Суретті сүйген спортшы

  • Галерея изображений

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Переметное ауылында тұратын Иван Юнусовтың негізгі мамандығы спортшы. Бірақ ағайдың қылқаламынан шыққан туындыларды көргенде кәсіби суретшіден кем емес өнеріне таң қаласыз.

Жетпіс жасар зейнеткердің туған жері – Ресейдің Орынбор облысы, Елек ауданына қарасты Логовой ауылы екен. Жасөпірім кезінде қазақ жеріне қоныс аударып, мектепті Бөрлі ауданының Успен ауылында жалғапты. Кейін А.Пушкин атындағы педогогикалық институттың спорт факультетін бітірген.

- Жасымнан сурет салғанды жақсы көрдім. Мектептен соң арнайы өнер техникумына түссем деген ой болған. Бірақ, мен көздеген Ижевск қаласындағы өнер техникумы өте алыс болғандықтан, Оралда оқуды жөн көрдім, - дейді Иван Леонидович.

Сурет салуды жетік меңгерген Иван Юнусов сүйікті ауылының әдемі табиғаты мен Деркөл өзенінің сұлулығын қағазға түсіруді көптен әдетке айналдырған. Спорт тақырыбындағы картиналары да көп.

– Спортшы болмағанымда суретші болар едім, - дейтін кейіпкеріміздің кейбір туындылары Орал қаласында, Ресейдің Тольяти, Россошь қалаларында жеке коллекцияларда сақтаулы. Жақында «Шабыт қанатында» атты қолөнершілер мен суретшілердің көрмесінде де Иван Леонидовичтің туындыларын ауылдастары жоғары бағалады.

– Бұрын жұмыс деп жүріп бұл ісімді ұмыта бастап едім. Зейнетке шыққан соң қайта кірістім, - деп күледі. Бүгінде Иван Леонидовичтің жұмыстары үйінің әр бөлмесінде самсап тұр.

 

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Қаралым саны 1202

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463