Сипаттама
Атырау облысының медицинасының даму тарихы өте ертеден басталды. Батыс Қазақстан, Астрахань облыстарымен шектес жатқан, Маңғыстау облысын қамтыған кең байтақ қазақ даласын мекен еткен халықтардың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу қызметіне ішкі Ресейде оқып білім алған мамандар ат салысып отырған. Қолда бар деректерге сүйене отырып, әр жылдардағы еңбек еткен медицина қызметкерлері, дәрігерлер туралы мәліметтерді жинақтадық. Алайда, барлығын түгел қамту мүмкіндігі болған жоқ. Бұл жинақ ақ халатты абзал жандардың халық денсаулығын сақтау жолындағы ұшан-теңіз еңбегінің алғашқы көрінісі ғана. Тереңірек зерттеу кейінгі жас ұрпақтың еншісіне қалдырдық. Жинаққа өзіміз білетін, қызметтес болған медицина қызметкерлері жөніндегі деректерді жинақтап еңгіздік. Кітап жалпы оқырман қауымға, медицина тарихи зерттеушілеріне, медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.