрлік деңге-йін оқудамын. АҚШ киноиндустрияда жұмыс жасайтыны белгілі. Танымал про-дюсерлерден сабақ алып, кино бизнесі-нің қыр-сырын меңгерудеміз. Екі семестр-дің ішінде Голливуд жұлдыздары Киану Ривз, Эндрью Гарфильд, Дольф Лундгрен, Мел Гибсонмен т.б. болған кездесулерге қатысып, кино бизнесінің жасалу жолда-рын зерттедік. Арнайы Голливуд блокбас-терлерінің жұлдыздарымен өтетін “Джон Уйк”, “Конг”, “По соображениям совести” фильмдерінің премьераларын тамаша-лап, әлемдік деңгейдегі шоуларға куә болдық. Оқып жатқан тобымда Индия, Қытай, Украина, Ресей, Венесуэла, Перу, Испания елдерінен келген студенттер бі-лім алуда. Солардың арасында жалғыз қазақпын.

- Бір күніңіз қалай өтеді?
- Сабақ кестесі әр күні әртүрлі. Кейде таңғы 9-дан кешкі 10-ға дейін де оқитын кездеріміз болады. Үйіміз академиядан 15 минуттық қашықтықта. «Болашақ» шә-кіртақысының иегері, режиссер, сцена-рист астаналық Айдие Айдарбековпен бірге тұрамын. Сабаққа барар жолда «Dolby Digitals Laboratory», «Warner Brothers» студияларының жанынан өте-міз. Академия 3 корпустан тұрады: басты, монтаж және актерлік өнер ғимараты. Менің әлі күнге үйрене алмай жүргенім – сабақ кезінде студенттің мұғалімнен сұранбай шығып жүре беруіне болады. Сонымен қатар дәріс кезінде тамақ ішу – қалыпты нәрсе.

- «LOST» атты қысқаметражды фильміңіз шығыпты. Құтты болсын! Қашан көре аламыз? Фильм туралы айтсаңыз.
- Рақмет. Иә, бұл менің шетелдегі тұң-ғыш жұмыстарымның бірі. Оқу жүйесі бойынша әр семестрдің қорытындысы ретінде қысқаметражды фильм түсіре-міз және сол жұмысымыздың сапасына қарай тиесілі бағамызды аламыз. «LOST» сөзі қазақшаға «адасқан» деп аудары-лады. Қысқаметражды триллер. Жаңа өмір бастау үшін өзге қалаға бара жат-қан жас жұп жайында. Өткен өмірінде нашаға әуес болған жас жігіт барлығын тастап, ұмытуға бет бұрса да, өмір әлегі оны кері сол жолға әкеледі... Бұл фильм 2016 жылдың қаңтар айында әйгілі HOLLYWOOD жазуы бар Гриффитс паркі-нің бір шетін жалға алып, сол жерде тү-сірілген болатын. Голливудта кино түсіру – балалық армандарымның бірі. Аллаға шүкір, армандар орындалады! Триллер-ге американдық актерлер кастинг арқы-лы таңдалып алынды. Көрермен назары-на жақын арада ұсынуға мүмкіндік бол-майды, себебі бірінші кезекте халықара-лық қысқаметражды кинофестивальдер-ге ұсыну жоспарда.

- Екі елдің мәдениеті мен салт-дәс-түрінен қандай ұқсастық байқадыңыз? Үйреніп кету оңайға соқпаған болар?
- Әр елдің мәдениеті, әдет-ғұрыптары өзгеше болып келеді ғой. Америка елін зерттеумен қатар, жолымызда кезіккен шетелдіктерге туған еліміз Қазақстанды таныстыра жүреміз. Өкінішке орай, көбі-сі біле бермейді, тіпті көрші Қытай елінің кей студенттері Қазақстан десе, аң-таң болады. Соңғы жылдары елімізді бокс чемпионы Геннадий Головкин арқылы тани бастады. Димаш ініміздің Қытай сахнасына шығуы да ел мерейін асыр-ды. Мен де болашақта туған елімнің атын шығаруға үлес қосамын деген ойдамын.

- Сіз тұрып жатырған мекеннің ауа райы қалай? Табиғаты ұнайды ма?
- Лос-Анджелесте жаңбырлы күн өте сирек. Қысқы ең төмен градус +10, ал жаз-да + 30 шамасында болады. Лос-Андже-лес Тынық мұхиты жағалауында орна-ласқан. Бос уақытта көлік жалдап, Кали-форнияны аралаймыз. Гранд Каньен, Юсемит, Секвоя парктерінде қыдырған кездеріміз болды. Бұл жақтың табиғаты-ның өзіндік ерекшелігі мен әдемілігі бар. Бастысы – жол қатынастары жақсы ой-ластырылған. Қалаған жеріңізге тез же-те аласыз.

- Болашақта алға қойған қандай нақты жоспарларыңыз бар?
- Алла қаласа, оқуымды бітіріп, еліме ораламын. Әлемдік деңгейде Қазақстан киноиндустриясын таныстыратын сапа-лы киноөнімдер шығарамын. Америка-да жүздеген үлкен киностудия бар, олар-дың әрқайсысы әлем стандарттарына сәйкес дүниелер шығаруда. Мыңдаған продюссер, режиссер жылдар бойы жо-ба іздеп, өзгелерден ерекшеленуге ты-рысады. Кейде бір фильм түсіру үшін 5-6 жыл кетеді, себебі барлығын стандартқа сай жасау қажеттілігі бар. Бұл жақтың заң-дары да өзгеше. Бір ғана мысал: режис-сер, жазушы, актер, операторлардың құ-қықтарын қорғайтын арнайы ұйымдар бар. Жеке өзіме шым-шытырық, фантас-тика жанры ұнайды, бірақ фильм продюс-сері ретінде әр жанрдың өз ерекшелігі бар деп білемін.

- Елді сағынасыз ба?
- Иә, әрине! Семестрлер арасындағы демалыс тек 10 күн болғандықтан, елге келіп-кету қиынға соғады. Үй ішімен же-лі арқылы хабарласып, қал-жағдай сұра-сып тұрамын.

- Хоббиіңіз?
- Киноиндустрия саласын меңгеріп жатқан соң, барлық қызығушылығым осы сала айналасында. Музыка жазу, сценарий жазу, кино қарау, талдау сияқ-ты істер хоббиға айналды.

- Басты қасиетіңіз қандай деп ойлай-сыз? Өзіңізге ұнамайтын мінезіңіз бар ма?
- Басты қасиетім деп күлкілі естілсе де, өзімнің қырсықтығымды санаймын. Бір нәрсені бастасам, аяғына дейін жет-кізбей тынбаймын. Бірақ кейде қырсық-тық шектен шығып кетіп те жатады (күл-ді). Өзіме ұнамайтын, қазіргі кезде соны түзеумен жұмыс жасап жүрген тұсым – еріншектік.

- Журналымызға әдемі тілегіңіз болса...
- «DANA.kaz» журналына даму, өрлеу тілеймін. Әрдайым жақсы жаңалықтар-мен қуантыңыздар деймін. Оқырманда-рыңыз көбейіп, еліміздің топ-журналдар қатарында болуларыңызға тілекшімін!
Айдана ХАМИДУЛЛИНА

Қаралым саны 1169

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463