Сипаттама
Осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын жазылған, төрт ғасыр бұрынғы заманды баяндайтын осынау роман әлі күнге тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Қым-қуат сюжет пен өрмінезді кейіпкерлер қай елде, қай кезеңде өмір сүріп жатқанына қарамастан, кез келген адамды баурап әкетеді. «Үш ноян» бірнеше тілге аударылған және әлем бойынша кино, телесериал, мультфильм түрінде өте көп экранизацияланған. Тіпті алғашқысы 1898 жылы дыбыссыз кино түрінде Британияда шыққан. Кино өнерінің өзі 1895 жылы ғана пайда болғанын ескерсек, «Үш ноянның» қаншалық қызықты, әрі киноға сұранып тұрған туынды екенін түсінуге болады. Бірінші кітаптағы шым-шытырық оқиға одан сайын күрделеніп барып, шешімін табады. Д`Артаньян мен оның үш ноян досы, миледи, кардиналдардың оқыс әрекеттері мен көзсіз тәуекелдері еліктіріп, жетелейді де отырады. Бұлай болуының бір себебі – автор «Үш ноянды» о баста газетке арнап жазған, яғни қазіргі сериалдар сияқты етіп, әр нөмірге бір тарауын жазып отырған. Франция оқырмандары енді не болар екен деп, газеттің келесі санын асыға күткен. Кейін кітап боп шыққаннан бастап, Дюманың оқырмандары романды бір деммен оқып шыға алатын болды.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.