Қазақ қалай хан сайлады?

Думан НАУШАҰЛЫ, 

тарих магистрі, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан

Көне түрік заманынан басталып, Ал-тын Ордаға ұласқан, одан Қазақ Орда-сына жалғасқан мың жарым жылдық ұлы тарихымызда әлем халықтарының қадым замандардан бергі ұлағатты іс-терінің қатарынан орын алуға лайық, өткенді тану ғана емес, бүгінгі барымыз-ды бағалау үшін де аса мәнді қоғами және саяси үлгілер мол. Соның бірі – қазақ еліндегі далалық демократияның көріністері.

Әлем халықтарының бұрынғы тари-хына көз жүгіртсек, ордалы жұрттардың барлығында дерлік ел билігі әкеден балаға көшетін дәстүр берік ұсталған. Мұндай ұрпақ жалғастығы тек билеуші әулет біржола алмасқан жағдайда ғана бұзылған. Әдетте шах, халифа, король немесе патша дүние салған соң оның үлкен ұлы таққа көтерілген. Әміршінің артында қалған ұлдың билік басына шығуына оның ақыл, қабілет дәрежесі, жасының кәмелетке толу-толмауы еш бөгет болмаған.
Тарихтағы үлкен империялардың өзінің шежіресін байыптасақ, айбарлы патшадан соң оның есалаң баласы, бі-лікті корольден соң оның бесіктегі ба-ласы тақ иесі деп жарияланған мысал-дар көп. Мұндай әмір жүргізуге мүмкін-дігі жоқ әміршілердің тұсында ханым-ана немесе оған жақын ірі феодалдар билік құратын; орталық өкіметтің бо-саңсуы нәтижесінде жұрт тозған, халық күйзелген, шапқынға түскен, тіпті ел ішін өзара қырқыс жайлаған жағдайлар да ұшырасыпты [1].
Біздің Қазақ хандығы деп аталған ежелгі мемлекетімізде билік алмасудың бұдан мүлде өзгеше түрі қалыптасты. Қазақ дәстүрінде әрбір жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни ханның ұлы емес, халық-тың ұлы ретінде танылған ел ағалары-ның бірі көпшіліктің қалауы бойынша хан сайланған.
Қазақ Ордасындағы мемлекеттік құрылымдағы мұндай ерекшелікті өткен замандағы орыс дипломаттары мен оқымыстылары бірден байқапты. ХVІІІ ғасырдың 30-40-жылдарында Ре-сей мен Қазақстан арасында елшілікте жүрген атақты Мәмет мырза Тевкелев «Қырғыз-қайсақта... мұрагерлік жолы-мен хан болмайды, сайлау арқылы ғана хан болады» деп атап көрсетеді [2].
Қазақтың ханы сайланады. Бұл жақ-сы ма, жаман ба?
Коммунистік отаршылдық заманын-да біздің бабаларымыздың бұрынғы ісі-нің бәрі жаман деп жарияланды.
Біздің кей ғалымдарымыз қазақта феодализмнің өзі болған жоқ, жартылай ғана феодалдық көріністер берді, соның айқын мысалы – қазақтар ханның өзін қолдан сайлады дейді. Яғни кеңестік сайлаудың үлгісіне келмеген сайлаудың бәрі жаман. Бұл – қазақ-кеңес ғалымы-ның пікірі.
Ал сонау ХVІІІ ғасырда жасалған, Ре-сей патшалығының Қазақстанды біржо-ла отарлау саясатын тікелей жүзеге асы-рушы Орынбор губернаторы И. Неплюев 1848 жылы 26 тамызда Ресей Сыртқы істер коллегиясына жасаған ресми ха-барламасында былай байыптайды:
«Бұл қырғыз-қайсақта қалыптасқан салт бойынша ежелгі хан-сұлтан әулеті-нің өкілдері мұрагерлік жолымен емес, халықтың сайлауы бойынша ғана хан-дыққа жете алады. Ел ағалары және ха-лық қай сұлтанды қаласа, сол хан болып сайланады, ал ханның өкімі мен беделі оның хандық дәрежесіне емес, халық-тың қамын жеген ой-парасаты мен өнімді іс-әрекетіне байланысты». Яғни ханның мұрагерлік жолымен таққа отырмай, халықтың қалауымен сайла-нуы, басқасын былай қойғанда әміршіге айрықша міндет жүктейді екен, ханның көктен түсе қалмай, көптің ортасынан көтерілуі оның бұра тартпауына себеп екен, ел-жұртының мүддесін жоғары ұстауына негіз екен. М. Тевкелев пен И. Неплюев келтірген деректерден осын-дай қорытынды шығады. Кеңестік им-периализмнен бұрынғы отаршылдың өзі ақиқаттан аттап кете алмапты [1].
