Эмоциялар. Сезімдердің мәні неде?

3,500 

Сипаттама

Өзіңді кінәлі сезінудің, мазасыздықтың, алаңдаудың немесе үміттің адам үшін қандай мағынасы бар? Бұл эмоциялар саған неден хабар береді? Эмоциялар адам өмірінде үлкен мәнге ие. Бұл — жағдайды бағалап, оған қалай жауап беру керектігінен хабар беретін жүйе. Алаңдау немесе мазасыздану зейініңді жинақтауға, оны белгілі бір нысанаға бағыттауға көмектеседі. Мақтаныш сезімі сені жаңа, күрделі бір дүниелерге жетелеуі мүмкін. Кінәлі сезіну қарым-қатынасыңа кедергі келтіретін ыңғайсыз жағдайды түзетуге талпынтады. Барлық эмоцияларың маңызды қызмет атқарады. Олар сені алға қойған мақсатыңа қарай жетелеп отырады. «Эмоциялар: Сезімдердің мәні неде?» кітабы болмысыңды тереңірек танып-түсінуге көмектеседі. Кітапта 15 тарау бар. Оның әрқайсысы белгілі бір эмоцияға арналған. Сонымен бірге кітапта өмірден алынған оқиғалар мен ғалымдардың зерттеулерінен мысалдар келтірілген. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін автор әр тараудың соңында қосымша ақпарат беріп, қортындылап отырады.

Қосымша ақпарат

Авторы

Мэри Ламиа, PhD

Мұқаба беті

Жұмсақ

Бет саны

152

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Эмоциялар. Сезімдердің мәні неде?” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *