Бату хан (Сайын) (? – 1255 (653)

Жошы хан қайтыс болғаннан кейін Дешті-Қыпшақ хандығынан Шыңғыс хан «Сайын» деп лақап есіммен аталып кеткен немересі Батуды таққа отырғызу үшін Отшігін деген адамды жібереді. Дешті-Қыпшақта Отшігінді үлкен құр-метпен қарсы алды. Отшігін Шыңғыс хан әмірсай Батуды таққа отырғызды. Шыңғыс хан атынан ақыл-кеңес айтылып, пәрмендері ресми түрде оқылды. Жаңа ханның тағайындалуы моңғол салты бойынша тойланды. Бірақ той үстінде Қарақорымнан Шыңғыс ханның қайтыс болғаны туралы хабар келіп, той-тамашасы тоқталды. Сайын (Бату) хан және шаһзадалар жылап-сықтап, аза тұтты.

Бату хан 1229 жылы өтетін Құрыл-тайға дайындықтың басы-қасында болу үшін Ерде, Шайбан (Шибан), Жәмәй, Бәркжарды қасына алып, Қарақорымға сапар шекті. Өз орнына інісі Тоқайте-мірді қалдырды. Қарақорымда бүкіл шаһзадалар, төрелер жиналып, Шың-ғыс хан қазасын аза тұтты. Шыңғыс хан-ның өсиеті бойынша, Үгедейді хақан (ұлы хан, яғни император) сайлады.
Құрылтайда қыпшақ түріктерін тү-гелдей бағындырып, жөнге салу, бұл-ғарларды, орыстарды да бас игізу ту-ралы жасалған жоба тексеріліп, іске кірісуге қарар қабылданды. Үгедей қахан өзінің ұлы Күйік ханды, Төле хан-ның ұлы Мөңке ханды (бұл кейін қахан болды), Шағатай ханның ұлы Байдар ханды әскер басшылары етіп, сарбаз-дарымен Батудың қоластына берді жә-не құрылтай қарарын жеріне жеткізу үшін пәрмен түсірді.
Шаһзадалар Дешті-Қыпшақ мемле-кетіне келді. Ордада қырық күн қонақ болған соң Бату хан бұлғар түріктері мен орыстарға қарсы соғыс ашу туралы жарлық берді. Сарбаздар дайындалып, Ордаға жиналды. Бұлар хисапсыз көп болатын.
«Яса» бойынша әрбір әскер онба-сылардың, онбасылар жүзбасылардың, жүзбасылар мыңбасылардың, мыңба-сылар түменбасының қоластына қа-райтын.
Әскерлер оң қол және сол қол, ал-дыңғы және артқы (қол) деген атпен бөлінеді. Бұлардың алдыңғысы – моңғолша жанғард (авангард), соңғысы баранғард (арьегардь) деп аталды.
Әскерлер ішінде ең тәжірибелі ба-тырлардан Боралдай және Жошы хан өлгенше соның қол астында болған Сүбідей деген кісілер бар еді.
Жайық өзенінің бойын қарауылдап тұрған шекара сақшылары Бұлғар қала-сына қашып кетіп, Бату хан әскерлерінің жорыққа шыққалы жатқанын ха-барлап қояды.
1236 (633) жылы Бату ханның аса күшті әскерлері Бұлғар мемлекетіне шабуыл жасайды. Әскер басшылары-нан Сүбідей Бұлғар қаласынан халық-ты айдап шығып, қаланы өртеп жібере-ді (осы кезде Бұлғар мемлекетінде Ал-һам деген кісі патша еді). Кейіннен Бұл-ғар мемлекетімен ақылдаса келіп, алым-салық жинату үшін бұрынғы әмірлері-нің біразын орнында қалдырады.