Біртұтас Қазақ Ордасының тарихын-да Керей ханнан Абылай ханға дейінгі аралықта бізге аты мәлім жиырма хан өтіпті. Солардың барлығы да ашық сай-лау жолымен, халықтың қалауы бойын-ша хан көтерілді. Қазақ хандығының ең соңғы ханы – Кенесары да туған жұрты-ның ежелгі озық дәстүрі негізінде билік-ке жеткен болатын. Қазақтағы хан сай-лау дәстүрінің түп-тамыры біздің дәуірі-міздің ІV-V ғасырларына – көне ғұн дәуі-ріне барып тіреледі. Ежелгі Түрік зама-нынан VІ ғасырдан жеткен нақты дерек-терге қарағанда, қағанат тарихындағы Мұқан қаған тақ билігі ағадан ініге, одан соң ағаның баласынан інінің баласына көшетін дәстүрді заң жүзінде негіздепті.
Билік алмасудың мұндай өзгеше үл-гісі еркіндігі мол әскери феодалдық ор-тада айрықша ұтымды болып шығады, ағайынның татулығын, елдің бірлігін қамтамасыз етеді. Қаза болған әмірші-нің артында қалған балалардың немесе көлденең үміткерлердің өзара қырқы-сына жол бермейді. Ең бастысы – ұлыс билігі барлық уақытта да кәмелеттен асқан, біршама тәжірибе жинақтаған, беделді жауынгер адамның қолында болады.
Әйткенмен, тақ билігінің ағадан ініге белгілі бір тәртіп бойынша ғана алма-суының да кемістік жағдайы көрініс бе-реді. Қағандық ауысқан кезде әлі кезегі жетпеген, бірақ заңды мұрагерден атақ-абыройы артығырақ інілер наразылық білдірмей тұрмайды. Наразылық арты ашық жаулыққа ұласқан жағдайлар да бар. Осының бәрі ұлы мемлекеттің әлсі-реуіне, ақыры бөлшектене келе, мүлде ыдырауына себеп болды. Бұл турасын-да біздің асыл мұрамыз, VІІІ ғасырдан жеткен Күлтегін бітігінде ашық айтыл-ған. Түрік жұртының өткендегі ұлы қа-ғандарын мадақтай келе: «Одан соң інілері қаған болды, ұлдары да қаған болды, бірақ інілері ағасындай бола ал-мады, ұлдары әкесіндей бола алмады» дейді ежелгі ескерткіш.
Ұлы Түрік қағандығының мұрагері, одан соңғы Батыс Түрік қағандығының тарихи жалғасы болып есептелетін Ал-тын Орда заманында бұл кілтипанның да емі табылады. Алтын Орда ұлысында да ежелгі түрік дәстүріне сай, тақ билігі ағадан ініге көшетін заң берік сақтала-ды, алайда билік міндетті түрде келесі ініге ауатын салт қабылданбайды, келесі іні – ол туған іні емес, немере, шөпшек іні болуы да мүмкін, әйтеуір, билеуші әу-леттен шыққан үміткер тек сайлау жөні-мен ғана таққа жетеді. Сөйтіп осыған де-йін жалпы жұртқа білігімен, ерлігімен танылған тұрғыластар арасында зор бе-дел алған, бүкіл әулет мойындаған адам хан көтерілуге тиіс болды. Әрине, жаңа хан сайлауда белгілі бір саяси күштер мен топтар, ірі шонжарлар, кейде үлкен билікке жеткен әскербасы бектер шешу-ші қызмет атқарған. Қайткенде де, ел тұтқасын ұстап отырған игі жақсылар-дың басым көпшілігінің ырқынан тыс кездейсоқ адамның таққа көтерілуі мүмкін емес еді. Сонымен бірге Түрік қағанатындағы реттік тәртіп аттамалы жолмен, яғни үлкен-кішісіне қарамай, ең беделдісі, айбарлысы хан көтеріледі.
