Бөкей Ордасы ауданы энциклопедия

1,000 

Сипаттама

Алтын Орда Ноғайлыдан тамыр тартып, еліміздегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар – Бөкей хандығы мен Күнбатыс Алашордасын тарих төріне шығарған, кеңес өкіметі алғаш ту тіккен өлке – Бөкей ордасы ауданы – шежірелі, “тұңғыштар мекені” атанған өрелі, өнерлі өңір.

Кітапта осы өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылымы, экономикалық-шаруашылықтық әлеуеті, табиғи байлықтары, көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен мәдени құндылықтары туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Әсіресе, еліне қамқор, жеріне қорған аймақ азаматтары, тарихи тұлғалар өмірі мен қызметін нақты деректермен баяндайтын мақалалардың, әрқилы тарихи кезеңдер мен уақиғалар хақында жазылған шолу материалдардың танымдық-тағылымдық мәні зор.

Ықылым замандардан екі дүние есігіндей Батыс пен Шығыстың арасын жалғап, әлемдік өркениет пен мәдениеттің көпіріне айналған еліміздің шетінде, желдің өтінде тұрған өлкенің шежіресі іспеттес бұл кітапта бұрын-соңды ғылыми-ақпараттық айналымға түспеген архив деректері мен құжаттар, көне фотосурет нұсқалары мол пайдаланылған. Кітап туған ел, өскен жер тарихын, мәдени құндылықтары мен дәстүрлі рухани даму арналарын жетік білуге құштар оқырман қауымға арналған.

Қосымша ақпарат

авторы

Рахман Карин(төрағасы)

Мұқаба беті

Қатқыл

Бет саны

379

Баспасы

Арыс баспасы

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Бөкей Ордасы ауданы энциклопедия” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған