Сипаттама
Кітап қарапайым мектеп оқушысы Дарынның басынан өткен оқиға туралы. Әлішер есімді сыныптасы оны келемеждеп, қорқытып күн көрсетпейтін болады. Ол мектептегі жағдайды ата-анасына айтпайды, себебі бұл Әлішердің өшпенділігін одан сайын үдетіп жібереді деп ойлайды. Мұны білген мұғалімі Дарынның ата-анасын хабардар етеді. Содан бастап Дарын әлімжеттікке қарсы тұру үшін ата-анасымен бірге жоспар құрады. Мұндай жоспар сен үшін де маңызды болуы мүмкін. Онда бұзақы балалармен күресуде қолданылатын түрлі стратегиялар бар. Оларды ата-анаңмен, туыстарыңмен және достарыңмен бірге үйренсең де болады. Өз бетіңмен айна алдында немесе күшігің мен мысығыңның алдында жаттығып көр. Көптеген жайттардың бір сәттеөзгере қоймайтынын еске сақтағайсың, бірақ белгілі бір жоспар арқылы өзгерту әбден мүмкін. Жүрексінуді азайтсаң, жоспарыңның нәтижесін көрер сіт те алыс емес.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.