Сипаттама
Баланың ақыл-ойын, қиялын ұштап, эстетикалық сезімін дамытып, биік талғамын қалыптастыруға көмектесетін құралдың бірі – ертегі. Ертегі қиял элементтері мен таңғажайып оқиғалар араласқан, есте жоқ ескі заманның әңгімесі десек те, ол әр халықтың тыныс-тіршілігінен, қоғамдық құрылысынан, тарихынан хабар береді. Сонымен бірге ертегі балалардың бойына адамгершілік, еңбекқорлық, батырлық секілді қасиеттерді дарытып, мінез-құлқын тәрбиелеуге сеп болады.
Белгілі әдебиетші, қазақ телевизиясына да елеулі еңбек сіңірген Ғалым Доскен аударған әлем халықтарының ертегілері түрлі өнерпаздардың тағылымды өмірінен, әртүрлі кәсіп пен өнер түрінен хабардар етіп, соларды үйренуге қызықтырады. Сондай-ақ кішкентай балдырғанды да , ересек оқырманды да дүниенің қыры мен сырын ұғып-білуге, әлем халықтарының болмысымен, ерекшелігімен танысуға жетелеп, дүниетанымының кеңеюіне әсер етеді.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.