Бұл озық салт Қазақ хандығы зама-нында одан ары жаңғырып, жетіле түсе-ді. Алтын Орда тұсында қалыптасқан жүйе берік сақталумен қатар, болашақ хан ашық сайлау арқылы ғана таққа же-тетін, қазіргі ұғымдағыдай болмаса да, біршама демократиялық дәстүр біржо-ла бекиді. Қазақ хандығының әуелгі ха-ны – Керей, Керейден соң оның шөбере інісі Жәнібек, Жәнібектен соң Керейдің ұлы Бұрындық, Бұрындықтан соң Жәні-бектің ұлы Әдік, Әдіктен соң оның інісі Қасым... осылай жалғаса береді [3].
Қазақ хандығының төрт ғасырға жуық ұзақ тарихында ұлыс билігі ағадан ініге көшетін ежелгі дәстүр екі-ақ рет бұзылыпты. Мұның соңғысы – 1781 жы-лы дүние салған Абылайдан кейін оның ұлы Уәлидің хан көтерілуі. Бұл сәйкессіз-дікті Ресей өкіметінің жол-жорасымен ғана емес, Уәлидің Абылай билеген үл-кен ұлыстың бір бөлігінде – Орта жүзде ғана хан аталуымен ақтауға болар еді. Бірақ нақты тарихи құжаттарды таразы-лағанда бұл жолы да қазақтың хан сай-лау дәстүрі бұзылмағандығы көрінеді.
Ел ағалары әуелде Абылай ханның шөпшек інісі Әбілпайыз сұлтанды хан-дыққа шақырады. Әз-Тәуке ханның шө-бересі ойратпен, шүршітпен, қырғызбен қантөгіс соғыстар уақытында зор даңққа жеткен, парасаты мол Әбілпайыз бүкіл қазақ елін қайта құрай алмасын біледі. Ресей бодандығына біржола ілінген Ор-та жүзде хан болуды қаламайды. Бұдан соң ел ағаларының таңдауы ол да Сал-қам Жәңгір әулеті Сұлтанмәметке түседі. Жасы жетіп отырған Сұлтанмәметке хан-дыққа келіспейді. Көкжал Барақ сұлтан-ның ұлы Дайыр сұлтан да хандықтан бас тартады және осы үшеуі де Уәлидің хан көтерілуін қалайды. Сұлтанмәмет пен Дайыр Уәлиді хан сайлауға өздері қатысады, жері шалғай Әбілпайыз сай-лауға балаларын жібереді.
Ресей патшасының Уфа мен Симбир-дегі наместнигі И. Якоби өзінің Сыртқы істер коллегиясына 1781 жылы 31 жел-тоқсанда жолдаған құпия мағлұмдама-сында хан сайлауы қазақ рәсімі бойын-ша, ежелгі жарғы негізінде жалпы жұрт-тың, оның ішінде Ордадағы барлық игі жақсының қалауымен жүзеге асқанын мәлімдей келіп, Уәлидің заңды әмірші екендігін айғақтайды. Шынында да, Уә-лиді хан көтеру кезінде қазақ жұртының ежелгі саяси рәсімі берік сақталғаны кү-мән туғызбайды.
Жұрт іргесі берік, ұлыс айбарлы за-манда біртұтас Қазақ хандығы тарихын-да хан ұлының хан сайлануына жалғыз-ақ мысал бар. Еңсегей бойлы Ер Есім ханнан соң 1644 (1628) жылы қазақ хандығының тізгіні Салқам Жәңгірге көшеді. Мұндай жағдай бірер рет десек те, Алтын Орда тарихында да болыпты. Өзбек ханнан соң оның ұлы Жәнібек таққа мінген. Қарасақ, бұл екі орайда да хандық дәреже мұрагерлік жолымен емес таңдау, сайлау жөнімен жүзеге ас-қанын көреміз.
