Сипаттама
Кітапты оқып отырып, табан астында сөз тауып, ойламаған жерден тыңдаушысының езуіне күлкі сыйлайтын ағаның жарқын келбетін көз алдыңа елестетесің. Сөйтесің де, өзің де еріксіз күлесің. Өзінің сүйікті жары Зейнептің әзіл көтеретін мінезіне үйренген ағамыз қандай да қалжыңын соған қарай жаудырып отырады. Әйелімен әзілдескен әңгімелерін оқып отырып, көз алдыңа тәтті бір отбасыны елестету қиын емес. Аяқ астынан шымшып алып, қытығыңа тиетін қалжыңдары мен қағытпаларын оқу да, ұғу да жеңіл. Әзілдердің орынсыз айтылған тұсын да кездестіре алмайсың.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.