«Байлыққа да, билікке де, атақ пен даңққа да ұмтылмаймын»

Дос КӨШІМ,
қоғам қайраткері

- Аға, сіздің есіміңіз жалпақ жұрт-шылыққа саясаткер, қоғам қайраткері, тіл жанашыры ретінде мәлім. Құп. Алайда сізді өздеріне үлгі тұтатын жас ұрпақ өмірбаяныңызбен құлағдар болғысы келетіні хақ. Осы орайда бала Досмахамбет пен саясаттанушы Дос ағаның аралығындағы өмір жолды баяндап берсеңіз.

- Балалық және жастық шағым Қы-зылорда қаласының шетіндегі қысқа да тұйық көшеде өтті. Әкем өмір бойы машина айдады, ал анам түрлі қара жұ-мыста істеді. Оқуда «озат болдым» деп айта алмаймын, бірақ жақсы оқитын-дардың қатарында болғаным анық. Аяққа мінгеннен кейінгі өмірдің барлы-ғы аулада, көшеде, далада өтті. Көрші баудағы алмаға түсуден басталған «өмір жолымыз», бақшаға түсіп қауын ұрлау, қалаға жақын жердегі ауылдың шалда-рының есектерін алып кетіп, «қыдыру», үш шақырым жердегі каналдың суынан шықпаумен жалғасса, есейе келе, аудан-аудан болып төбелесу, киноға бару мен қыздарды бақтағы биге шақыруға ұлас-ты. Бірақ мен үшін ең үлкен бақыт кі-тап оқу болатын. Жоғарыдағы «ерлік-тердің» арасында үйге бас сұққанда қолымнан кітап түспейтін. Жалғыз мен емес, біздің отбасымыздың өзіндік ау-руы да кітапқұмарлық болатын. Кітап бізді қызықты да құпия алыс өмірге же-теледі, сондықтан болуы керек, күйбең тіршіліктен көрі қол жетпейтін мақсат, жаңа өмірді аңсадық, қысқасы, прагма-тик емес, романтик болып шықтық.
16 жасымда мектепті бітіріп, оқуға түсе алмай, асханаға жүкші болып орналастым. Шынымды айтсам, жас кезімде әлжуаздау болдым, сондықтан күш жи-нап, шынығу үшін де осы жұмысты таң-дадым. Жарты жылдан соң «арманыма жетіп», жер өлшейтін экспедицияға жұ-мысшы болып орналасып, екі жыл бойы үй көрмей, Қызылорданың шөлдерін араладым. Қиыншылықты да, қызықты да көрдім. Бұл менің «өмір мектебім» болатын. Ал 1975 жылы әскери мінде-тімді атқарып келген соң Алматыдағы Қазақ университетінің филология фа-культетінің дайындық бөліміне қабыл-дандым.
Университетті бітірген соң Абай атындағы пединститутқа оқытушылық қызметке жіберді. Алайда қазақтың шөл даласы мені алысқа жібермеді, 1983 жылы Одақтық статусы бар, «Адам және Шөл» ғылыми-спорттық экспедициясы-ның мүшесі болып, бес жыл бойы, ең ыстық уақытта Өзбекстанның, Түркмен-станның, Қазақстанның басты шөлдерін жаяу кесіп өттім... Ал 1988 жыл қоғам-дағы саяси-экономикалық келелі өзге-рістердің басталған кезі болды. Еркіміз-ден тыс біз де осы өзгерістердің белор-тасында болдық, әділетсіз қоғамды өз-гертуді мақсат еттік, отаршылдықтан арылып, өзіміздің тәуелсіз Қазақ мемле-кетін құруды қолға алдық.
- Есім – адамның өмірлік серігі. «Досмахамбет» деп есіміңізді кім еншілеп берді?