Бұлғар мемлекетінің шекарасында Бату хан әміріне Мөңке хан, Күйік хан және басқа шаһзадалар әскер басшы-лары өз сарбаздарымен келіп қосыл-ды. Бату хан төрелерін жиып, мұнан кейінгі жұмыстар жөнінде ақылдасты. Атқарылуға тиіс қарарлар бойынша Бату хан ну ормандардан өтіп, орыс кінәздерінің жеріне кірді. Оларға ша-буыл жасайтындықтарын білдіріп, ел-шілер жіберді. Бұл кезде орыс жерлері ұсақ-ұсақ кінәздіктерге бөлінетін. Олар бір-бірімен дұшпан болып, өзара қыр-қысып жататын. Ең әуелі Бату әскеріне Рязань кінәзі қарсы соғысқа шықты. Со-ғыс басталар-басталмастан-ақ кейбі-реулері өлтіріліп, кейбіреулері қолға түсті. Бес күндік соғыстан кейін Рязань қаласы Батудың қолына өтті. Қала хал-қы өлтіріліп, өзі өртелді. Бұл оқиға 1237 (634) жылы желтоқсан айында болды.
Коломна қаласының маңында бір-қатар орыс кінәздері Бату ханға қарсы шыққанымен, тез жеңілді. Бату хан Мәскеуге барып, оны да өртеді (бұл кезде Мәскеу қаласы кішкентай бола-тын), кінәзін тұтқынға алды. Әбілғазы «Түрік шежіресі» деген еңбегінде «Са-йын (Бату) хан орыс кінәздерін алып, Мәскеуге барды. Онда орыс патшаһта-ры жиылып ор қазды. Үш айға дейін сондай ауыр іс болды» деп жазады.
1238 (635) жылы ақпан айында Ал-тын орда әскері Владимир қаласы ма-ңында ашық шабуылға шықты. Жетінші ақпан күні қаланы түгелдей бағындыр-ды. Осы ақпан айының он төртіне дейін орыс қалалары Бату хан қолына түгел-дей өтіп болды. Суздаль кінәздігі, Кост-рома, Ростов осылардың ішінде еді. Орыстардың күші әбден сарқылып, со-ғысу мүмкіндігінен мүлдем айырылды.
Бұдан соң Бату хан Новгород қала-сына беттеді. Жолшыбай Тверь және басқа қалаларды алды. Новгород қа-ласына жүз шақырым қалғанда қып-шақ түріктері бүлік шығарғаны туралы хабар келді. Күн жылынып кетсе, мұз еріп, сең жүріп, әскерлер жүре алмай қалатын болғандықтан, Новгородтың ісін кейінге қалдырып, кейін қайтты. Мұның өзі Новгород халқы үшін зор қуаныш болды. Бұл орыс қалаларының ішіндегі ең байы болатын. Мұны алған-да Бату хан алтын, күміске белшесінен бататын еді.
Бату хан жол үстіндегі қалаларды шауып алып отырды. Сөйтіп, Дон бо-йына қайтып оралды. Астрахан саха-расында Қодан хан қол астындағы қыпшақ түріктерімен кездесіп, оларды жеңеді (1239 (636). Қодан хан өзінің әйелін, қалған әскерлерін алып, Мажар мемлекетіне қашады. Мажар Дунай бойына орналасқан, христиан дінінде еді. Бұлар да осы дінді қабылдады.
Бүкіл қыпшақ даласы тікелей Бату ханға бағынды.
Осы жылы Бату хан әскерлері қай-тадан орыс жеріне шабуылға өтіп, морд-валар жақтағы Муром қаласын алды. Переяславль, Чернигов қалалары Бату ханға қарады. Ол осы ұзақ сапар, көп- көп соғыстардың соңында әскерлерін демалдыру үшін Дон бойына қайтарды.