1640 (1620) жылдарда бүкіл Қазақ хандығында Жәңгір сұлтаннан басы озық ешкім жоқ еді. Біріккен Ойрат Хал-ханы талқандаған ұлы қолбасы Салқам Жәңгір әкесі хан болған себепті неге би-ліктен шеттетілуі керек? Ақылға сыймай-ды. Дәстүр-салттың өзі іс орайынан туындамақ. Алтын Орданың әз-Жәнібек ханының билікке жетуі де осы іспеттес. Жәнібек әкесі Өзбек ханның көзі тірісін-де үлкен бедел алған. Алтын Орданың ішкі-сыртқы барлық істерінде айрықша қызмет атқара бастаған. Яғни әз-Жәнібек те, Салқам Жәңгір де тумысымен емес, тұлғасымен мұрагерлікке жеткен. Аға-йын-жегжат үміткерлер арасынан озып шығып хан болған [1].
Бұл ретте хан ұлы бола тұра, зомбы-лық, тақты тұтқиылдан басып алу еш-қандай нәтиже бермесіне, мұндай зор-лықшылдың өз басын өзі жоярына Жә-нібектен соң төңкеріс жолымен хан бол-ған Бердібектің тағдыры айқын мысал. Бергі қазақ тарихындағы Қатаған Тұр-сын ханның қайғылы қазасы да ата сал-тын бұзудың арты бұлғаққа, қантөгіске ұла-сатынын айғақтайды [2].

Хан сайлаудың жөн-жорасы
Әлбетте, хандықтан үміткер адам бі-реу, екеу емес, әлденешеу болады. Қа-зіргі тілмен айтқанда, хандыққа канди-дат ретінде тіркелудің, яғни санатқа ену-дің ең басты шарты – үміткердің Шың-ғыс хан әулетінен болуы.
Қият-боржігін тайпасынан шыққан Шыңғыс хан ұрпағы Қазақ хандығында ақсүйек, яғни айрықша текті әулет деп саналған. Бұл әулеттің қазақы тілдегі атауы – төре. Қазақ хандығының туын көтерген Керей хан мен Жәнібек ханнан тараған ұрпақ уақыт оза келе өсіп-өніп, көбейіп, тұтас бір руға айналған және қазақтың жүзіне ортақ саналған. Бұл ел бірлігі үшін аса мәнді рәсім болды. Осының нәтижесінде хан сайлау ру таласынан тысқары, барлық ұлыс үшін тең дағуадағы, ортақ жауапкершілік, ортақ игілікке айналды.
Жаңа ханды сайлау ашық түрде, жа-рия жағдайда өткізілген. Әуелі бүкіл ұлысқа сауын айтылады. Жұртшылық белгілі бір жерге, көбіне-көп Түркістан-ға, Әзіре Сұлтан дербесінің саясына жи-налады.
Хан сайлау рәсімін көруге, белгілі бір мөлшерде сырттай болса да, атсалысуға ұлыстағы кәрі-жастың бәрінің де қақы-сы бар. Әйелдер мен бала-шаға ең жақ-сы, сәнді киімдерін кисе, кемел жастағы еркек атаулы жарақтанып, қаруланып келуге міндетті болған. Бақыр басты әр-бір кісінің кеңесші дауысы бар. Бұлар белгілі бір үміткерді қостап, мақұлдап немесе әлдебіреуіне наразылық білді-ріп, хан сайлаудың өзі қалаған бағытта өтуіне ықпал жасауға тырысқан. Яғни Қазақ хандығындағы халықтың, қарулы әскердің ой-пікірі жауапты кезеңде үл-кен күшке айналған.
Әйткенмен, шешуші дауыс ел аға-ларына тиесілі. Бұлар – жұрт ұстаған сұлтандар, ру басы билер, әскербасы батырлар және ерлігімен иә белгімен топтан озған игі жақсылар.
Әлбетте, ел ағалары алдын ала ақыл-дасып, кеңесе, белгілі бір шешімге тоқ-тайды. Содан соң ғана жалпы жұрттың мақұлдауымен хан көтеру рәсімі өткі-зілмек.
Ел ағалары бітісе алмай, хан сайлау кеңесінің аяғы көпшілік талқысына түс-кен, дау-дамайға ұласқан жағдайлар да болған. Бұл біртұтас ұлыстың тозып, ыдырау кезеңіне, дағдарыс заманға тән құбылыс екен.
Хан тағынан үміткер қашанда әлде-нешеу десек, ел ағаларының бәрінің қа-лауы бір жерден шыға бермейді. Бірақ бұрын ұлыстың оң күнінде болашақ хан-ның жеке басының қасиеті бағаланатын, хан сайлау белгілі бір сұлтанның билі- гін арттыру емес, бүкіл хандықтың бо-лашағын айқындайтын, мемлекеттік мәнді іс саналатын. Қайткенде де, хан сайлау кеңесіндегі көпшілік шешімі қалған жұрт үшін жарғы есепті болған.
