Сипаттама
Монография қазақ фольклорында архаикалық аталып келген тарихи жыл санауға дейінгі орын алған антикалық сарындарды тарихи-типологиялық, тарихи-мәдени байланыстар тұрғысынан зерттеуге арналған. Қарастырылатын фольклорлық сюжеттер мен сарындар, образдар, жанрлар антикалық грек мифімен типологиялық талдауға алынған. Қазақ және антикалық грек фольклорындағы сарындар мен образдардың ортақтығын анықтай отырып, қазақ фольклорының архаикалық сипатты сақтағаны дәлелденген. Кітап қазақ тарихы мен мәдениеті, фольклорын зерттеуші мамандарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттеріне ғылыми еңбек ретінде қажет әрі халық мұрасын бағалай білетін көпшілік қауымның да қызығушылығын тудырады.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.