Қайран біздің аналар арды ойлаған!

«Алып анадан туады» дейді қазақ. Сол рас сөз. Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының тәрбиесінде анасы Алқаның ықпалы зор болғаны айтылады.

Құрманғазының туған жері – Бекетай құмындағы Жиделі мекені. Құрманғазының өз нағашысы - бесқасқа беріш руының Қараша атасынан Мәтіғұл деген кісі екен. Сағырбайдың әкесі Өтеп-берген Мәтіғұлмен бесік құда болады. Алқа тұрмысқа шыққан соң күйеуі Са-ғырбайға: «саған алты Алашқа танымал ұл тауып беремін» дейді. Алқа бала кө-тергенде босанатын күні асып кетеді, одан қорыққан енесі молдаға барып, кітап аштырады. Молда: «екі баланың салмағындай ұл бала дүниеге келеді, келін жеке үйде өзі босанып, баласының кіндігін өзі кессін, қырық күн ешкім көр-месін, арқасында омыртқасын қуалай өскен жалы болады» депті. Бұл әңгімені Бекетай құмының тумасы, 1914 жылы туған Бұқар Дүзбаев деген ақсақал 1978 жылы айтқан екен. «Ана тілі» газетінің 2010 жылғы 1 желтоқсанындағы санында жарияланған мақаласында атыраулық Мұрат Бектенов күйші өміріне қатысты біраз тың дерек келтірген.
Құрманғазының жалы болғаны ту-ралы аңыздар ел ішінде жиі айтылады. Күйшінің зираты бүгінде Ресей Феде-рациясы Астрахань облысы Краснояр ауданы Алтынжар ауылында жатыр. Алтынжарлықтар Құрманғазының есімін атамай, «Ата» деп ерекше құрметтейді екен. Оны тек атақты күйші емес, арқалы әулие ретінде сыйынып, басына ел тү-нейтініне куә болғанбыз.
Айтпақшы, әйгілі күйшінің нағашы-лары туралы белгілі ақын Хамит Ерғалиев «Құрманғазы» дастанында былай деп ай-тып кететіні бар:
«Жері жоқ ағайынды запы қылған,
Дейтұғын: «Тіленбеймін, затым ұлдан!»
Сәуірде бір ат келді, нағашысы
Бесқасқа беріштегі Мәтіғұлдан...»
Құрекеңнің өз анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман бол» және «Қайран шешем» атты күйлері бар. Күй-шінің анасы Алқаға арнаған бір шығар-масының тарихы мынадай. «Бірде түр-меге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп, көзіне жас алады. Жалпы, ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Құрманғазының анасы өте қайратты, күшті, ер мінезді, намысты бірінші орын-ға қоятын қатал мінезді әйел болған екен. Баласының көңілі босағанын көр-ген анасы Алқа: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным! Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың? Жаудың алдында, мына сол-даттардың алдында көз жасыңды көр-сетсең, кім болғаның?! Көтер басыңды!» - деп жағынан шапалақпен тартып жі-береді. Сонда ғана Құрманғазы есін жиып алып: «Әй, қайран, менің ше-шемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар: Маған қайрат-жігер беретін де, өмірде қайыспай күресер қуат беретін де осы анамның тілегі емес пе?» - деп сол жерде шешесіне жігермен қарап, қоштасып, «Қа-йран шешем» деп күй шығарған екен.
Осы оқиға – Алқа ананың тұтқындағы баласын жігерлендіруі талай қаламгердің шығармаларына да өзек болған. Журнал оқырмандарының назарына белгілі ақын апамыз Ақұштап Бақтыгерееваның «Қайран шеше» жырын ұсынамыз.

Қайран шеше

Кеудеңнен көп жылдарғы тарқады мұң,
Толғандай қуанышқа орта бүгін.
Ақ дауыл тербетеді құмнан соққан
Бесігін тентек ұлдың, сотқар ұлдың.

Ызасы кедейліктің жүрді есінде...
Сол жігіт жатты Оралдың түрмесінде.
Сонда сен балаңды іздеп, асыл Алқа,
Нарыннан жаяу келдің тілдесуге.

Айдалып барады ұлың алыс кетіп,
Сен бірақ жыламадың дауыс етіп.
Орнына қоштасарда қиналудың
Жаныңа тұрды сенің намыс өтіп.

Жыласа балаң, өктем сен тіл қаттың:
- Ез болсаң, еркек етіп неге таптым?
Көрсетпе маған мынау көз жасыңды! –
Деп келіп, беттен сүймей, жақтан тарттың.

Кісен де тұрған қолға оратылып,
Бола алмай күйге бөгет қара құлып.
Жазылып пернесіне домбыраның,
Кеудеден кетті сол сәт саз атылып.

Қос шектен әлемге аян таралып үн,
Ғасырлар мақтаны боп қалады ұлың.
Өсірген күй атасын, қайран шеше,
Өзіңнің емес пе екен даналығың?!.

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА

Осы нөмірдегі басқа материалдар: « Бату хан (Сайын) (? – 1255 (653) Яссауи феномені »

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77