Сипаттама
Кітапта Ақ Жайық өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылымы, экономикалық- шаруашылықтық әлеуеті, табиғи және қазба байлықтары, көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен мәдени құндылықтары туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Әсіресе, еліне қамқор, жеріне қорған аймақ азаматтары – тарихи тұлғалар өмірі мен қызметін нақты деректермен баяндайтын мақалалардың, әрқилы тарихи кезеңдер мен уақиғалар хақында жазылған шолу материалдардың танымдық-тағылымдық мәні зор. Батыс Қазақстан облысының шежіресі іспеттес бұл кітапта бұрын-соңды ғылыми – ақпараттық айналымға түспеген архив деректері мен құжаттар, көне фотосурет нұсқалары, тақырыптық схема-карталар мол пайдаланылған. Кітап туған ел, өскен жер тарихын, мәдени құндылықтары мен дәстүрлі рухани даму арналарын жетік білуге құштар оқырман қауымға арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.