Сипаттама
Ақын, журналист, «Рух» халықаралық әдеби байқауының жүлдегері Ырысбек Дәбейдің бұл кітабына көңіл тербеген көркем сөзді эсселері мен хикаяты, сондай-ақ ел басына күн туған нәубет заманның шындығын бейнелеген романы топтастырылды.
«Жылқы атылған жаз» романы тұңғыш рет басылып отыр. Шығармада өткен ғасырда аймағына сыйлы болған, қажы Есберген әулетінің аласапыран кезеңдегі тағдыр талайы баяндалады. Замана дауылы қанша шайқаса да құламаған үш буын ұрпақтың ізбасары бүгінде тамыры тереңге кеткен бәйтерек.
Кітап сөз сырын түсінер оқырманның көңілінен шығары күмәнсіз.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.