Хан көтеру рәсімі жұма күні, ашық аспан астында өткізіледі. Жиналған жұрт аттылы-жаяу, алқақотан тұрады. Ортаға қымбат кілемдер, түрлі-түсті текемет, сырмақтар төселген, жібек көрпелер жайылған. Бұл ең сыйлы жер, төр деп есептеледі. Төрде хан сай-лауға тікелей қатынасқан ел ағалары мансап-дәрежесі, атақ-беделіне қарай үш қатар, төрт қатар болып дөңгелене отырады. Қақ ортада, яғни төрдің төбе-сінде осы салтанатқа орай арнайы ба-сылған, алтын әдіпті жұқа ақ киіз.
Жұрт орнығып, дабыра басылған соң бүкіл алашқа танымал, атақ-абыройы зор ақсақалдардың бірі орнынан көте-ріліп, жиналған жұртқа Ұлыстың ұлы кеңесінің шешімін жариялайды, хан-дыққа кімнің сайланбағын айтады. Бұ-дан соң елге танымал екі адам екі жа-ғынан қолтықтап әкеп, болашақ тақ ие-сін төрдің төбесіне – ақ киіздің үстіне шығарады. Әлі хан емес, үміткер жалпы жұртқа бой көрсеткен соң ақ киіздің қақ ортасына құбылаға бет беріп, қол қусырып, малдасын құрып отырады.
Енді хан сайлаудың екінші, – көпші-лік қауымға арналған және ең шешуші бөлігі басталады.
Ел ағалары – шешен билер, әскер-басы батырлар, өздері де тақтан үміткер болған кейбір сұлтандар кезекпе-кезек тұрып, жамағатқа қарата сөз сөйлейді. Барлық сөз болашақ ханның абзал қа-сиеттеріне арналады. Оның нұрдан жа-ралған хан Шыңғыс бастау алатын ата-тегінің асылдығы айтылады, оның бері-дегі аталарының ұлыс мерейі жолында атқарған ұлы істері еске алынады; бо-лашақ ханның өзінің жеке басының қасиетіне айрықша назар аударылады; ақыл-парасаты, әділдігі, мәрттігі мадақ-талады, қол бастаған көсемдігі, жұртқа мәлім ерлік істері атап көрсетіледі. Мі-не, осындай асылзада хан болса, алаш ұлының көсегесі көгереді, сондай да осындай жақсылықтар, игіліктер бола-ды деп насихат айтылады.
Әдетте әрбір шешеннің сөзін жұрт-шылық қостайды, мақұлдап айқайлай-ды, ризашылығын, қуанышын білдіреді. Ризашылығы болмаса, оны да ашық ай-тады. Мұндайда болашақ ханның бетіне басар, ер ұялар іс болса, оның да сыртқа шығып қалуы ғажап емес. Тілеулестік-пен қатар өкпе-наз, реніш білдіруі де мүмкін. Сыртта тұрған қандай дәреже-дегі болмасын адамның өз пікірін ай-туына шек жоқ. Өйткені хан сайлау – барша халыққа ортақ іс. Әлбетте, ал-дын ала ойластырған, көпшілік болып келіскен істен кінәрат шыға қоймайды. Жұртшылық оң тілегін айтады, мұндай ірі тұлғаның хан сайлануын мақұлдай-тынын білдіреді.
Осыдан соң ұлыстағы дінбасы ғұла-ма кәләм-шәрифтан дұға оқиды, шарта-раптан жиналған жұртты пәтуаға келті-ріп, хандыққа көтерілмек пендесіне аруақ пен Құдай атынан, бүкіл ұлыс жұр-тының атынан бата жасайды. Бұдан ке-йін ұлыстағы айрықша беделді ал-дын ала белгіленген төрт кісі ортада малдас құрып отырған үміткерді ақ киіз-дің төрт бұрышынан алып, бастарынан асыра жоғары көтереді де, қайтадан жерге түсіреді. Хан сайлау рәсімінің ең түйінді шешімі осы. Билікке жетті, тақ- қа мінді деген мағынада ақ киізге көтер-ді, хан көтерілді деген сөздердің түп төркіні осы рәсімде жатыр.