1240 (627) жылы Бату хан Киев қа-ласын алу үшін жолға шықты. Днепр өзенінің солтүстігіндегі қырат басында жатып, көк күмбезді, биік мұнаралы сәулетті қаланы көріп, тамашалаған Ба-ту хан оны бейбіт жолмен бағындыру мақсатымен елшілер жіберді. Киев би-леушілері Бату ханның елшілерін өлті-ріп, соғысуға дайындалды.
Елшілердің өлтірілгенін естіген соң Бату хан әскерін Днепрден өзі бастап өтіп, қаланы қоршауға алды.
Қалың қолдың қажеті үшін дамыл-сыз жүріп жатқан арбалар шықырынан, дуалдар ішіндегі айқай-шудан, аттар-дың кісінеген дауысынан, әскерлердің шуылынан Киев қаласы азан-қазан бо-лып, гуілдеп жататын.
Бату хан қоластында қахан тарапы-нан жіберілген әскер басшылары, шаһ-задалар, төрелер мен батырлардың барлығы болды.
Киев кінәзі Дмитрий Алтын Орда әскеріне қарсы тұру үшін өліспей бе-ріспейтін әскер құруға кірісті. Ал Бату хан тас атқыш құралын әзірлеп, қаланы атқылай бастады. Көп өтпей-ақ «Лят-ки» деген қақпаны талқандап, қалаға кірді. Моңғолдардың оғына, қылыш, найзасына қала халқы көкірегін тосып, қарсы шықты. Қияметтей кескілескен қырғын болды. Адам қаны су болып ақты. Кінәзі тұтқынға алынды. Сөйтіп, оны Бату ханның алдына әкелді. Әскер-лерінен айырылған, қарсы тұрар халі болмағандықтан және соғыс әбден аяқ-талғандықтан да оны өлтірмеді. Гуіл-деп тұрған Киев қаласы екі-үш күн ішін-де мүлгіп шыға келді. Киев қаласы осы-дан кейін XV-ғасырға дейін қаңыраған күйінде жатты. Христиандар білімді адамдарынан айырылып, сауатсыз қал-ды. Бұл туралы Карамзин «Көрсеқызар жолаушы ол жерден орыстарға қасиет-ті ескерткіштерді бекер іздейді. Олегтің табыты қайда? Әулие Владимирдің сү-йегі қайда? Бату мүрделерді де ая-ған жоқ. Жабайылар біздің көне заманғы кінәздеріміздің бассүйегін аяқтарымен таптады» (ж. 4, бет 11) деп жазады.
Оңтүстікте орыс кінәздерінің Мажар мемлекетіне қашқалы жатқанын, олар-ды Мажар патшасының қабылдамақ болғанын естіген Бату хан ашуланып, қайтарда тура солардың үстімен жүру-ге қарар қабылдады. Бүкіл Еуропаны алу туралы алпауыттарымен кеңесіп, жоба жасады.
Ладыжин, Каминск, Волынь қалала-рын алып, Галициядан өтіп, Польшаны басып алады. Боралдай, шаһзада Қа-дан, Сүбідей мен бірқатар әскер бас-шылары басқа жерлермен жүріп, Силе-зия, Богдан, Гайр жерлерін бағынды-рып, Кчдилер мен Мажар жеріндегі Сай (түрікше дегенді білдіреді) өзені жанында қосылды.
Мына сұмдық жорықты көрген еу-ропалықтардың зәре-құты қашты. Өйт-кені бұған қарсы тұрарлықтай күштері жоқ еді.
Бату хан енді бір шабуыл ұйымдас-тырса, бүкіл Еуропаны бағындырары сөзсіз еді, бірақ осы кезде соңдарынан Қарақорымда Өгедей қаған қайтыс бол-ды деген хабар жетті. Бату хан амалсыз-дан бұл істі кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Сөйтіп, Еділ бойына қайтып келді.
Еуропаны Бату хан тарапынан ба-ғындырылмады дегенмен, олар, шын мәнінде, оның өкімін орындай баста-ған-ды. Батуға қарсы ешқайсысы қы-лаудай қарсылық жасаған емес.
