Сипаттама
Ескіден еміс-еміс жеткен Қазақ шежіресінің де ежелгі тарихты тани түсуде өзіндік орны бар дерек деп қарасақ, сөз жоқ, дұрыс болар еді. Кеңестік идеологияға жүгінген заманда Қазақстанның тарихын зерттеушілер “ұлтшыл”, “фальсификатор” деген қауіпті атқа қалмау үшін, орыс оқымыстыларының жазып кеткендеріне баса жүгінуді дәстүрге айналдырған еді. Бұл тәсіл, бір жағынан, жауапкершілігі жеңіл болса, екінші жағынан, орынсыз сын, бөспелі талас туғыза қоймайтын “сара” жол еді ғой. Сол себепті, шежіре талдау мен талқылаудан өтпей, “отбасы, ошақ қасының” әңгімесі шеңберінен шыға алмай келгені де рас. Олай болса қоғамдық құрылыстың күнгейі мен көлеңкелі жақтарын еш бүкпесіз талдай отырып, оған өзіндік баға беруге тырысып, егеменді елдің бірлігін дәріптеген, өзіндік айтар ойы бар бұл кітаптың арқалаған жүгі де ерекше. Басылым оқырманынан өзіне тиесілі әділ бағасын алады деген үміттеміз.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.