Әуелгі төрт адам ақ киізге көтерген сәттен бастап хан болып есептелетін әміршіні жаппай құттықтау басталады. Енді биік сайлауға тікелей қатысқан, басқа емес, дәл осы адамның таққа же-туіне үлес қосқан игі жақсылар кезек-тесе келіп, топ-тобымен келіп, ақ киізде отырған ханды қайта-қайта көкке кө-тереді. Ханның үстіне хан сайлау сал-танатына жиналған жамағат алтын-күміс теңгелерден шашу шашылады [ 3].
Бірнеше аптаға созылған құрылтай-да Хан көтеру рәсімі арнайы шатырда атқарылады. Жұлдызшылар белгілеген қолайлы күні құрылтайға қатысушылар Хан көтеру рәсімін жүргізген. Қатысушы-лар дәстүр бойынша бас киімдерін, бел-беуін шешкен. Белбеулерін иықтарына салып тұрған. Хан әулетінің ең үлкен екі мүшесі үміткерді қолынан ұстап, таққа отырғызған. Одан кейін жаңадан сай-ланған ханға ханзадалар ант берген. Ол біткеннен кейін ақ киізге отырғызылған. Шильтбергер Жошы ұлысындағы Хан көтеруді былай деп баяндайды: “Ақ киізге отырғызады да, үш рет көтереді. Содан кейін оны шатырды айналдыра алып жүреді де, қолына алтын қылыш береді; осыдан кейін ол дәстүр бойын-ша ант беруі тиіс”. Рашид әд-Диннің ай-туы бойынша, қатысушылардың барлы-ғы тоғыз рет (Жувейни жазбасында үш рет) тізелерін бүгіп жаңа ханның есімін атаған. Бұдан кейін олар ханға ант беріп, шатырдан шығарда Күнге қарап үш рет тағзым еткен. Хан көтеру аяқталғаннан кейін бірнеше күн той болған. Хан көте-ру дәстүрі қазақ халқында XX ғасырдың бас кезіне дейін сақталған [4].
Бұл рәсім аяқталған соң ел ағалары ханның сыртқы киімін шешіп, алғаш кө-терген төрт жігітке үлестіреді де, ханға жаңадан тігілген алтынды айыр қалпақ, қамқа тон, зерлі шалбар, оқалы етік ки-гізеді, бар жарағын асындырады, со-ңында алтынды ер-тұрманы бар арғы-мақ атқа мінгізеді. Асан қайғы атамыз-дың:
Арғымақ атқа міндім деп,
Артық топтан адаспа! – дейтін тол-ғауы осындайда айтылса керек [2].
Осыдан соң сайлаушы ел ағалары ханның жейдесінен басқа сырт киімін түгел шешіндіріп, белдіктен жоғары киімдерді ханды алғаш көтерген төрт адам алады, одан басқасын хан сайлау кеңесінің қалған мүшелері тәбәрік ре-тінде бір жапырақ, жарым жапырақтан пышақ үстінде бөлісіп алады.
Енді ханға арнап тігілген алтын қал-пақ, қамқа тон, зерлі шалбар, оқалы етік келеді. Құрметті ақсақалдар өз қолымен киіндіріп, бойына бар жарағын асып, қолтықтап әкеп, алтын ер-тұрманды арғымақ атқа мінгізеді. Қазақ хандығы-ның ханы толық билік алды деген сөз.
Қазақ рәсімінде ханға маңдайын жерге тигізіп бас ұру болмаған. Үй ішін-де болмаса, түзде тізе бүгу де жоқ. Ең үлкен құрмет – аттан түсу, түрегеп тұрып қол қусыру. Хан ерге қонғанда жаппай аттан түскен жұрт дауыстап қошемет танытады, ұлыстың оң болуына тілек айтады. Жолы үлкен, кезегі келген екі кісі хан мінген арғымақты сулығынан жетелеп, тағы қаншама жан ханның үзеңгісінен ұстап, ұлы мереке салтана-тына арнап тігілген алтынды Ордаға бас-тайды.