- Мен Оңтүстік Қазақстан облысы-ның Арыс қаласының жанындағы «Дер-мене» аулында дүниеге келіппін. Анам түске дейін шөп шауып, толғағы ұстаған соң үйге қайтып үлгеріпті. Менің кінді-гімді кескен көрші апайдың аты Шәр-бан екен. «Киіздің үстінде дүниеге кел-геннен кейін түсің қара болған ғой» деп әзілдейді анам... Екі-үш күннен кейін үй-ге «Құдайы қонақпын» деп сапарлап жүрген бір молда қонып кетіпті. Қызып отырған әкем: «Қырықтың бірі Қыдыр» деген, мына балаға ат қойып кетіңіз дегенде, әлгі молда мені қолына алып, тиісті сөздерін айтып, соңында: «Сенің атың – Досмұхаммед» деп үш рет құла-ғыма айқайлапты.
- Шежіреңізден сыр шертіп, әңгіме-нің тетігін ағытсаңыз. Жалпы, өзіңіздің немесе нағашы жұртыңыздан батыр, би-шешен, сал-сері болған жан бар ма? Бар болған жағдайда, сол кісілер ту-ралы айтып бересіз бе?
- Кез келген қазақтың тұқымын қаз-са, сан түрлі атағы жер жарған бабалар шығады. Онсыз қазақ қазақ болмайды. Менің нағашы жұртым – қарақыпшақ-тар. Демек, қарақыпшақ Қобыланды-ның тікелей ұрпақтары... Алайда мен 1941 жылы 22 маусымда, таңғы сағат 4-те Польша шекарасында соғысты бас-тап, 1945 жылы 9 мамырда Берлинде соғысын аяқтаған әкемді – батырлар-дың бірі деп есептеймін. Абайдан бас-тап, қазақ пен орыстың барлық клас-сиктерін жатқа білетін, театрдың бірде- бір қойылымынан қалмайтын, ақылы мен турашылдығы үшін туысқандары-ның арасында «біздің Ленин» деп аталатын анамды би де, шешен де деп есептеймін.
- Шаңырақтың шырайын енгізіп, отбасының ұйытқысы болып отырған апамызбен қанша жасыңызда ша-ңырақ көтердіңіз? Естуімізше, апамыз талай таланттыларды түлеткен Ақ Жа-йық – ару мекеннің тумасы екен. Апаймен қалай таңыстыңыз ?
- ...Екінші курста біздің жатақхана-мызға география факультетінің студент-терін уақытша орналастырды. Сіздің апаңызбен (Тайпақ ауданы Қара-уылтөбе ауылының тумасы Әсима Ға-лымжанқызы Көшім – қазір география ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің про-фессоры) сол жылдары танысып, оқуды бітірген жылы (менің жасым 26-да болатын) отау көтердік. Егер менің саяси-қоғамдық өмірде жасаған жұмыс-тарым белгілі бір деңгейде жақсы нәти-жесін берсе, соның барлығы менің жұ-байымның қолдауымен, көмегімен, қа-тысуымен болғаны анық.
- Құлашы кең эпик ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп жырлап өтті. Қазіргі таңда қазақ жастары атамыздың сенімін ақтап жүр ме, қалай ойлайсыз, Дос аға? Жастар-дың және соның ішінде қазақ қызда-рының хал-жағдайы хақында ойыңыз-ды бөліссеңіз? Айшабибі, Домалақ ана, Зере, Ұлжан сынды аналарымыздың өнегесін өн бойына сіңірген қазақ қыз-дарын техникасы озық заманауи қо-ғамнан көріп жүрсіз бе?
- Меніңше, барлық қоғамда да үлкен кісілердің «Өмір не болып бара жатыр? Біз жас кезімізде бұндай емес едік» де-ген сөзі таусылмайды. Сонымен қатар өмірді өзгертетін де жастар екені – дә-лелдеуді қажет етпейтін шындық. Ме-нің өмірлік тәжірибем бір нәрсенің анық екеніне көзімді жеткізді. Ол – қазақ қыз-дарының ұлтшылдығы, қайсарлығы ер-лерден де жоғары екендігі. Бұны біз Желтоқсан көтерілісі кезінде де, тәуел-сіздік үшін күрес кезеңінде де, қазір де көріп отырмыз.
- Латын әліпбиіне көшу бүгінгі күні қоғамның қызу талқысында. Мұны ті-ліміз үшін жасалған игі қадамдардың бірі десе, кейбіреуі кереғар пікір білді-руде. Сондай-ақ үш тұғырлы тіл мәсе-лесі де күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Бірі дұрыс десе, бірі бұрыс дейді. Хош, сонымен, латын әліпбиіне көшу, үш тіл-де оқу, сөйлеу, жазу – міне, осының бәрі-бәрі шәкірттерге тым ауыр емес пе? Шәкірт дейміз-ау, баланы оқыта-тын ұстаздарымыздың өзі әлі де әзір емес екендігі рас. Ал осыны білім министрлігінің түсінуіне не кедергі, аға? Жалпы, білім министрінің «ұшан-теңіз» жаңа жобалары туралы не айтасыз?
- Бұл реформалардың кейбіреуі өмір талабынан, саяси қажеттіліктен туса, енді біреулері жағымпаздықтан, Президенттің айтып қалған пікірін «Біз тез арада жүзеге асырып жатырмыз» деп көзге көрініп қалудан туған жаңсақ қадамдар. Латын әліпбиіне көшу – зор-лап таңылған, сол арқылы ұлттық тілдік жүйемізге орны толмас нұқсан келтірген кириллицадан құтылып, өзіміздің төл дыбыстарымызға негізделген әліпбиге көшу болса, мектеп деңгейінде үштіл-ділікке бас бұру бір ұрпақты сауатсыз ететін жаңсақ қадам деп білемін. Төрт пәнді ағылшын тілінде оқытатын 30 мың мұғалімді өтірік-шыны аралас «дайын-дап шығарармыз», бірақ солардың ағылшын тіліндегі түсіндіргендерін ұға-тын 300 000 оқушыларды қайдан таба-мыз? 30 жылдың ішінде орыс мектепте-ріндегі оқушыларға қазақ тілін үйрете алмай жүрген білім министрлігі, шынын-да да, көтере алмайтын шоқпарды бел-деріне қыстырған сияқты.
- Белгілі тұлғаның белгісіз қыры қандай? Мәселен, сурет салу, ән айту дегендей...
- Аздап сурет салатыным бар. (Бұл өнерім қызым мен немереме де бері-ліпті). Ән айту мен домбыра тарту – қо-лымнан келмейтін өнер. Оның есесіне мылтық, пистолет, садақ ату – менің көп айналысқан сүйікті өнерім, спортым. Кезінде, әскерде жүргенде пышақ лақ-тыруды да бір кісідей меңгергенмін. Қысқасы, мен өзімді күреске дайында-ған сияқтымын. Сондықтан болуы ке-рек, ер адамға керек өнерден аса алмай қалыппын.
- Кімді үлгі тұтасыз?
- Менің үлгі тұтатын тұлғам – Куба революционері Эрнесто Че Геваро.
- Белгілі бір жетістікке жету үшін атақ-даңқ ауадай қажет деп жатады. Сіз қалай ойлайсыз?
- Керісінше. Жетістікке жеткен адам ғана атақ пен даңққа бөленеді деп ой-лаймын. Ал жетістікке атақ пен даңқ алып келсе, ол өзіңнің қайратың мен ақыл-жігерің арқылы келген нақты же-тістік болып табылмайды. Отыз жасым-дағы бір сұхбатымда «Байлыққа да, би-лікке де, атақ пен даңққа да ұмтылмай-мын» деген екенмін. Әлі күнге дейін сол тұжырымда қалдым. Бұлардың барлы-ғы, мен үшін балалардың ойыншығы секілді, алдамшы дүние. Әрине, байлық сенің жеке басыңның еркіндігі мен бос-тандығын қамтамасыз етеді. Күнкөрісің болса, «ертең жұмыссыз қалармын» деп, қорқасоқтап, айтатын пікіріңді айта алмай, жалтақтап отырмайсың. Алайда байлықтың сені шындықтың жолынан тайдырып, тек ақша жасауға ғана же-телейтін сиқыры бар... Билік, таза да әділ билік үлкен жауапкершілік жүк-тейді; өзіңнің өмірің жайына қалады, сен тек қоғам үшін өмір сүруің керек. Бір сөзбен айтқанда, сен қоғам үшін құр-бандыққа баруың керек. Мен ондай әулие емеспін... Атақ пен даңқ – бүгін бар да, ертең жоқ дүние. Меніңше, осы-ларды ойламайтын жандар ғана шын мәнінде жетістікке жетеді.
- Аға, әңгімеңізге мың алғыс! Сәттілік серігіңіз болсын әманда!
Әңгімелескен Самал ЖӘМЕТ,
журналист,
Орал қаласы
Тақырыпқа тұздық
«Досекең – өте сабырлы адам»
Дос ағамен сұхбат барысында ол кі-сінің жары, география ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің профессоры Әсима Ға-лымжанқызына да бірер сауал қойған болатынбыз.

- Әсима апа, туған жеріңіз, ата-ана-ңыз, бауырларыңыз, өскен ортаңыз жәйлі айтып бересіз бе?
- Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданы Есенсай ауылында тудым. Отбасында же-ті бала болдық, қазір алтаумыз. Мен үшін-ші баламын. Құдайға шүкір, бәрі жеке отбасылы. Қазір 85-те анамыз бар. Әке-міз 1993 жылы қайтыс болды. Әкеміз өзі орысша тәрбиеленгесін, бізді орыс мек-тебіне берді, сондықтан орыс класы бар мектеп іздеп, ауылдан-ауылға көшіп жүрдік (бір ауданнын ішінде). Соңғы қо-ныстаған жеріміз Қарауылтөбе ауылы болды. Мен сол ауылда мектеп бітірдім.
Бала кезімізден бастап әке-шешеміз бізді еңбекке үйретті: қойды да бақтық, сиыр саудық, шөп шаптық, балық аула-дық, біз сөзбен айтқанда, үйдің де, түз-дің де жұмысын талғамадық.
Әкеміз білімді адам болды, білімге қатты көңіл бөлетін, сондықтан бәріміз-ді мектептен кейін Алматыға оқуға жі-берді. Сол кісінің арқасында бәріміз жо-ғары оқу орнын бітірдік. Қазір үш қыз Алматыда тұрамыз. Ал анамыз үлкен әпке мен ағамызбен Оралда тұрады. Бір бауырым Ақтауда.
- Бала кезіңіздегі арманыңыз қандай еді?
- Бес-алты жасымда мен актриса бо-лам дегенмін. Аулаға көршінің балала-рын жинап концерт қойғанды жақсы көретінмін. Өскен сайын болашақ ма-мандығым да өзгере бастады, мәселен, бір кезде мұғалім болғым келді, содан кейін – дәрігер, әсіресе, хирург. Әкем ме-нің дәрігер болғанымды қалаған, алай-да атаулы мамандыққа түсу үшін физи-ка мен математика пәндерін жақсы білу керек еді. Мен ол пәндерді онша ұнат-пайтынмын...
Сегізінші сыныпта бізге қаладан бір жас биология, география пәнінің мұғалі-мі келді. Ол сабақтың үстінде өзінің сту-денттік өмірін әңгімелеп беретін. Практи-ка кезінде барлық жерлерді, елдерді ара-лайды екен. Соған мен қатты қызығып кеттім, ел көргім келді. Өзім саяхаттау-ды жақсы көретінмін. Алматыға келіп, бір жылдан кейін (ол кезде С. М. Киров атындағы) Қазақ Ұлттық университетінің география факультетіне түстім. Бес жыл ішінде бұрынғы КСРО-ның барлық жерін аралап шықтым. Солай географ болып кеттім. Сол арманымның нәтижесінде дүние жүзінің көптеген мемлекетінде болдым. Қазір географ-оқытушымын.
