«Тау көтерген Толағай»

Жаңабек Жақсығалиев,
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Құба жонның құланындай зымырап бара жатқан шіркін, уақыт-ай демеске лажың жоқ. Жалпақтал топырағында антикеңестік мақсатта құрылған жасы-рын жастар ұйымының көшбасшысы Ғұбайдолла Әнесов хақындағы мұрағат деректеріне негізделген сараптамалық мақаламызды «Орал өңірі» газетіне ұсынып, оны Жантас бауырымыз жар-ты жылдай жұмыс үстелінің суырма-сында «сары майдай сақтап», сол материал негізінде «DANAqaz» журналының алғашқы саны жарқ ете түскені күні кеше сияқты еді. Содан бері табаны күректей бес жыл мерзім сынап-тай сырғанап өте шығыпты.

Журналдың тұңғыш санының тұтас-қа жақын бөлігі «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков сынды саңлақ ұлмен тағдырлас Ғ. Әнесов бастаған он төрт оғланға арналып, көтерілген мә-селенің халыққа белгісіз жұмбақ күйін-де жатқан көптеген қырлары қосымша журналистік зерттеулермен толықты-рылып, әнесовтанудағы тарихи һәм әдеби ізденістерге тың серпін берілгені сондай, аталмыш тақырып жергілікті жазушылардың суреткерлік шеберлігі-мен ұштасып, күні бүгінге дейін қалам-герлердің қаламы суымаған өзекті дү-ниеге айналды.
Өлке тарихына арналған алғашқы қарлығаш басылым болғанына қара-мастан, аз уақыт ішінде халық арасын-да беделді басылымға айналып үлгір-ген журнал күн өткен сайын сүбелі зерттеулер мен кесек дүниелерді іркес-тіркес жариялап, оны оқырман қауым асыға күтетін дәрежеге жетті. Бұл – аксиома! Бұған ешкімнің таласы жоқ.
Тағы бір назар аударарлық нәрсе – уақыт өте келе басылым облыс шең-берінен шығып, аймағымыз бен еліміз-дің түкпір-түкпіріндегі танымал тарих-шылар мен белгілі өлкетанушылардың басын қосатын ғылыми алаңға айнала бастады. Әсіресе, облысымызда өлке тарихын жоғарғы кәсіби деңгейде саралап, ғылыми тұрғыда талдап-тарқататын жас та жаңашыл, жігерлі буынның қалыптасуына оң ықпал етті.
Ойымызды жинақтап, журналда жарияланып жатқан қыруар ізденістер-ді жүйелей келе, олардың негізгі екі басым бағытына тоқталғым келеді.
Біріншісі – «Құлпытас сырын аша-йық» жобасы негізінде Батыс Қазақ-стан облысының арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болып көрмеген өте ау-қымды һәм кешенді зерттеулердің қол-ға алынып, өзінің алғашқы нәтижеле-рін бере бастауы.
Оған дәлел – соңғы үш жылда бірі- нен соң бірі Кіші жүзді билеген үш ха-нымыздың құлпытасының табылуы. Тарқатып айтсақ, Ақжайық ауданынан Есім Нұралыұлының (1795-1797), Те-ректі ауданының аумағынан Жантөре Айшуақұлы (1805-1809) мен Айшуақ Әбілқайырұлының (1797-1805) асыл сүйектерінің мәңгілік тыным тапқан жері анықталып, нақтылануы бұқара-лық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірген еді.
Бұған қоса тағы бір жағымды жаңа-лық – бүгінде хандар тарихын тиянақты зерттеп, іргелі еңбектерін үзбей жария-лап жүрген республикамыздағы «мүйі-зі қарағайдай» жетекші тарихшылары-мыздың Батыс Қазақстан облысына арнайы ат басын бұрып, жаңадан табы-лып жатқан құлпытастарды көруге аң-сарының ауып отырғаны.
Екінші – өлкеміздің мерзімдік баспа-сөз тарихын жүйелеп, оны түгендеп, халыққа насихаттауда ерекше белсен-ділікпен қимылдаған, соңғы бес жыл-дың ішінде он кітап шығарған нағыз сайыпқырандардың атан тартпас ауыр жүкті арқалап, басылым беттерінде үз-діксіз мақалалар топтамасын ұйымдас-тыруы – ерекше назар аударарлық құбы-лыс. Аталмыш мәселе облыстық қос басылымның 100 жылдығына арналған салтанатты жиында жасаған баяндама-мызда егжей-тегжейлі талдауға алын-ғандықтан, бұл жолы оны қайталап жатқымыз келмейді.
Сайып келгенде, Елбасы Н. Ә. Назар-баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала-сындағы «Туған жерге туыңды тік» жо-басын жергілікті жерде жүзеге асыруға әлдеқашан білек сыбана кірісіп кеткен басылымның төл тарихымызды түген-деудегі тау қопарардай талпынысы ел сүйсінерлік.
Иә, өзінің мүмкіндігінен әлденеше есе ауыр рухани жүкті арқалауды өзіне парыз санаған «DANAqaz» тарихи-танымдық басылымының аяқ алысы, бейнелеп айтсақ, халық аңызындағы «Тау көтерген Толағайды» көз алдыңа әкеледі.
Ертегі желісінде «Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келген-де белдесуге шақ адам табылмайды. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Шөл мен қуаңшылықтан қаталаған қа-лың елі шыбынша қырылып жатқанда анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, еш-қашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады. Ол көп жүріп, шыңдарын қар басқан асқар тауды тауып алып, қатты ырғап, арқа-сына салып, еліне қарай қайтып, шар-шамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селдетеді. Халық «Толағай» деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп-азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай, «Апа!» деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қа-лады...»
Соңғы сөзімізді «Небәрі бес жыл ішінде халықтың сүйікті журналына айналып үлгірген бірегей басылымға Толағайдың қамшының сабындай қыс-қа ғұмырын емес, халқының бақытты болашағы жолында ел сенімін ақтаған күш-қайратқа толы өнегелі өмір жолын берсін!» - деген тілекпен түйгіміз ке-леді.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77