Сипаттама
Еңбекте Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері зерттеу нысанына алынып, ақын айналасының абайтану ғылымындағы орны, Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды. Бұл тұрғыда Абай әулетінің, атап айтатын болсақ, Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол замандағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, Абай мен аға буын ақындар арасындағы рухани жақындық көздері жан-жақты сөз болды. Оқу құралы әдебиетші ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарға, магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.