Сипаттама
Тіліміздегі кісі есімдері – мәдени-тарихи мұра, ұлттық құндылық. Бұл атаулар өн бойына ел тарихының, халықтың болмысы мен дүнетанымының, табиғат құбылыстарды мен кәсібінің, салт-санасы мен әдет-ғұрпының қат-қабат сырын сақтаған.
Еліміздің халықаралық ықпалдастығы рөлінің артуы, мемлекеттік тіліміздің жаңа сапалық деңгейі әдеби тілдегі барша лексикалық бірліктердің нормаланып, бірімізді, жеке-дара нұсқада қолдануын қатаң талап етіп отыр. Сол себепті жиі қолданылатын кісі есімдері қазақша, орысша және ағылшынша бір нұсқада жазылып, қалыпқа (стандартқа) түсуі шарт. Қолдарыңыздағы еңбек-осындай биік мақсатқа қол жеткізу жолындағы алғашқы тәжірибе, талпыныс. Кітап кісі есімдері жиі кездесетін құжаттармен күнделікті жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелерге (IIM, CIM, AXAT орындары, төлқұжат орындары, картографиялық орталықтар және т.б.), мемлекеттік қызметкерлерге, БАҚ пен білім-ғылым саласындағы мамандарға, сондай-ақ барша жұртшылықтың пайдалануына арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.