«Асау»

1948 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келіп, 1998 жылы осы топырақта дүниеден өткен ақын Жанғали Мырзалиев туралы өлеңсүйер қауымның өзі де көп біле бермейді.

Жас кезінде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде болашақ танымал қазақ қаламгерлерімен бірге оқып, поэзия көгінде жарқ етіп көрінген Жанғали Мырзалиев кейін тағдырдың талай теперішін көріпті. Жәнібек аудандық баспаханасында, газеттерде қызмет ете жүріп, қаламын өлеңге суытпаған. Бірақ өтпелі кезеңнің өкпек желі тұсында өзі жоқтаусыз, өлеңі сұраусыз кеткен еді. Ақынның жерлестері Алматыдан бері қарай архив ақтарып, Жанғали Мырзалиевтің әр жылдары әртүрлі басылымдарда жарық көрген туындыларын тірнектеп жинап, осындай жинақ етіп шығарып отыр.

Қаралым саны 1106

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463