Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Қолыңызға кештеу тиіп отырған журналымыздың бұл санында Қазақстанның ең бір тарихи, қазыналы да қабырғалы өңірі – Атырау облысы туралы кеңірек мәлімет ұсынып отырмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» идеясы ел-жұрттың керемет қолдауына ие болды. Расында да қазақ баласы үшін туған жерінен, ата жұртынан киелі ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы бойынша Атырау облысында жалпыұлттық маңызы бар 7 нысан, жергілікті маңызы бар – 20 нысан тізімі жарияланған екен. Біз осынау қасиетті мекендерінің тізімімен оқырмандарымызды таныстырып отырмыз. Алдағы сандардан Ақтөбе өңіріндегі киелі нысандар көріне бастайды. Мұның бәрі журналымыздың қанаты кеңейіп, өрісі өсе бастағанының көрінісі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!
«Туған ауылымның болашағы үшін маңызды қандай іс атқара аламын?» деген сұрағыма жауап тапқандай боп осы істі қолға алдым.
Егіндікөл ауылының тамаша сұлу табиғаты, тамыры терең тарихы бар. Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдан бүгінгі күнге дейін, яғни 2500 жылдай үздіксіз ата-бабамыздың іздері сайрап жатқан, ар жағында да құтты мекен болғаны күмәнсіз қасиетті қоныс. Бұлақ, көл, өзен, өркеш-өркеш құм, шағыл, ну орман, терең сайлар, шөбі шүйгін жазық дала. Осының бəрі бір ауылдың маңында болуы қандай керемет?! Мұнда мекендейтін қаншама жан-жануарлар, аң мен құстар, судағы балықтар табиғатқа ерекше сəн берсе, ебін тапқандарға табиғи азық. Тұрмыстық жағынан газ, су, телефон үй-үйге кіріп тұр. Жылдамдығы жоғары интернет, бірнеше ұялы байланыс операторы тағы бар. Өзгелерге осыны айтсаң таң-тамаша болады. Бұл жер жəннаты ғой деп бір көруге асық боп қызығады.
Айбарша МҰҚАСОВА,
Бейжің мұнай университетінің магистранты
ХХІ ғасыр - бой емес, ой жарыстыратын заман. Бүгінгі таңда жастардың әлемдік деңгейдегі білім алуы үшін елімізде түрлі бағдарлама қолға алынып, іске асуда. Назарларыңызға бала күнгі арманы орындалып, шетел асып білім алған тасқалалық Айбарша Мұқасовамен болған сұхбатты ұсынамыз.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463