Сипаттама
Қазақ халқының ұзын-ырға тарихындағы айтулы, белесті кезеңі – XX ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің соңынан ерген жылдары. Ресми түрде “Алаш” партиясы мен “Алашорда” үкіметі 1917 жылдың соңында құрылғанымен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлт көсемдері ғасыр басында-ақ саяси аренаға шықты. Күрескер ұлт зиялылары әсіресе 1913 жылдан бастап Орынборда шығып тұрған “Қазақ” газетінің маңына топтасып, бағыт-бағдарын айқындап, айтулы саяси күшке айналды.
Кеңес өкіметі жылдарында “жабық” тақырыпқа айналған, есімдері мен еңбектері ескерусіз келген Алаш арыстары туралы еліміз тәуелсіздік алған соң ғана жан-жақты сөз бола бастады: олардың мұралары жарық көрді, зерттеу еңбектер жазылды, есімдері ұлығталды… Бұл жинақ – кітапқа осы кезге дейінгі Алаш зиялылары туралы жарық көрген барша еңбектер сұрыпталып, қорытылып, тиянақталып беріліп отыр.
Кітап ұлт, мемлекет және Отан тарихымен қызығушы барша оқырман қауымға арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.