«Атамұра» халық аспаптар оркестрі мүшелері бір сыныпта оқиды

Батыс Қазақстан облысында да-рынды балаларға арналған С. Сей-фуллин атындағы №11 қазақ мек-теп-интернат кешені қашанда өнер-лі, үлгілі шәкірттерімен мақтанады. Аталған мектептің білім беру жүйе-сі де ерекше. Мәселен, 2007 жыл-дан бір сыныпқа түгелдей өнер ба-ғытында оқитын балалар қабылда-на бастапты. Биыл сол өнер мекте-бінің үшінші түлектері қанат қақты. Енді олар өз жолын таңдамақ. 9 «г» сыныбынан құрылған үлгілі «Ата-мұра» халық аспаптар оркестрі ма-мыр айының 20-шы жұлдызы есеп беру концертін өткізді. Елдің көз-айымына айналған жас өнерпаз-дар 2012 жылы музыкалық бағытта тереңдетілген сыныпқа қабылдан-ған болатын. 

- 2012 жылы 5 «г» сыныбына облыс аудандары мен Орал қаласынан 23 оқу-шы жиналды. Олардың арасында еш-қандай аспапты меңгермеген оқушы-лар да бар-тұғын, - деп еске алады ор-кестр жетекшісі Зәуреш Құсайынова. - Әр үйдің еркелері мен тентектерін бір шаңырақтың астына жиып, тәртіпті, бі-лімді, өнерлі ұлан тәрбиелеу – кез кел-геннің қолынан келе бермейтін ұлы іс. Осындай жауапты міндетті атқару ма-ған бұйырғанына бек қуанамын. Өнер ұжымының басты мақсаты тамыры тереңге жайылған ұлттық өнердің сан түрлі иірімдерін шынайы таза жүрек-пен қабылдап, тыңдарманға паш ету еді. 5 жыл аралығында қазақ музыка-сын әлемдік деңгейде насихаттадық. Біз бастапқыдағы мақсатымызды орын-дадық деп айта аламын, - дейді Зәуреш Қайдарқызы.

Атамұралықтар алған асулар:
2012 ж, Орал – облыстық 46-шы жас музыканттар байқауы – І орын;
2012 ж. мамыр – Алматы қаласы, ІҮ Халықаралық «Ғұмырдария» байқауы – бас жүлде;
2013 ж. сәуір – Ақтөбе қаласы – ІІ Рес-публикалық «Созвездие талантов» бай-қауы – І орын;
2014 ж.қаңтар – Алматы қаласы – Ха-лықаралық «Волшебный путь искусства» атты сырттай байқау – ІІ орын;
2015 ж.қаңтар – Астана қаласы – Ха-лықаралық «Феерия» балалар шығарма-шылығы байқауы – Бас жүлде, Халықа-ралық «Грация» байқауына жолдама;
2015 ж.наурыз – Орал қаласы – 49-шы облыстық жас музыканттар байқауы – ІІ орын;
2016 ж. қаңтар – Алматы – Халықара-лық интернет-байқау «Звездопад» – Бас жүлде;
2016 ж. – Республикалық «Дала да-рындары» байқауы – Бас жүлде;
2017 ж. – Республикалық «Ақ көгер-шін» байқауы – Бас жүлде;

«Өнер мектебінің табалдырығын а-ғаш 2012 жылы аттадық. Жаңа ортаға бейімделуімізге, бір-бірімізді толық та-нып білуімізге өз септігін тигізген осы өнер мектебі болатын. Бұрын-соңды аспап ұстап көрмеген бізді әрдайым қолдаған ұстаздарымызға басымызды иіп, алғысымызды айтамыз. Артымыз-дан ілесіп келе жатқан ізбасарларымыз-ға айтарымыз – сіздердің бір мақсатта-рыңыз бар. Ол – «Атамұра» халық аспап-тар оркестрін жетілдіріп, дамытып, же-тістіктерді бағындыру. Біз осы уақыт ара-лығында 50-ге жуық шығарманы мең-гердік. Әр туынды біздің кішкентай ға-на жүрегімізден өшпестей орын алды. Осынау мерейлі күні қолымыздағы шығармалар түсірілген жинақты сіздер-ге табыс етеміз», - деді атамұралықтар.
Әдемі кештің куәсі болған
Зафура МАМУТ,
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің
I курс студенті

Қаралым саны 1099

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463