Сипаттама
Тарихи очерктің басты кейіпкері Әбдірахман Әйтіұлы Әйтиев-көрнекті мемлекет қайраткері, кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына және нығаюына белсенді қатысушы, алғашқы чекистердің бірі. Ол барлық өмірін еліміздің бостандығына, тәуелсіздігі мен біртұтастығына арнады, тұңғыш республика Ішкі істері Халық комиссары, батыс және солтүстік Қазақстандағы Азамат соғысына қатысушы.
Еңбектің авторлары деректі құжаттарды мұқият зерттеп, XX ғасыр басындағы күрделі саяси, тарихи мәселелерге зор мән береді. Кеңестердің 1917-18 жылдарда құрылуы мен нығайтылуы және Қазақ АССР-ын одақтас республикалар құрамына еңгізу кезеңіндегі қоғам қайраткерлерінің іс-қимылдары жан-жақты қарастырылған. Кітап көпшілік оқырманға арналған
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.