- Дос ағамен қалай таныстыңыз? Ағайдың айрықша қандай қасиетің атап өтер едіңіз?
- Досекеңмен бірге оқыдық, тек фа-культетіміз басқа, ол филология, мен география факультетінде. География факультеті өмір бойы биология факуль-тетімен бірге жүреміз (қазір де солай – бір ғимаратта, бір жатақханада), бірақ 2- курста бізге биофакта орын жетпей қал-ды. Бізді, 1 мен 2-курс студенттерін До-секең тұратын жатақханаға көшірді. Жа-тақханада студенттік (обьединенный) кеңес болды, филфактан Досекең мүше болып кірді, мен география факульте-тінен кірдім, сол кеңестің мәжілісіне барып жүріп таныстық. Ол мені онша менсінген жоқ, себебі мен «орысша» болдым (орысша сөйлеймін – әкемнің тәрбиесі ғой), оның айтқанын түсінбей-мін және оның бойы 187 см болды, өте биік әп-әдемі жігіт болды, ал менің бо-йым «метр с кепкой», сондықтан біз бір-бірімізге онша үйлескен жоқпыз. Бірақ, уақыт өткен сайын, ол маған тәрбиесі-мен, мінезімен қатты ұнай бастады.
Досекең – өте сабырлы адам, ешқа-шан дауысын көтермейді, айқайла-майды, ұрсыспайды, ренжімейді, көп сөйлемейді, бәрін ақылмен шешеді. мінезі өте жұмсақ, бірақ керек кезде қаттырақ бір айтады, сонда түсінікті бо-лады. Жастайынан өте көп кітап оқиды. Керісінше, мен батыстың қызы болғасын холерикпін. Мінезім бетімнен көрініп тұрады, шындықты тура айтамын, соны-мен кейде кісілерге жақпай қаласың. «Қанмен келген Кіші жүздің мінезіне» Досекең де үйреніп болды.
- «Адам ұрпағымен көрікті». Дос аға екеуіңіз қанша бала тәрбиеледіңіз-дер? Әмбеге аян тіл жанашыры, қоғам қайраткері Дос аға мен география ғы-лымдарының докторы, профессор Әсима ападан өрбіген балалары қай салада қызметте?
- Үш қызымыз бар. Үлкен қызымыз ҚазҰУ бітірді – аудармашы және екінші дипломы бойынша мамандығы – заңгер. Екінші қызымыз Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ бітірді, мамандығы IT- програм-мист, бірақ қазір интернет-блогер ре-тінде танымал, көп жыл телевидениеде жұмыс істеді. Үшінші қызымыз шетелде режисcер-операторға оқып жатыр (Ан-глияда). Бұйыртса, келесі жылы бітіреді. Екі үлкен қызымыз отбасылы, екеуінің бала-шағасы бар.
- Дос аға отбасында қандай әке?
- Ол – жақсы әке. Қыздарын қатты жақ-сы көреді. Қыздары әкесін ер адамның идеалы ретінде көреді. Досекең қызда-рынан ештеңені аямайды, айтқанын орындауға тырысады, әрдайым көмекте-сіп тұрады. Әрқашанда бір үстелдің ба-сында отырып, қыздарымен көп әңгіме-леседі, оқыған кіптаптарын, көрген ки-ноларын бірге талдайды.
Бүгінгі күндері де немерелерін мек-тепке, балабақшаға апарып-әкелуден жалықпайды.

Осы нөмірдегі басқа материалдар: « Web-сайтын күшейтейік! Қазақ қалай хан сайлады? »

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77