Қазақтағы отыз күн ойын, қырық күн той деген сөз осындай орайда айтылса керек. Уәлидің хан көтерілуі турасында-ғы орыс деректерінде хан тойы жеті күн-ге созылғандығы нақты көрсетілген. Бұл, әрине, берідегі жұрт тозған халық қажы-ған кездегі жағдай. Хан тойында ет төбе болып үйіліп, қымыз өзен болып ағады. Неше күн бойы ақын-жыраулар жыр толғайды, домбырашы-қобызшылар күй толғайды. Аламан бәйге, балуан кү-рес, жамбы ату, қыз қуу, теңге алу, көк-пар және басқа да ұлттық ойындар өткі-зіледі. Біреу келіп, біреу кетіп, ұлан асыр тойға байтақ ұлыстың әр жеріндегі ел-жұрттың бәрінің де өкілдері қатысады. Ұлыстың мерейін көтеретін жұртты ер-лікке, кісілікке баулитын, жаңа ұрпаққа үлгі тастайтын салт-дәстүрлердің бәрі де хан тойынан көрініс табады.
Осы орайдағы басқа жұртта жоқ та-ғы бір рәсім – хан атқа мініп, ордаға түс-кен кезде әр тайпадан, әр тараптан ар-найы іріктелген қаншама адам ханның өрістегі малын қозы-лақ, құлын-тайына дейін түк қалдырмай, бөліске салады. Бұл рәсім «Хан сарқыты» деп аталады. Ханға малдың керегі жоқ. Хан – ел иесі, жұрт тұлғасы, елде бар болса, ханда да бар. Ханның халықтан бөтен тілегі бол-мауға тиіс деген сөз. Сонымен қатар жақсы ырым. Сайлауға келе алмаған жұрт тойдан дәм татады, хан малының тұқымы қалған елге құт әкеледі. Ырым – наным ғана емес, мақтан. Өзінің ұлттық мемлекетінің басында отырған, халық қалауымен көтерілген ханға деген биік құрмет белгісі. (Арада апта өтпей, бұл мал он есе көбейіп, кері қайтады. Бірақ бұл – ханның емес, қазынаның малы).
Айта кетейік, «хан сарқытына» мүлде қарама-қарсы «хан талау» деген салт та болған. Бұл – ел сенімін ақтамаған, да-рынсыздығымен емес, қорқаулығымен жексұрын болған, ақылсыздығымен ға-на емес, арамдығын танытқан, түзел-мейтін әміршінің мал-мүлкін тігерге тұяқ қалдырмай, бөлісіп алу. Зорлық емес, барымта емес, жамағат шешімі-мен жүзеге асатын жаза; дәстүрге сы-йымды, заңды іс саналған [5].
«Хан талау» салты – таққа мінген хан ғана емес, ел билеген кез келген әмірші-нің адамшылықтан аттамауының кепілі болды. «Хан талау» аяқ астынан оқыс-тан жасалмаған, әуелі әміршінің, бек пен төренің оғаш қылықтары, мұның алаш жұртының жөн-жоралғысымен сы-йыспайтыны турасында арнайы ескерту-лер жасалған. Осыдан соң ғана ел ағала-ры болып, жалпы жұрт болып жаппай баталасып, қатал үкімді жүзеге асырған. Мәселен, XVIII ғасырдың аяқ кезінде Жобалай Керейді билеп отырған ең соң-ғы төре осындай жазаға ұшырапты. Мейманасы тасыған, жұртта жүйрік ат қоймаған төре ең ақырында мұнымен де тоқтамай, игі жақсылардың намысы-на тиіп, қорлай бастаған кезде «хан та-лауға» түседі.
Атап айту керек, «хан талау» – жанға емес, малға қатысты рәсім. Жан – сауға, бірақ талауға түскен төре бар биліктен айырылады, енді қайда барса да, абы-рой таппайды. Қарауындағы халқымен санаспаған әміршінің оңбайтынын әйгі-леген тірі өлік кебінде жүре береді. Бұл аяусыз, бірақ әділетті жора ел ішіндегі екінші мәртебелі әміршілерге қатысты болса керек. Бірақ халыққа жақпаса, ханның басына да қатер үйірілген. Бұл орайда ханды талақ ету рәсімі іске қо-сылған. Мәнісі – бүкіл ел-жұрт болып ханнан безу, оны ордасында отырған қалпында тастап кету. Мәселен, 1530 жыл шамасында бүкіл алаш қауымы ымырасыз қаталдығымен жұрттың ти-тығына жеткен, парықсыз билігі, да-рынсыз қолбасылығымен ұлысты ауыр халге түсірген Тақыр ханнан жеріп шыға-ды. Төңірегіндегі халқы түгел көшіп кет-кен Тақыр хан айдалада қалады, ақыры қазақтармен бір орда құрамындағы қыр-ғызға барып паналайды. Әйтсе де, бұл – біздің тарихымыздағы шетін мысал.