Бату Еділ бойына қайтқаннан кейін мемлекетті ұйымдастыруға қолайлы болу үшін орда басқарушы уәзірі Қара-қорым қаласы сияқты бір қала салуға кірісті. Оның атын Сарай деп атауға келісті.
Өгедей қахан сайланғанға дейін Өгедейдің әйелі Торагінді қойды. Тора-гін көрікті, іскер еді. Өгедей хан да кө-рікті еді («Түрік шежіресі», 143-бет). Кейінірек құрылтай шақырылып, Өге-дейдің ұлы Күйік қахан болды. Аяғы ауру болған себепті Бату хан құрылтай-ға бара алмады, өзінің ұлы Берке хан мен кейбір шаһзадаларын жіберді. Кү-йік 54 не 55 жасында 1246 (644) жылғы 24 тамыз күні таққа отырды. Ол бір жыл-дай ғана отырып, қайтыс болды.
Күйік хан қайтыс болғаннан кейін, Бату хан қахан сайлауға құрылтай ша-қырып, бүкіл шаһзадалары мен төреле-ріне жар салды. Шаһзадалар құрылтай Шыңғыс ханның тағы орналасқан Қара-қорымда болуға тиісті, біз салтқа қай-шылық жасап, Дешті-Қыпшаққа бармақ-шымыз десті. Алайда шаһзадалардың анасы, Мөңке ханның әйелі Сорқоқты бике өзінің ұрпағына: «Абақаңыз «әке-ңіздің немере інісі) Батудың аяғы ауы-рып жатырү Сол үшін алдына барып, халін біліңіз» - деп ақылын айтты. Осы-ған байланысты Мөңке, Хұлағу, Құбы-лай және Қайрлар Бату хан құзырына барды. Бату хан бұларды көрген соң «Қахандық үшін мен Мөңкені лайық көремін. Егер сіздер де лайық көрсе-ңіздер, соны қахан сайлайық. Келесі жылы Қарақорымда құрылтай шақы-рып, қаханның тағына отырғызамыз», деді. Шаһзадалар осына мақұлдады. Бұрыннан қахандыққа Бату ханның өзі ұсынылып келе жатса да, неге екенін, өзі мақұл көрмеді. Келесі жылы осы ке-лісімге байланысты Төле ханның ұлы Мөңкені таққа отырғызды (1250 (648) жылы).
Бату хан әрқашан Мөңкеден тіл алып, оның әмір-пәрмендерін бұлжытпай орындайтын. Шеттен келген жұмыстар-ды да әрқашан оның құзырына жіберіп, хабарласып отыратын.
Алтын Орда өкіметі негізгі және да-мыған мемлекет болып екіге бөлінетін. Қыпшақ түріктері, шеркес, Кавказ ха-лықтары, қырғыздар негізгі мемлекет, ал бабарлар, бұлғат түріктері, Польша жұрты дамыған мемлекет болып есеп-телді. Дамыған мемлекеттерден бірқа-тар салық (қаржы) алып, ішкі істеріне араласпады. Әмірлер мен кінәздерге, үлкен қалаларға, дінге және мәзһабтар-ға (секталар) еркіндік берілді.
Еділ бойындағы Ордаға қайтқаннан кейін хабарласуға, кінәздік істерін бе-кіттіріп, жарлық алуға орыс кінәздері бір-бірлеп Бату хан құзырына Сарай қа-ласына келе бастайды. Ең әуелі алысы-рақта жатқан кінәз Ярослав келді. Ол көрініп қайту үшін өзінің ұлы Констан-тинді (1243 жылы) Қарақорымға Өге-дей қаханның құзырына жіберді. Конс-тантин осы сапарында екі жыл шама-сында жүрді.
Бату хан кінәздіктің басқармасын Владимир қаласынан Киевке көшірді және Данилийге Киевте тұруға бұйрық берді.
