Сипаттама
«Атамұра» баспасынан Қазақстандағы Гёте-Институтының қолдауымен «Таңғажайып глобус» атауымен неміс ертегілер топтамасының қазақ тіліндегі аудармасы. Суретті кітаптың ерекшелігі — ертегілер қазақ және неміс тілдерінде қатар беріліп отыр. Оқырмандар Мартин Лютерден бастап, Эльмар Шенкель, Катрин Дройт, Вильгельм Кропп және Марие-Кристине Ромирердің ертегілерімен қауышады.
Ертегілер балабақша бүлдіршіндері мен мектептің бастауыш сынып оқушыларына, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға арналған. Жинақ балаларды кітап оқу машығына, қоршаған ортаны тануға, ізгілікке баулиды.
Ертегілерді Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, аудармашы, ұстаз Рауза Мұсабаева неміс тілінен қазақшаға тікелей аударды. Ол отыз жылдан астам уақыттан бері неміс көркем шығармаларын қазақшаға аударумен айналысып келеді.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.