Қазақ хандығының хандары өздерін көкке көтерген, ауыр міндет арқалатып, сенім білдірген халқына қаяусыз қызмет етті. Қажыр-қайратын аямай, қанын төк-ті. Туған елінің мерейінен бөтен мұраты болған жоқ. Мұның ең басты сыры – қа-зақ әміршілерінің іріктеу жолымен сай-лау негізінде хан көтерілуіне байланыс-ты. «Қырық кісінің ақылы бар» деп, ха-лық таңдап сайлаған хан өз жұртының алдындағы жауапкершілігін сезінумен қатар, қылдан тайса, сол жұрт алдында есеп беретінін де кәміл түйсінген [1].
Көне түрік дәуірінен бастау алып, Ал-тын Орда заманында сыннан өткен, Қа-зақ хандығында біржола қалыптасқан хан сайлау дәстүрі әскери-феодалдық демократияның айқын көрінісі ғана емес, мал шаруашылығына негізделген көшпенді тіршілік кебіндегі жұрт үшін ең ұтымды жол екен. Алтын Орданың ұйық-ты орталығында, шалқар Еділдің бойын-да қалған Ноғай Ордасы бай да қуатты еді. Бірақ жауынгер ұлыста ел билігі хан-нан өтіп, биге көшті. Орталық әміршінің алмасуы қалыпты дәстүр, белгілі жүйе-ден шығып кетті. Нәтижесінде уақыт оз-ған сайын Ноғай Ордасы бытырап, тоза берді, ақыры біржола жойылды. Жоңға-риядағы тақ алмасу жүйесі де қалыпқа түсіп үлгермеді. Билік басындағы қоң-тайшы өлген сайын жаңа әміршінің ор-нығуы ашық бақталастық, кейде қантө-гіс арқылы жүзеге асып отырды. Бүкіл ұлыс қабылдаған мұрагерлік заңы бол-маған себепті әскер күші басым үміткер-дің тақты тартып алуы әдеттегі құбылыс-қа айналды. Ақыры құдіретті Жоңғария тәуелсіздігінен ғана айырылған жоқ, ұлт ретінде де мүлде құрып бітті.
Ал қазақ халқы бұлыңғыр заман, тайғақ кешулердің бәрінен аман-есен өтіп, бүгінгі күнге жетіпті. Бұл – қазақ қо-ғамының өміршеңдігінің нәтижесі. Ор-талық Азиядағы Алтын Ордадан соңғы ең байтақ ұлыс – Қазақ хандығының өткен тарихын байыптасақ, ежелгі ғұн-түрік заманынан бастау алатын асыл қазыналарымызды қастерлеп сақтау және одан әрі өрістеу арқасында біздің ұлы халқымыз өзінің берік мемлекеттік жүйесін қалыптастырғанын көреміз. Соның өзекті бір саласы – хан сайлау дәстүрі.
Түрік жұртының бұған дейінгі мың жылдық тарихында сыннан өткен жол-жора, қалыптасқан жүйе негізінде ер ха-лықтың, мәрт халықтың жиын ортасы-нан жарып шыққан, бар тілегі туған елі-нің мұратымен берік астасқан асыл тұ-қым – Шыңғыс хан—Жошы хан—Орыс хан—Жәнібек хан әулеті өз жұртын та-рихтың барлық қиын өткелінен алып өтті. Қазақ хандығы деп аталатын бай-тақ та қуатты ұлыстың тұғырлы туын бе-рік ұстады.

Әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ әдебиеті» 13 мамыр 1994 жыл, №18-19
2. Namys.Kz, Бердіхан Құсайын
3. Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» (Алматы, «Қа-зақстан», 1995 ж.) кітабындағы деректер
4. El.kz порталы
5. «Қазақ үні» 1 қаңтар 2015 ж, т.ғ.д., профессор Е. Қуандық

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77