Новгород кінәзі Александр Невский өзінің туысқаны Андреймен және үл-кен боярлармен Бату хан құзырына қымбат сыйлықтар тапсырды (1247 жылы). Бату ханның әміріне сәйкес Александр Невский мен оның туысқа-ны Андрей Қарақорым қаласына да барды. Қаханның құзырында болып, осы ұзақ сапардан 1249 жылы қайтты. Бұлардың сау-саламат қайтуы мен қа-хан құзырында құрметпен қарсы алы-нуына байланысты орыс халқы қуанып той жасады. Бұдан соң Бату хан Алек-сандр Невскийді Киев қаласына, туысы Андрейді Владимир қаласына кінәз етіп қойды.
Папа (Римдегі) тарапынан христиан-дықты қабылдату үшін Күйік қахан-ның құзырына жіберілген елшілер ара-сындағы Плано Карпини өзінің саяхат-намасында (Карамзин жазбаларына орай): «Италиядан жолға шығып, 1246 жылы Киев қаласына келдік. Бұл кезде Киев Бату хан тарапынан қирап қалып-ты. Бас сұғардай үй жоқ екен. Бұдан соң Қырым мемлекетіне келдік. Мұнда Қоремшаһ есімді бір төре тұрады екен. Оның 70 мың әскері бар еді. Бұдан кейін Қыпшақ жерлері арқылы жүріп, Днепр, Дон, Еділ өзендерімен жүріп, Жайыққа бардық. Бату хан Еділ бойына әсем сарайлар салдырыпты. Бізді Бату хан шатырына алып барды. Барғанша ізет құрметпен жүзден астам бас иіп, тәжім жасадық. Шатырға кірдік. Бату хан салтанатпен тақта отыр екен. Хан-ның үй іші, жоғары мәртебелі шаһзада-лар, төрелер, төменіректте сұлу әйел-дер орындықта отырды. Папаның ла-тын, славян, татар (моңғол) тілдерінде жазылған хатын ханға ұсындық. Хан мұқият оқыды. Музыка ойнап тұрды. Хан алтын, күміс тостақтармен қымыз ішеді екен. Бату хан зор денелі, қызыл шырайлы, ашық жүзді, білімді, қайрат-ты, тәжірибелі, соғыс кезінде айлакер, тапқыр, қарауындағыларға қайырым-ды, жомарт еді. Шеттен келген сыйлық-тардан ештеңе де алып қалмай, басқа-ларға бөліп беретін» деп жазды.
Бату хан жаз айларында Еділ бойын-да, қазіргі (ХХ ғ. басы) Қазан, Симбир, Самар, Саратов өңірінде көшіп жүрді. Тамыз айларында Еділге қайтып орала-тын. Бату ханның орыс жұртына жаса-ған жорығы орыс тарихшылары шығар-маларында аса жыртқыштықпен жасал-ған шабуыл ретінде көрсетіледі. Орыс-тарға ойран салушы Бату хан болып та-былады да, бұл жөніндегі орыстардың өз кінәсі бүркеулі қалады.
Бату хан (өмірінің) соңғы кездері аяқ ауруының асқынғандығынан ба, әлде басқа себептен бе, мемлекеттен бе, мемлекет істерін ұлы Сартақ ханға тапсырып, бәрі бір жайда тұрды. Ибн Халдун оны 1252 (650) жылы қайтыс болған дейді (Ибн Халдунның айтуы бойынша, «Шора» журналының 1909 жылғы 2-санында да Бату ханды 1252 (650) жылы қайтыс болды деп едік). Ал Карамзин Рубрук деген атақты мис-сионердің 1253-1254 жылдары Бату ханды көргенін әңгімелейді (Ж. 4, бет 15, 81-тарау).
Көпшіліктің сөзіне сүйенсек, Бату хан 1255 (653) жылы Сарай қаласында қайтыс болған.

Қаралым саны 3362

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463