Сипаттама
Кітапта әке-шешесімен қайда барса да айырылмай қоюы, соның салдарынан туындайтын қорқыныш сезімдері қарастырылады. Берілген мысалдар кітапты балаларға да, ата-аналарға да оқуға ыңғайлы әрі жеңілдете түседі. Авторлар жаттығуларды баланың түсігіне ыңғайлап, орындауға оңай етіп берген. «Алыстағым келмейді» кітабы ата-аналар мен балаларға айырылысудың негізінде жатқан және одан туындайтын түрлі күрделі эмоциялар мен сезімдерді түсіндіреді және қиындықтарды жеңу үшін когнитивті-мінез-құлық әдіс-тәсілдерін қолдануға бейімдейоді. Әдетте ол әдіс-тәсілдер осы сынды алаңдаушылық эмоциялары мен сезімдерімен күресуге жиі қолданылады. Айқын мысалдар, тартымды иллюстрациялар, жан-жақты түсіндірмелер мен сурет салуға және жазбалар жазуға арналған кеңестер эмоциялар мен сезімдерді бақылаудың әдіс тәсілдерін үйренуді оңайлатады, әрі баланың сабырлы мінез-құлық қалыптастыруына көмектеседі. Интерактивті, өз-өзіне білім беруге бағытталған бұл кітап — мінез-құлқын жақсы жаққа өзгертуге тырысқан балаларды тәрбиелеуге, ынталандыруға және талпындыруға таптырмас құрал.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.