Мәулана Руми туралы

  • Галерея изображений

Мәулана Руми кітабын қалай бастырған? Ескі Иран ертегісі. 1916 жыл-дың №183 нөмірінде «Қазақ» газетінде орысшадан тәржіме қылған пе-реводчик сөзінен: «Молда Мәшһүр Иосиф Көпеев насыбай екшеп жүр-ген жастардың қолынан жұлып алып, көре сала әулие сөзі аяқасты болып қалмасын!» деп ақ қағазға жаза бастаған. 1917 жылы 27 майда.

Зор ақыл һәм көп оқумен Мәулана Румидің халық арасында даңқы шық-ты. Оның даңқы Иранның сыртына шы-ғып, алысқа жайылды. Оған алыс жер-лерден көп адам ақыл сұрауға келуші еді. Бәрі де онан қайтқанда дүниеге осындай білікті адам жібергеніне Аллаға риза болып қайтушы еді. Бірақ Мәулана Руми бұл даңқына риза бол-мады. Халқына көбірек білім үйреткісі келді: «Менің білімімді азғантай ғана адам үйренеді» деген пікір Мәулананы зор қайғыға салды: «Халық арасына бегімен қалай жоюға болады?» көп хабар қылып, ақырында көңіліне жең-діріп, бір кітап жазуға тоқтатты.

Әр адам ішінен таза пікір тапқандай һәм оқыған сайын тазарып, тәуір болғандай жақсы, таза кітап жазғысы келді: «Менің нашар аяғым баспаған жерлерді кітабым аралайды. Иранның шеткі түбегіне шейін қалдырмай, Үнді-станға жайылады. Оқыған адамдардың көзін ашады» - деп қуанышты көңіл-мен, жарық үмітпен Мәулана Руми қызметті қолға алды. Алты жыл тұтас күнбе-күн жазды. Әр сөзін ойлады, әр ойын тексерді. Қызметі бірте-бірте біту-ге жақындады. Бір ыстық күні терең ойға қалып, молда (Мәулана) өзінің әдетінше бір сулы апанның, таспен шегендеп тастаған хауыздың жағасы-нда отырған еді. Енді бір азырақ жол жазған соң, алты жылдық ұзақ қызме-тін бітірмек еді.

– Не жазып отырсың, шайхы? - деген артынан дауыс шықты.

Молданың бойы шымырлап, қайы-рылып қараса, жұпыны киінген, ұзын асатаяққа сүйенген бір кісі тұр екен. Бет-әлпіне қараса, бұл кісінің қайраты шығып, оты жанып тұр. Көздері сұстия қарап, нұры жайнап, жарық шашып тұрған секілді.

– Мен жұрт үшін кітап жазып отырмын. Жазғаныма алты жыл болды. Енді ақырына жақындадым. Сол себеп-тен өтінемін. Жолаушы, қызметіме кесел болма, жөніңе жүре бер! - дейді.

– Мәулана Руми, қызметіңді маған бер, қарайын! - деп қолын созды.

Молда үндемей ұстата берді. Жолаушы кітапты қолына алып, әуелгі бетін қарап тұрды да, үндемей кітапты суға лақтырып жіберді. Молданың қорыққаннан үрейі ұшып кетті:

– Қажетсіз не істедің?! - деп, ол өзіне лайықсыз дауыспен айғайлап: - Неге сен менің алты жылдық қызметімді жоқ қылдың? Неге сен кітапты суға лақтырдың? Оны мен халқымның пайдасы үшін жазып едім! - дейді.

– Сенің кітабыңа өтірік сіңіп тұр екен. Сол өтіріктен сені һәм сенің хал-қыңды құтқару үшін лақтырдым! - деп ақырын-ақырын, бірақ нығыз қылып жолаушы жауап қайырды.

– Қалай сенің батылың барды?!

