Сипаттама
“Өмір — Жаратқан иемнің адамзатқа берген баға жетпес несібесі. Аз ба, көп пе, сол несібең таусылғанша пешенеңе жазылғанның бәрін көресің. Әр адамның өз өмір жолы, өз тағдыры бар. Сенің өмірің өз жекеменшігің, шығар биігің, түсер ылдиың саған тиесілі. Сонымен бірге жер басып, тірі жүрген соң тіршілік ережелеріне бағынасың, қоғам бағытына бейімделесің. Амалсыз қатаң қажеттілік туғанда оған да көндігесің. Өйткені әлем жаратылғалы бері бір арнаға түскен, бір ізбен жүрген бірқалыпты өмір ешқашан болмаған. Ала-құла, теңбіл-теңбіл тіршілік ағымы еркіңнен тыс іліп әкетеді” – деп басталатын бұл кітапты жазу туралы ой авторға каратин кезінде келеді. Алғашында “Күретамырдың” жалғасын жазуға отырмақ болғанымен, қолы жүрмей қояды: “Қағазға қанша қарамайын десем де, қағаздан қашып қайда барам, осы үйдің бар байлығы қағаз болса. Ат айналып қазығын табатыны секілдіайналып келіп қағазға бас тіредім. Сарғайған, шет-шеті жырымдалған көне дәптерлердің беттерін аударған сайыналыста қалған өмір кезеңдерімдіқайтадан өткеріп жатқандай күйге ендім. Олай да бұлай ұйытқи соғып басылатын жел секілді ағылып-төгіліп сөйлеген талай сөз ұмытылып тек қағазға түскені сақталады екен… …қазірше аманат жаным аман тұрғанда мына алдымда жайылып жатқан жазбалардың бас-аяғын біршама жинақтауым керек деген шешімге келдім,” – дейді жазушы.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.