«Тасқала атамекенім»

Орал қаласындағы «Шұғыла Принт» баспасы қарапайым еңбек ардагері Өтеген Ахметовтің осы аттас өмірдеректік жинағын басып шығарды. Кітап автордың 80 жылдық мерейтойына орай дайындалған.

Басылуына Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесі ұсыныс берген бұл жинақта еңбек ардагері, қоғам қайраткері Өтеген Ахметұлының өмір жолы, қазіргі Тасқала өңірін 1920 жылдары қоныстанған қазақ руларының тарихы, советтік Қазақстан кезеңіндегі Тасқала ауданы азаматтарының белсенді қоғамдық қызметі туралы деректер қамтылған.

Жинақты дайындаған – тарих ғылымдарының кандидаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дің доценті А.Байболсынова болса, осы университеттің тағы бір доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Х.Қожабергенова пікір жазған.

Кітапқа қызығушылар болса, +77018492931 нөміріне хабарласуына болады.

Қаралым саны 1127

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463