Сипаттама
Ән айтатындар көп, әнші аз. Сол аздың бірі hәм бірегейі – кеше ғана арамыздан өткен, нұрлы жүзі естен кетпес аяулы апамыз Әмина НҰҒМАН еді. Халық жадынан өшіп бара жатқан көптеген әндердің қайта тіріліп, рухани қазынамызға қосылуы сол кісінің атымен тікелей байланысты. Халық әндерін өзіне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар оны зерттеп, насихаттауда ұлан-ғайыр еңбек етті. Орындаушылық өнерді ғылыммен ұштастыра отырып, “Қазақтың әншілік дәстүрі” атты көлемді докторлық монография жазды.
Бұл еңбек педагогикалық жоғары оқу орындарына оқулық ретінде және жалпы өнерсүйер қауым назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.