Ноғайлы (зерттеу)

2,000 

Сипаттама

Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Әнес Сарайдың өткен жылы «Көнеліктер» атты зерттеу еңбегі жарық көрген еді. «Ноғайлыны» сол еңбектің жалғасы десе болады. Әнес Сарай Ноғайлы тарихын «Қырымның қырық батыры» эпосымен салыстыра отырып, тарихтың бұрын айтылмаған тың беттерін тірілтіп, халқымыздың өткен-кеткені туралы көкжиегімізді кеңейтеді. Едіге, Нұрадын, Мұса, Жаңбыршы, Орақ, Мамай, Қарасай, Қазилардың өмір-деректерімен етене танысып, белгілі тұлғалар туралы жаңа көзқарас қалыптастырамыз. Сондай-ақ еңбекте Сыпыра жырау, Асан Қайғы , Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған өмірі туралы тың деректермен ұшырасып, олардың өмір сүрген кезеңдері туралы соны, тың байламдар жасалған.

Әнес Сарайдың тарихи ізденістеріне тән бұлтартпас деректер негізінде жазылған бұл жаңа еңбек халқымыздың өткені мен болашағына бей-жай қарамайтын қалың оқырман қауымға арналған.

Қосымша ақпарат

Авторы

Әнес Сарай

Баспасы

Арыс баспасы

Мұқабасы

Қатқыл

Бет саны

476

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Ноғайлы (зерттеу)” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *