Қазақ халқының киіздері

Қасиетті қазақ халқының қолөнері – сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан бай қазына. Халқымыздың тағылымы мол тарихын, кешегі өркендеген мәдени мұраларын жас ұрпаққа насихаттау және жеткізу – алда тұрған асқар міндет. Батыс Қазақ-стан облыстық тарихи-өлкетану музе-йінде күні бүгінге дейінгі өз маңыздылығын жоғалтпаған қолөнер туындыла-ры, киізден оюлап жасаған бұйымдар-дың әр түрі сақталған. Соның ішінде адай руына тән тықыр кілемдер, тегіс араб кілемдері, тұскиіздер, сырмақ, текемет, үй тұрмысына қолданылатын жәдігерлер кездеседі.

Ісмерлер дамытқан қолөнердің бір түрі – қазақ халқының киіз басу өнері. Киіз басу және киізден буйымдар жа-сау көшпелі халықтарда сақталған. Ұлт-тық құндылықтарымыздың бірі – киіз үй – қолдануға ыңғайлы, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бе-йімделген баспана. Киіз үй қаңқасы ағаштан, ал үйдің жабындылары бау-басқұры, киіздері т.б. мал шикізаты- нан – жүннен дайындалады. Киіз үйдің ерекшелігі – алыстан көз тартатын киіз-деріне байланысты. Киіз үйді киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бө-леді. Киіздер ақ, боз қойлардың жүні-нен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектеледі. Ал ілгерік пен киіз есікті қара қойдың жүнінен басып, жиек-пен әдептейді. Ешкінің қылын оңқай және солақай етіп есіп, оны бір-біріне біріктіре, құстаңдай етіп орналастырып, киізге бастыра тігуді жиектеу деп атайды.
Оюлап киіз басу – мал шаруашылы-ғымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән, ортақ нәрсе. Киіз басумен Қазақстанның барлық бөлігінің тұрғын-дары айналысқан. Бір қызығы, пайдала-натын зат біреу, ол – жүн, ал осыдан жа-салған киіздің әр жүзге, әр руға тән өзіндік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Өзгешелігі жасалуында емес, безендірілуінде, бірін-бірі қайталамас өрнектерінде.
Ісі мәшһүр талантты халық шебер-лерінің жасаған затына таңдай қақпай қарай алмайсыз. Көлемі жағынан тұтас-тай төсеуге жететін төсеніш киіздің бір түрі – текемет. Текеметтің көлеміне қа-рай ірілі-уақты сәндік әшекей өрнек-тері болады. Әрине, өрнекті киіздің не-гізгі түсін ашатын басқа бір айшықты түстен салады. Жартылай басылған әлі толық бірікпеген киіз үстіне басқа түсті жүннен созып ою-өрнек салады. Өр-нектің көрнекілігі халық шеберінің ой-қиялына, суретшілігіне байланысты әр жерде әр түрлі. Оюларды түсіріп болған соң киіз басуды қайта жалғастырады. «Пісіре» келе өрнектік жүндер киізбен бірігіп, белгілі бір нақтылығын, түзулігін жойып, әсем суретке айналады.
Киіздер қойдың күзем жүнінен ба-сылып, тігілгенге дейін 1 не 2 рет пісі-рілуге тиіс. Басылған киізді біршама уақыттан соң қайнаған ыстық су сеуіп, қайтадан пысытып, білектеп басуды киізді пісіру деп атайды. Бұдан киіз кі-рігіп, тығыздалады, берік, мықты бола түседі.

Әртүрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш киіздің түрі – сырмақ. Сырмақ – киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу техноло-гиялары бар бұйым. Сырмақ басу негізін-де Орта жүзде fрғын (қарлық), найман, керей, қыпшақ руында көп тараған.
Сырмақ жасаудың атадан балаға та-ралып, дәстүр болып келе жатқан өзін-дік салты бар. Әр ұрпақ өкілдері өзде-рінің жаңалықтарымен, элементтері-мен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Текеметтей емес, сырмақ даярлауда алдын ала өлшеніп, нақты белгіленген үлгілері болады. Ою қатаң тәртіппен орналастырылады. Сырмақтың ақ киізі бір бөлек, қара киі-зі бір бөлек басылып, екеуін беттесті-ріп, үстіне ою үлгілерін салып, бормен сызып, екі киізді бірдей үлгімен ойып алатын болған. Содан кейін оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қою-ластырып тігеді. Құрастырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен киізге жап-сырады. Оюлардың құрастырылар же-рінің (тігістің) үстін бастыра жиек баса-ды. Жиектік жіптің иірілуі де, қабатта-луы да басқаша және оның түсі, бояуы да оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ мық-ты келеді. Кейбір сырмақтарды жарты ғасырдан артық төсеуге жарайды. Жо-ғарыда аталғандай, оюларды құрасты-рып, үстінен басып, тігуі біткен соң сыр-мақты тұтастай сырады. Ақ киіздің үстін қара жіппен ұсақ етіп түгелдей тігіп шы-ғады. Сырмақ сонда шымыр, қатты бо-лады. Оның төзімділігі де осында бол-са керек.
Сырмаққа салынар ою – қошқар мү-йіз тектес өрнек. Ол өте дәлдікпен (сим-метриялық) орналасып, бір-біріне жал-ғасып, сырмақтың шетіне бір бөлек, ор-та тұсына бір бөлек салынады. Бір ғажа-бы – өрнектің аяқталар жерінде ою кез келген жерінен бөлінбей, бір қошқар мүйіз тұтастай салынып барып аяқта-лады.
Қазақ қонақжай халық болғандық-тан, арнаулы бір бөлек қонақ бөлмесі болады. Оның жасау жабдығы да күн-делікті қолданылып жүргендей емес, өте сәндікпен безендіріледі. Тұсқа ай-шықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы теке-мет төселеді.
Қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп , сәндеп безендірген бұйымдарының бірі – тұскиіз. Бөлме қабырғасын сәндеуге арналған қазақ халқының ұлттық жиһазы. Тұскиізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл, шұ-ғадан өрнектеп дайындаған. Оның кө-лемі көп жағдайда тік төртбұрыш бо-лып, кереге тұтастай тұтуға жетерлік болған. Тұскиіз киіз үйдің жасау ретін-де сән берер жиһаз болғанымен, кере-геден суық ұрмау үшін жылулық қа-сиеті тағы қатты ескерілген. Сондықтан да оны қалың киізден жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсіреді. Ауқатты үйлерде тұрмыс-жағ-дайы көтеретіндер тұскиізді қымбат матадан, оның ішінде жұқа үлбіреген жібектен, бағалы шұғадан, қамқадан жасайтын болған. Осындай бағалы матадан тігетін тұскиізді әр түрлі жібек жіптермен әдемілеп кестелейді де қа-лың киізге жапсырып тігеді.
Халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан ұлттық құндылықтардың музейде сақталуы-ның кейінгі жас ұрпаққа тәрбие беруде, мәдени мұраның дәстүрлі үлгілерін дәріптеуде маңызы зор. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жастың да, үлкен-нің де қолөнерге деген қызығушылық-тарын арттыра түсетін жәдігерлердің мол сақталғандығын аса мақтанышпен айтуға болады.
Жансая ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫ,
БҚО тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы

Қаралым саны 2576

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463