Сипаттама
Гитарада естілсе әуен… Адамзат қолынан шыққан ең керемет әрі таңғажайып музыкалық аспаптардың бірі де бірегейі — гитара — ерекше күшке ие өте қарапайым құрылғы. Оның үні, көңіл күйді жеткізе білуі және диапазоны пианинодағыдай шексіз болғанмен, әлдеқайда қолайлы аспап. «Гитара үйренудің толық курсы» кітабында тәжірибелі музыкант Том Флеминг жаңадан гитара үйренушілер мүмкіндігіне қарай өз бетімен меңгере алатын 20 сатылы сабақты ұсынады. Тамаша үйлестірілген иллюстрациялар және фотосуреттермен безендірілгендіктен, үйренуді оңай меңгересіз және кез келген сұрағыңызға жауап таба аласыз. Бұл кітап сіздің гитара сазының ғажайып әлеміндегі тәжірибелі нұсқаушыңызға айналмақ!
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.