– Бұл қызметке кірісуге сен өзің әлі қате түсінуден ағарылған жоқсың. Сен өзің әлі көптен қорқып, көптің ыңғайы-мен жүресің. Егер нашар қызметіңді аяп тұрсаң, ал, мен оны қайырып бере-йін. Бірақ кітабыңды қайтып алсаң да, өзің де ақырға шейін жоқ қыласың! - деп жолаушы асасын суға салып, бұл-ғап-бұлғап, бұлғап судан кітапты шығарып алды.

Кітап судан құрғақ шықты. Мәулана Руми бұл кереметке таң қалды. Алдын-да тұрған тегін кісі еместігіне шүбә қалмады. Молданың ақыл-ойы, бар-лық ағзасы – бұл танымайтын кісіні өл-шеусіз сыйлайтын ретке айналды. Ол кісі көзін тігіп, молдаға қарап тұрып:

– Молда, айтшы, маған еремісің? Мен сені кітапты қалай жазуға үйретейін!

– Жарайды, ұстазым, - деп молда даусын шығарды. Сонан кейін құлаш-тап кітабын суға лақтырып жіберді. Танымайтын жолаушының соңына ере берді. Денесі, көңілі бір түрлі сезімге толып, бұлар үндемей тегістеу даламен біраз жүрді.

Бір жерде бұларға енді бір дария тап болды. Жағаға жақындап келіп, кере-метті жолаушы шөлмектің үстімен жүр-гендей, судың бетімен батпай жүріп кетті.

– Мен қайтемін, ұстазым? – деп молда дауыстады. Кереметті көрген соң, жолаушыға инану бұрынғыдан да артып.

– Қорықпа, жүр соңымнан! - деген дауыс естіді. Мәулана Руми судың үстін басып еді, қатты болды. «Бұ не себептен?» - деп таңырқады. Көзді ашып-жұмғанша молданың көңіліне сенімсіздік кірді, һәм «Кімнің соңынан еріп келемін?» - деген қорқыныш кірді. «Неге мен бұған нанамын? Бұл кім?! Менің иманым Аллаға қанша толық болса да, мұнан бұрын судың бетімен жүре алмайтын едім!» - деп Мәулана Руми ойлап болмай-ақ сезді суға батып бара жатыр екен. Молда қорқып кетіп айқайлады:

– Ай, ұстазым, айтшы маған: «Сен кім?!» Қазір толқын жұтпай тұрғанда, мен мүмин мұсылман болған соң білгім келеді. Не себептен менің саған нануым керек? Алла мен Мұхаммедтің есімі де мені судың үстімен жүргізе алмап еді, қалай сен?!

– Мен – Шәміс, менің атымды айт! - деп қысқасынан кайырды. – Мен нұр-мын: Құдайдың құдайымын!

– Уа, Шәміс, Шәміс! - деп, Мәулана Руми ықыластанып дауыстады.

Сол сағатта молда судың бетіне шыға келді. Сөйтіп олар судан өтіп алып, ар жағындағы тұрған қалаға қарай жүрді. Қалаға әлденеше қадам жер қалғанда, жолаушы тоқтап тұрып, Мәулана Румиға айтты:

– Енді сен мен не бұйырсам, соны істейсің!

– Құп, ұстазым, тыңдаймын! - дейді.

– Жақсы, олай болса, қалаға барып, маған арақ сатып әкел. Бұл сөз Мәулана Румидің құлағына күннің ша-тырлағанындай естілді: «Мұхаммед арақ түгіл, арақ дүкені бар көшемен жүруден тыйып еді. Бұл ұстазы шари-ғатқа қарсы нәрсеге жұмсады».

– Не айтып тұрсың, ұстазым? - деп Мәулана Руми дауысын шығарып жіберді.

Жолаушы езу тартып күліп:

– Бар, менің не дегенімді орнына келтіре бер! Есіңде болсын, не нәрсе-мен де әділ пайдалануға болады. Әр адамның өз шариғаты, өз заңы өзіне. Бірақ нағыз шариғат – Нұр жарық. Енді қалаға бар, тұрма! - дейді.

Мәулана Руми қалаға кетті. Бірақ молда арақ дүкеніне кіруге қорқып, жүз қадамдай жақындап, бір қызмет-шіні шакырып алып, оған екі күміс ақша берді де:

– Біреуін өзің ал, біреуіне бір бөтел-ке арақ сатып әкел, - дейді. Қызметші арақты ап келіп берді. Мәулана Руми арақты киіміне жасырып, ұстазына алып қайтты.

Шәміс алдынан шығып, молдаға суық сөйледі:

– Мен сенен бұл арақты алмаймын. Сен мені де, өзіңді де алдадың. Қалаға қайта барып, өзің сатып ал. О не қылға-ның қызметші жалдағаның?! Киіміңе тығып жасырма, ашық қолыңа ұстап кел!

Мәулана Руми қайғылы көңілмен басын төмен салып, қалаға қайтып кетті. Арақ дүкеніне кіруге ол: «Көше-дегі кісі арысын»! - деп күтіп тұрды. Халық сиреген кезде молда арақ дүке-ніне жүгіріп кіріп, арақ алып, көшеге жылдам шыға келді. Арақ дүкенінен былай шыға бергенде, біреу сезіктеніп бұдан:

– Не алып барасың? - деп сұрады. Мәулана Руми ұялғаннан:

– Сірке суы, - дейді.

Бұл жолы бұрынғысынан да Шәміс суық назармен қарап:

– Сен байғұс мені тағы да алдадың. Сен дүкенге кіруге көшедегі жұрттан қаймықтың, һәм сұраған кісіге ұялмас-тан өтірік айттың. Енді ақырғы рет бұйырамын: дүкенге барып, бір сауыт тығынсыз қызыл арақ сатып ал. Оны сәлдеңнің үстіне отырғызып, көше бойымен маған қарай билеп қайт. Арақ шайқалып төгілсін. Сорғалап аққан қызылы жұрттың көзінше ақ сәлдеңді бояп, бетіңді жусын!

Бұл сөздерді естіп, Мәулана Румидің тұла бойы дірілдеп кетті: «Егер ұстазы-ның не айтқанын істесе, бұрынғы: «тақ-уа», «сопы» - деген атақтан қол жуады, көптің қауымынан шығады, Білке хал-қы тәуір көруін қояды. Көп заманнан бері қосылып, көбейіп келе жатқан әдет-ғұрып аяққа басылады!

– Уа, ұстазым, осының бәрі сонша неменеге керек?! - деп ол қайғылы дауыспен сұрады.

– Сен кітабыңды жазғың келе ме? - дейді ұстазы.

Сол сөзді естігенде, Мәулана Руми-дің көңілі ашылып, жарқырап, қалаға қарай жөнелді. Батыл барып арақ дүкеніне кірді. Маңайындағы жұрттың сөккеніне қарамай, ұстазының айтқа-нын бұлжытпастан істеді. Арақ төгілді, үстін бояды, халық көрді. Мұның бірін ескермеді. Қате көңілі ашылып, қуаны-шы тасып, жаны жайланғандай болды. Мұның алдынан Шәміс шықты. Бұ да көңілді екен, ықыластанып, шәкіртіне: «Құтты болсын!» айтты:

– Сен өзіңді жаңа жеңдің. Бар, қала-мыңды ал. «Халық әлде неғылдейді?» - деп енді қорықпассың. Мұнан былай қате түсіну көз алдыңа тұман болмас, - дейді.

Жазушы: П.Уршуат, переводчик – Қозбағар Жастабеков.

Шәміс, Тебриз болмаса,

Бейиман өле жаздым, - деген сөз Мәулана Румидің өз тілхатлары еді дейді.

 

(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

20 томдық шығармалар жинағынан, Павлодар, 2013,

12 том, 261-265 беттер)

Қаралым саны 2531

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463